Тақырыбы: MS Word – мәтіндік редакторында кесте құру.
Дәріс жоспары:
1. Кестелердi құру.
2. Құжатқа графикалық объектiлер енгiзу.
3. Құжатты баспаға шығару.
1. Кестелердi құру.
Word мәтіндік редакторы жұмыс кезiнде реттелген ақпаратты жиі пайдаланамыз. Осындай реттелген, ықшам ақпаратты сақтаудың ең қолайлы тәсілі кестелер болып табылады. Кез келген кесте қатарлар мен бағаналардан тұрады, оларға мәтiн немесе сурет орналастыруға болады. Кесте құру үшін:
1)Стандартты саймандар тақтасындағы Кесте қосу батырмасы – экранда көрінген терезеде жол, баған сандарын таңдап, жылдам кесте құру;
2)КестеКесте сызу командасы – құжатқа кестені қолдан сызу. Ең алдымен сыртқы шекаралары сызылады, содан соң жеке ұяшықтарға бөлеміз;
3)КестеКесте қосу командасы – шыққан сұхбаттық терезеде қажетті баған және қатар сандарын көрсету арқылы кесте құру.
Нұсқасы салынған кестелердi толықтыра отырып өңдеу iсi Кесте (Таблица) мәзірi арқылы орындалады. Оның құрамында кестеге қосымша бағаналар немесе қатарлар қосатын, екi бағананы (қатарды) бiрiктiретiн, қажет емес бағаналарды (қатарды) алып тастайтын, мәлiметтердi сұрыптайтын т.б. командалар бар (8-сурет).
8-сурет. КестеКесте қосу (ТаблицаДобавить таблицу) командасы.
Бұл мәзірдiң ең бiр жақсы мүмкiндiктерiнiң бiрi – алдын ала терiлген мәтіндердi кестеге түрлендiру (Преобразовать в таблицу…) және керісінше. Ол үшiн терiлген мәтіннiң бағанаға бөлiнетiн аралықтарына кестелеу таңбасы орналастырылады. Ол таңбалар мәтін iшiнде қайталанбайтын тыныс белгiлерi немесе басқа таңбалар (табуляция таңбасы) болуы мүмкiн. Көбiнесе бағана аралықтары ;, : немесе табуляция () таңбаларының бiрiмен бөлiнiп тұруы тиiс. Сонан соң кестеге түрленетiн мәтін аумағын ерекшелеп аламыз да, КестеКестеге түрлендiру командасын орындаймыз. Сол сәтте бағана саны мен олардың аралығын бөлу таңбасын көрсетудi талап ететiн сұхбаттық терезесi экранға шығады (9-сурет). Бұл терезедегi бағаналар саны автоматты түрде анықталады, ал бөлу таңбасын (разделитель) өзiмiз енгiзумiз немесе таңдап алуымыз қажет.
9-сурет. КестеТүрлендiруМәтінді кестеге түрлендіру командасы.
Тор сызықтары кесте ұяшықтарының мөлшерiн белгiлеп көрсету үшiн қолданылады. КестеТорды бейнелеу (ТаблицаОтображать сетку) командасы тор сызықтарын бейнелеп көрсетуге, ал КестеТорды жасыру (ТаблицаСкрыть сетку) командасы тор сызықтарын жасыруға мүмкiндiк бередi. Бұл команда ауыстырғыштар тобына жатады, яғни оны бiрiншi рет орындау нәтижесiнде экраннан тор сызықтары алынып тасталса, команданы қайтадан орындау – тор сызықтарын қайтадан экран бетiне шығарады.
Word құжаттарында барлық кесте қатарлары мен бағаналары жiңiшке қара сызықпен бөлiнiп тұрады. Кесте ұяшықтарында мәтiннен бөлек ұяшық символы және қатар символы белгiлерi болады, олар қағазға түспейдi, экранда тек арнайы режимде ғана көрiнiп тұрады. (10-сурет).
10-сурет.Кесте бөлiктерiн өзгерту.
Word редакторында кестелердi өңдеудiң көптеген мүмкiндiктерi – ұяшықтағы мәлiметтердiң орнын ауыстыру және көшiрмелерiн алу, торлардың биiктiгi мен енiн өзгерту т.б. бар. Ол үшiн кестелердiң өңдеуге арналған белгiлi бiр бөлiктерiн алдын ала таңдап алу, яғни ерекшелеу қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |