КестеҚатарларды енгiзу (Добавить строки) командасын таңдағанда жаңа қатар ағымдағы қатардан жоғары қосылады, ал одан төмен орналасқан қалған барлық қатарлар төмен қарай жылжиды. Бағананы қосу барысында жаңа бағана ағымдағы бағананың сол жағына қосылады.
Егер кесте соңына жаңа жол қосу қажет болса, онда курсорды кестенiң соңғы ұяшығына алып барып Tab пернесiн басамыз.
Бағананың оң (сол) жағына қосымша бағана енгiзу үшiн ұяшыққа курсорды орналастырып КестеКірістіруБағана оң жақтан (Бағана сол жақтан) командасын таңдау жеткiлiктi.
Егер кесте соңына тағы бiрнеше бағаналар қосу қажет болса, онда ТүзетуБағандарды кірістіруді қайталау командасын қайталаймыз немесе F4 пернесiн қанша бағана қосқымыз келсе, сонша рет басамыз.
Кесте соңына бiрден бiрнеше бағаналарды қосу үшiн кестенiң оң жағынан бастап, қажетті бағананы белгiлеп аламыз да КірістіруБаған оң жақтан (Баған сол жақтан) командасын орындаймыз немесе саймандар панелiндегi батырмасын басамыз. Нәтижесiнде бағаналардың қажеттi саны қосылады, бiрақ олар кестенiң ортасында орналасатын болады. Мұнан кейiн кестенiң соңында орналасқан бағаналарды қайтадан белгiлеп, олардың мәлiметiн керектi орнына жылжыту қажет.
Қатарларды (немесе бағаналарды) жою үшiн, сол элементтердi таңдап аламыз, содан кейiн КестеЖоюҚатарлар немесе КестеЖою Бағандар командасын орындаймыз. КестеЖоюҚатарлар командасын орындау нәтижесiнде таңдап алынған қатарлар жойылады, ал одан төменде орналасқан қатарлар жоғары жылжиды. Бағаналарды жою барысында жойылған бағаналардың оң жағында орналасқан барлық бағаналар солға қарай жылжиды.
Егер бірнеше ұяшықтарды біріктіру қажет болса, сол ұяшықтарды белгілеп алып КестеҰяшықтарды біріктіру (ТаблицаОбъединить ячейки) командасын орындаймыз немесе стандартты құрал-саймандар тақтасындағы батырмасын басамыз. Ал егер бір ұяшықты бернеше бағанға бөлу қажет болса, ұяшықты белгілеп алғаннан соң Кесте Ұяшықтарды бөлу (ТаблицаРазбить ячейки) командасын орындаймыз немесе стандартты құрал-саймандар тақтасындағы батырмасын басамыз.
Егер де ұяшықты мәлiметтен тазарту қажет болса (яғни ұяшықты жоймай-ақ оның iшiндегiсiн жою), онда ұяшықтардағы мәлiметтердi белгiлеп аламыз да Del немесе Backspace пернесiн басамыз.
Достарыңызбен бөлісу: |