Бұрыштар (Уголки) – жаңа слайд алдынғы слайдты диагональ бойынша тiстi қиықпен жаба отырып пайда болады.
Ашылу (Открывание) – жаңа слайд бiрден тұтас экранды алып тұратын енгiзуден бұның айырмашылығы, жаңа бейне экраны сегiз бағыттың кез келгенiнде бiртiндеп ашылады.
Пайда болу (Появление) – бұрынғы слайдты жаба отырып, жаңа слайд баяу пайда болады.
Кездейсоқ ауысу (Случайный переход) – жеке слайдтардың арасындағы ауысулар әртүрлi және әрбiр жаңа слайдта кездейсоқ түрде өзгередi.
Ауысу жоқ (Нет перехода) – келесi слайдқа өту кезiнде ешқандай эффект болмайды.
Слайдтарға осы ауысулардың бiрiн қолдану үшiн слайдтарды сұрыптау режимiне көшу керек. Кез келген слайдты белгiлеген соң, оның жанама менюiнен, яғни тышқанның оң батырмасын шерткенде ашылған менюден Слайд ауысуы (Переход слайда) командасын орындаймыз. Осы кезде Слайд ауысуы сұхбаттық терезесi ашылады.
Слайд жасауда құрамдас мәтiн анимациясының варианттарын таңдау үшiн Слайдты көрсетуҚұрамдас анимация (Показ слайдаВстроенная анимация) командасын орындағанда шығатын тiзiмнен қажеттi эффектiнiң бiрiн таңдаймыз. Слайдтарды сұрыптау режимiнде осы тағайындалған эффектiлердi тек алдын ала қарай аламыз. Ал эффектiнi толық көру үшiн Слайдты көрсету (Показ слайда) режимiне көшемiз. Осы мезетте тышқанның сол жақ батырмасын шерткен сайын мәтiн элементтерi таңдалған эффектiмен пайда болады. Слайдтты көрсету режимiнен аяқталмай тұрып шығу үшiн ESC батырмасын шертемiз.