Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі аймақтық Әлеуметтік инновациялық


Кесте мәзірiндегi Кесте қасиеті (Свойства таблицы)



бет50/130
Дата06.02.2022
өлшемі18,61 Mb.
#55921
түріЛекция
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   130
Байланысты:
6. leksia

Кесте мәзірiндегi Кесте қасиеті (Свойства таблицы) командасы Кесте (Таблица), Қатар (Строка), Баған (Столбец) және Ұяшық (Ячейка) ішкі бөлімдерінен тұрады. Бұл команданың көмегiмен бағаналар енi мен биiктiгiн өзгертуге болады. Экран бетiне шыққан сұхбаттық терезеде қажеттi параметрлер енгiзiледi. Осы тәсiлмен бағана енiн өзгерту үшiн:
1)Енi өзгертiлетiн бағананы белгiлеу керек;
2)Кесте мәзірiндегi Баған (Столбец) ішкі астарлы бетiн ашу қажет;
3)Еннiң нақты сандық мәнiн “Бағана енi” өрiсiне енгiзу немесе оның мәлiметiне сәйкес еннің өлшемін орнатамыз (11-сурет);

11-сурет. Кесте мәзірінің Бағана астарлы беті.

Дәл осылай кестенің қатарының биіктігін де өзгертуге болады.


Кесте құрылған соң оның құрылымын оған қатарларды және бағаналарды енгiзу жолымен немесе олардың кейбiрiн өшiре отырып өзгертуге болады. Кесте құрылымына енгiзiлетiн бiрнеше өзгертулердi – Кесте мәзірiндегi Енгiзу (Вставить) және Жою (Удалить) командалары арқылы орындай аламыз. Оның нақты түрi команданы шақырмас бұрын кестенiң қандай элементтерi (ұяшықтар, қатарлар немесе бағаналар) таңдап алынғанымен анықталады.
Кестедегi қатар немесе бағананы алып тастау үшiн:
1. Жойылуға тиiс элементтердi белгiлеп аламыз;
2. Кесте мәзірiнiң Қатарларды жою немесе Бағаналарды жою командаларының бiрiн орындау керек.
Кесте iшiндегi мәлiметтi ғана (қатар немесе бағана жойылмайды) өшiрiп тастау үшiн өшiрiлуге тиiс мәлiметтердi белгiлеп алып Del пернесiн басу керек.
Қатарларды немесе бағаналарды қосымша енгiзу үшін қатарды немесе бағананы белгiлеп аламыз да Кесте мәзірiнен “Қатарларды қосу” (Добавить строки) немесе “Бағаналар қосу” (Добавить столбцы) командаларының бiрiн таңдаймыз немесе стандартты саймандар тақтасынан осы командаға сәйкес батырмаларды ( немесе ) бассақ та болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   130




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет