F4 пернесін басу
|
Сілтеме типі
|
Бір рет басу
|
Абсолютті сілтеме ($A$9)
|
Екі рет басу
|
Аралас сілтеме (қатар бойынша абсолютті) (A$9)
|
Үш рет басу
|
Аралас сілтеме (баған бойынша абсолютті) ($A9)
|
Төрт рет басу
|
Қалыпты режім (A9)
|
Ұяшықтардағы мәліметті арнаулы автоформат көмегімен өзгертуге болады. Қажетті ұяшықтарды белгілеп алғаннан соң ФорматАвтоформат... командасын орындаймыз (7-сурет). Ашылған сұхбаттық терезеден өзіміз қалаған үлгіні таңдап аламыз.
7-сурет. ФорматАвтоформат... командасы.
Мәліметті енгізу барысында ТүзетуАлмастыру... командасының немесе CTRL+H пернелер комбинациясының көмегімен қажетті өзгерісті енгізуге болады. Ашылған сұхбаттық терезеде Іздеу: қатарына өзгертілетін сөз, сөз тіркесі, сөйлем енгізіледі, ал Алмастыру мынаған: қатарына ауыстырылған сөз, сөз тіркесі, сөйлем жазылады. Алмастыру немесе Түгелімен алмастыру командаларын таңдау арқылы ауыстыруды орындаймыз (8-сурет).
8-сурет. ТүзетуАлмастыру... командасы.
8-суреттегі Наурыз сөзін Сәуір сөзімен автоматты түрде ауыстырылған терезе 9-суретте көрсетілген.
9-сурет. Автоауыстырудан кейінгі терезе.
Кестенi құрып, форматтап болғаннан соң файлыңызды өзгертуден қорғау мүмкiндiгi бар. Excel кестелерiнде жұмыс кiтабын тұтас күйiнде, жұмыс парағын немесе бiрнеше ұяшықтарды өзгертуден қорғауға болады. Қорғаныс әрбiр ұяшыққа әсер етедi де, қорғаныс алып тасталғанша сол ұяшықтағы мәлiметтердi өзгерту мүмкiндiгi шектеледi. Әдетте, қорғаныс есептеу формулалары, кестенiң тақырыптары т.с.с мәлiметтерге қойылады.
Достарыңызбен бөлісу: |