3. MS Excel электрондық кестесінің функциялары.
MS Excel электрондық кестесінде математикалық, финанстық, статистикалық және логикалық функциялардың жиыны ендiрiлген. Егер кестеге бiрнеше сандар енгiзiлетiн болса, Excel программасы оларды қарапайым арифметикалық ортасын табудан бастап, күрделi тригонометриялық есептеулердi жасауға 300-ден аса тәсiлмен өңдей алады. Excel функциялары – программа жадында сақталып тұрған арнайы формулалар болып табылады. Әрбiр функция – функцияның аты мен оның аргументi арқылы өрнектеледi. Аргументтер дегенiмiз- нәтиже алу үшiн қолданылатын мәлiметтер. Функцияның аргументi сiлтемелер немесе атау, мәтiн, сан, уақыт немесе мерзiм бола алады. Аргументтер функция атының оң жағында жай жақшаның iшiнде жазылады.
MS Excel электрондық кестесіндегі Функция шебері (Мастер функций) дайын формулаларды есептеуге арналған. Функцияны іске қосу үшін ВставкаФункция... командасын орындаймыз немесе стандартты саймандар тақтасынан батырмасын шертеміз. Функция шебері екі қадамнан тұрады:
1) бірінші қадам – қажетті функцияны іздеу, категорияны және функцияны таңдау бөлімдерінен тұрады (10-сурет).
10-сурет. Функция шеберінің сұхбаттық терезесі.
2) 2-ші қадам – функцияны берілген аргументтері бойынша есептеу бөлімдерінен тұрады, мұндағы:
1 – аргумент енгізілетін функция аты;
2 – аргументтер енгізілетін өріс;
3 – аргументтер енгізілетін өрісті орау батырмасы. Егер өріс ораулы болса, осы батырманы қайта басу арқылы ашамыз;
4 – аргументтер мен функцияның ағымдағы мәні;
5 – функцияны бейнелеу аймағы;
6 – берілген функция жөнінде анықтама алу батырмасы.
Функциялар есептеулердi ықшамды күйде жазу үшiн қолданылады және мынадай түрде жазылады. Мысалы:
Достарыңызбен бөлісу: |