бағана – қажеттi бағана тақырыбындағы таңбаланған әрiпте (A,B,C...) тышқанның сол жақ батырмасын бір рет шерту;
қатар – қажеттi қатарға сәйкес келетiн нөмiрде (1,2,3...) тышқанның сол жақ батырмасын бір рет шерту;
бiрнеше бағаналар – бiрiншi бағанада тышқанды шерткен соң, тышқанның сол жақ батырмасын басқан күйде соңғы бағанаға жеткiземiз;
жұмыс парағын – бағаналар таңбаланған әрiптер жолы мен қатар нөмiрiнiң қиылысқан жерiнде тышқанды шертемiз (кестенiң сол жақ жоғарғы шетi).
Пернелер көмегiмен кесте бөлiктерiн белгiлеу үшiн [Shift]+ [F8] пернелерiн бір рет басамыз да, [Shift] пернесін басулы күйде ұстап тұрып курсорды басқару пернелері арқылы белгiлеу режимiне көшемiз. Белгiлеу режимiнен [Esc] пернесiн басу арқылы шығамыз.
2. MS Excel кестесiнде мәліметтерді енгізу және форматтау. Кестенің ұяшықтарына мәліметтердің келесі үш типінің біреуін ғана енгізе аламыз: