Орналастыру шебері (мастер подстановок) – бірінші кестенің өрісін екінші бір кестедегі басқа өріспен алмастырады. Шебер жұмысының бірінші қадамында таңдауға тиісті мәндер тізімі бейнеленеді, яғни орналастыру шебері мәндерді кестеден немесе сұраныстан алатыны анықталады (9 - а) сурет). Әрі қарай (Далее) батырмасын шерткенде мәндерімен берілген кесте немесе сұранысты таңдау сұхбаттық терезесі шығады (9 - ә) сурет) .
а) ә)
Әрі қарай (Далее) батырмасын басқанда Мүмкін өрістерден орналастыру бағанына қажетті өрістерді таңдау ұсынылады (9- б) сурет). Мұндағы:
- таңдалған өрісті оң жаққа көшіреді; - тізімдегі барлық өрісті оң жаққа көшіреді; - таңдалған өрісті сол жаққа қайта көшіру; - барлық өрісті сол жаққа қайта көшіру.
б) в)
Келесі сұхбаттық терезеде (9- в) сурет) орналастыру шеберінің таңдалған өріс бағандарының шекарасын қалыпқа келтіріп Әрі қарай (Далее) батырмасын шертеміз. Бұл командадан кейін шыққан сұхбаттық терезеде байланыстан кейінгі мүмкін болатын өрістер бейнеленеді (9.3.6- г) сурет). Соңғы сұхбаттық терезеде (9.3.6- д) сурет) орналастыру өрісіне қолтаңба (подпись) беріледі. Қолтаңба үнсіздік бойынша өріс атауындай етіп анықталады, бірақ қолданушы оны өз қалауымен өзгертуіне болады. Сонан соң Дайын (Готово) батырмасын басамыз.
г) д)
9-сурет. Орналастыру шеберінің сұхбаттық терезелері.
Шебер жұмысы аяқталған соң, оның жұмысын кестенің құрастырушы терезесінде талдауға және кестені ашып көруге болады. Сонда Таблица 1 кестесінде Таблица 2 кестесіндегі өріс мәліметтерімен толтыруға мүмкіндік жасалған жаңа өріс пайда болады. Ол үшін сол ұяшықта тышқан нұсқағышымен бір рет шерту арқылы Таблица 2 кестесінен алынған өріс мәліметтерінен қажетті мәліметті таңдап, оны курсормен бір рет шерту керек (10-сурет).
10-сурет. Орналастыру шебері жұмысының нәтижесінде қосылған өрістер.
Кестені Кесте шебері көмегімен құру барысында программа өзінде арнайы дайын тұрған кестелерді пайдаланады. Кесте шебері 4 қадамнан тұрады, оның әр қадамына сәйкес сұхбаттық терзелер ашылып, онда тиісті жұмыстар атқарылады:
1-қадам: Ашылған сұхбаттық терезеде кестелер үлгісі тізімінен таңдалған өрістер үлгісіндегі тізімінен жаңа кестеге қажетті өрістерді таңдап Әрі қарай (Далее) батырмасын шертеміз (11-сурет);
2-қадам: Ашылған сұхбаттық терезеде кестеге жаңа атау беріп, оның кілттік өрісін анықтау режиімдерінің бірін таңдап Әрі қарай батырмасын шертеміз. Кілттік өрісті анықтау режимінің екі жағдайы бар: автоматты түрде анықталатын; құрастырушының өзі анықтайтын. Яғни біріншісінде, үнсіздік бойынша программаның өзі анықтайды, екіншісінде құрастырушының өзі сұхбаттық терезе сұрақтарына жауап бере отырып анықтайды (11- ә) сурет). Кілттік өрісті автоматты түрде анықтауға мүмкіндік берейік, ал өрістің атын Байланыстар деп өзгертейік;
Достарыңызбен бөлісу: |