Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Қайнар Академиясы


Азаматтық іс жүргізу қатынастың субъектілері және оларды топтастыру, олардың құқықтары мен міндеттері



бет6/7
Дата06.02.2022
өлшемі73,45 Kb.
#81788
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Азаматтық іс жүргізу

Азаматтық іс жүргізу қатынастың субъектілері және оларды топтастыру, олардың құқықтары мен міндеттері
Субъектілер, яғни азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастарына қатысатын немесе қатыса алатын адамдар үш топқа бөлінеді.
Азаматтық іс жүргізу қатынастарынын субъектілері - азаматтар мен заңды тұлғалар бола алады. Соның қатарына азаматтық іс жүргізу қатынастарына - шетел азаматтары, азаматтығы жоқ адамдар және шетелдік заңды тұлғалар қатыса алады. Процеске қатысушылардың бәрін, олардың іске қатынастығына орай, белгіленген топтарға бөлінеді: сот, іске қатысушылар және сот төрелігін жүзеге асыруына жәрдемдесушілер.
Эмансипация (лат. Emancіpatіon) – тәуелділіктен, бағыныштылықтан, езілуден, соқыр сенімнен босату, арылту деген мағынаны білдіреді.
Ал азаматтық құқықта – кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімді толық әрекет қабілеттілігі бар деп тану.
Егер 16 жасқа толған азамат еңбек шарты негізінде немесе ата-анасының, бала қылып алушысының келісімімен жұмыс істейтін болса, онда оны қорғаушы және қамқоршы органдардың шешімімен толық әрекет қабілеттілігі бар деп тануға болады. Эмансипация ата-аналарының, бала қылып алушылардың келісімімен жүргізіледі, ал олар болмаған жағдайда соттың келісімі керек болады
Прецедент – бұдан бұрын орын алған және осы кездегі ұқсас әрекеттерге үлгі немесе негіз боларлықтай оқиға, жағдай, әрекет.
Ұқсас жағдайлар туындаған кезде, үлгі ретінде қарастырылатын белгілі бір жағдайдағы тәлім-жосық.
Coт прецеденті — соған ұқсас істерді шешу кезінде не міндетті күші болмайтын заңды түсіндіруде үлгі қызметін атқаратын сол немесе төменгі сатыдағы соттар үшін міндетті болып табылатын нақты іс бойынша шешім.
Соттың үлгі боларлық өнегесі оның міндеттілігін мойындайтын елдерде, құқықтың қайнар көзі болып табылады.
Құқықтың негізгі көзі ретінде сот өнегесі мойындалатын құқық жүйесі, яғни әлдебір іс бойынша шығарылған шешім, соған ұксас істі қарастыру кезінде тең және төмен сатыдағы барлық соттар үшін міндетті болып саналады.
Бұл жүйе сотқа, тиісті заңның болмауы жағдайында ғана емес, сондай-ақ айқын нормалар жетіспеушілігі болған кезде, құқықтық шығармашылық міндеттерін орындауға мүмкіндік береді. Ұлыбритания (Шотландияда өздерінің ерекше құқығы әрекет ететіндіктен, дәлірек айтқанда Англия үшін) және ағылшын құқығын қабылдаған басқа елдерге тән. Өнегелі құқық аясында: жалпы құқық және әділеттілік құқығы түріндегі екі тармақ қалыптасты.
Қорытынды
Азаматтар мен заңды тұлғалар әртүрлі іс – әрекет жасасу кезінде өзара әртүрлі қоғамдық қатынасқа түседі. Құқықтық қатынас – құқық нормалары мен реттелу нәтижесінде пайда болған қоғамдық қатынастың бір түрі . Қоғамдық қатынасты азаматтық – құқық нормалары арқылы реттеу нәтижесінде заңды сипат алып , азаматтық – құқықтық қатынас пайда болады. Азаматтық құқықтық қатынас – бұл азаматтық – құқық нормалары мен реттелінетін қоғамдық қатынас.
Азаматтық – құқықтық қатынас барлық қоғамдық қатынас сияқты тұлғалардың өзара қатынас болып табылады. Онда кем дегенде екі тарап болды және олардың әрқайсысы не құқыққа не міндетке ие немесе бұл екі жақты құқықтық қатынаста болса , онда тараптардың әрқайсысы құқықтар мен міндеттерге тепе – тең ие. Азаматтық – құқықтық қатынастар азаматтар өз еркін білдірмесе де пайда болады . ( Мысалы , зиян келтіруге байланысты міндеттемеде зиян келтіруші мен зиян шегуші мұндай құқықтық қатынастың пайда болуын қаламаса да құқықтық қатынас пайда болады . Мұндай жағдайды тараптар , құқық пен міндетті амалсыздан еріксіз түрде жүзеге асырады ).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет