Үшiншi және төртiншi жолдар Стандартты және Форматтау саймандар тақтасының аспаптары.
Стандартты саймандар тақтасында орналасқан батырмалар жиi орындалатын командалардың әрекеттерiн қайталайды. Олар файлды сақтау, оқу, қағазға басу, көшiру, енгiзу, сандардың қосындысын табу, мәлiметтердi реттеу және т.б. әрекеттердi жылдам орындау мүмкiндiгiн бередi.
Форматтау саймандар тақтасындағы батырмалар қарiп (шрифт) форматын таңдау мүмкiндiгiн бередi: мәтiндi жартылай қарайтылған, курсивтi, асты сызылған етiп жазу, мәтiндi туралау, сандарды форматтау, жақтау мен түстердi қолдана отырып, кестенi безендiру әрекеттерiн жылдам орындау iстерiн атқарады.
Достарыңызбен бөлісу: |