Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі аймақтық Әлеуметтік инновациялық


Слайд элементтеріне анимациялық эффектілер қосу. Презентация материалдарын баспаға шығару



бет64/130
Дата06.02.2022
өлшемі18,61 Mb.
#55921
түріЛекция
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   130
Байланысты:
6. leksia

2.Слайд элементтеріне анимациялық эффектілер қосу. Презентация материалдарын баспаға шығару.
Microsoft PowerPoint программасында әртүрлi анимациялық эффектiлер және мультимедиалық мүмкiндiктердi қолдана отырып, презентацияны жандандыруға болады. Мәтiн элементтерiнiң өзiне жеке әрiптер, сөз, абзац түрiнде әртүрлi эффектiмен пайда болатындай етiп жасау мүмкiндiгi бар. Тек мәтiн элементтерi емес графикалық объектiлер, диаграммаларға да анимациялық эффектiлер қосуға болады.
Слайд элементтерiне анимациялық эффектiлер қосу үшiн, Слайдты көрсетуАнимация қосу (Показ слайдаНастройка анимации) командасын орындаймыз. Осы кезде Анимация қосу (Настройка анимации) сүхбат терезесi ашылады (7-сурет). Бұл сұхбаттық терезеде слайдтың әрбiр элементiне анимация қосу, дыбыстық эффект беру, осы элементтердiң пайда болу уақыты мен ретiн ауыстыру және анимациядан кейiн түсiн өзгерту немесе басқа эффект беру әрекеттерiн орындай аламыз. Сұхбаттық терезенiң Уақыт (Время) астарлы бетiне көшемiз де, Анимациясы жоқ объектiлер (Объекты без анимации) тобындағы қажеттi элементтi белгiлеп, Қосу (Включить) батырмасын шертемiз. Слайдтың барлық элементтерiне анимация қосу үшiн, олардың әрқайсысын CTRL пернесiн басып тұрып белгiлеймiз немесе жеке-жеке жоғарыда айтылған әрекеттi қайталаймыз.

7-сурет. Слайдты көрсету– Анимация қосу (Показ слайда – Настройка анимации) командасы

Осы әрекет орындалғаннан кейiн, анимация қосу әрекетi таңдалған элементтердiң тiзiмi Анимациялар ретi (Порядок анимации) өрiсiнде көрiнедi. Бұл өрiстiң оң жағындағы батырма слайд элементтерiнiң пайда болу ретiн өзгерту мүмкiндiгiн бередi. Ретiн өзгертуге қажеттi элементтi тышқанды шерту арқылы белгiлеп аламыз да, жоғарғы жағындағы батырманы шертсек, оның пайда болуын бiр саты тездетедi және керiсiнше. Яғни егер екiншi тұрған элементтi белгiлеп, жоғарғы жағындағы батырманы шертетiн болсақ, слайдтты көрсету кезiнде алдымен екiншi элемент одан кейiн бiрiншi элемент пайда болады. Бұл өрiстiң оң жағында слайдтың үлгiсi орналасқан, Көру (Просмотр) батырмасын шерту арқылы эффектiлердi қадағалап отыра аламыз. Уақыт (Время) астарлы бетiнде элементтердiң пайда болу уақытын көрсету мүмкiндiгi бар. Анимациялар ретi (Порядок анимации) өрiсiнде қажеттi элементтi таңдап алып, тышқанның шертуiмен немесе автоматты түрде неше уақыттан кейiн пайда болуы керектiгiн белгiлей аламыз.


Эффектiлер iшкi бетiнде Анимациялар ретi (Порядок анимации) өрiсiнде қажеттi элементтi белгiлеп, эффектiнi, дыбысты және мәтiн элементтерiнiң пайда болуын және анимациядан кейiнгi түсi мен эффектiсiн таңдай аламыз.
Егер, слайдтқа диаграмма енгiзiлген болса, келесi Диаграммалардағы эффектiлер (Эффекты в диаграммах) iшкi бетiне көшiп, Диаграмма элементтерiн шығару (Вывод элементов диаграммы) тiзiмiнен анимация тәсiлiнiң бiрiн таңдаймыз. Бұл тiзiмнiң құрамы слайдтағы диаграмма типiне байланысты болады. Одан кейiн Эффектiнi және дыбысты таңдаңыз (Выберите эффект и звук) тобынан қажеттi параметрлердi тағайындаймыз. Уақыт iшкi бетiнде қажеттi уақыт аралығын белгiлеймiз.
Диаграмманың жеке элементтерi үшiн, жоғарыдан, төменнен, т.б. “ұшу” эффектiлерiн қолдана алмаймыз, сондықтан, Барлығы бiрге (Все вместе) өрiсiн таңдаймыз.
Microsoft PowerPoint программасында дайындалған презентацияны көрсету кезiнде музыкалық, дыбыстық эффектiлердi және бейнеклиптердi қолдану мүмкiндiгi бар. Бiрқатар дыбыстар (мысалы, жазба машинкасының дыбысы, қол шапалақтау т.с.с) Анимациялар эффектiлер (Эффекты анимации) саймандар тақтасынан iске қосылады. Бұдан басқа коллекцияда көптеген музыкалар мен бейнеклиптер бар. Осы коллекцияны қолдану үшiн, Енгiзу – Кино және дыбыстар (Вставка – Кино и звуки) меню командасының қажеттi iшкi командасының бiрiн орындаймыз.
Iшкi командалары: Коллекциядағы кино (Кино из коллекции), Файлға сақталған кино (Кино из файла), Коллекциядағы дыбыс (Звук из коллекции), Файлға сақталған дыбыс (Звук из файла), Компакт дискiдегi жазба (Запись из компакт диска), Дыбыс жазу (Записать звук). Коллекциядағы кино немесе Коллекциядағы дыбыс командалары орындалса, Microsoft Clip Gallery сүхбат терезесiнiң, сәйкес Бейне (Видео) немесе Дыбыс (Звук) iшкi беттерi ашылады. Қажеттi бейнеклип немесе дыбыс шарт белгiсiн ерекшелеп Енгiзу (Вставить) батырмасын шерту арқылы, оны слайдқа енгiзе аламыз.
Қажеттi өрiстердi белгiлеп Параметрлер батырмасын шертемiз. Қосымша параметрлер (Дополнительные параметры) сұхбаттық терезесi ашылады. Бұл сұхбаттық терезеде музыканы үздiксiз ойнату, аяқталған соң басынан бастап қою мүмкiндiгi бар. Үздiксiз тыңдау (Непрырывное воспроизведение), Аяқталған соң басынан бастап қою (После окончания установить на начало) тиiстi өрiстiң қанат белгiсiн көрсетiп қоямыз.
Дыбыс, музыка және бейнеклиптер PowerPoint программасында объект түрiнде енгiзiледi. Дыбыс немесе бейнеклиптердi әмбебап ойнауыштың (универсальный проигрыватель) объектiсi ретiнде тыңдау үшiн Енгiзу – Объект (Вставка – Объект) командасын орындаймыз да, Мультимедиа клипi (Клип мультимедиа) қатарында тышқанды шертемiз. Бұл кезде дыбысты немесе бейнеклиптi тыңдау Windows жүйесiмен бiрге орнатылған әмбебап ойнауыш көмегiмен жүзеге асады. Әмбебап ойнауыш мультимедиа файлдарын және компакт-дискiлер мен бейнедискiлер сияқты құрылғылардан тыңдау мүмкiндiгiн бередi.
Microsoft PowerPoint программасының әрбiр слайдты көрсетуге қанша уақыт кеткенiн қадағалап, есептеу мүмкiндiгi бар. Слайдтарды көрсетуге қанша уақыт кеткенiн қадағалау арқылы алдын ала презентацияға дайындалуға болады.
Презентациядағы материалдарды баяндауға кеткен уақытты қадағалау үшiн, слайдтарды сұрыптау режимiне көшемiз. Слайдтарды сұрыптау тақтасындағы Уақытты қадағалау (Настройка времени) батырмасында тышқанды шертемiз немесе Слайдтты көрсету (Показ слайда) режимiнен басқа режимнiң кез келгенiнде Слайдтты көрсету – Уақытты қадағалау (Показ слайда – Настройка времени) командасын орындаймыз. Осы кезде экранда бiрiншi слайд оң жақ төменгi шетiндегi секундомермен бiрге пайда болады. Презентацияны баяндауды бастай беруге болады. Келесi слайдқа ауысу үшiн, тышқанның сол жақ батырмасын шерту керек. Қайталау (Повторить) батырмасын шерту арқылы барлығын басынан бастауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   60   61   62   63   64   65   66   67   ...   130




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет