Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы қаласы Білім басқармасының


тақырып. М.Мөңкеұлы «Үш қиян», «Сарыарқа», «Қарасай-Қази» дастаны



бет2/2
Дата31.12.2019
өлшемі86,48 Kb.
#53957
1   2

тақырып. М.Мөңкеұлы «Үш қиян», «Сарыарқа», «Қарасай-Қази» дастаны

М.Мөңкеұлының өлеңдеріндегі замана жайының суреттелуі. «Үш қиян» толғауы «Зар заман» дәуірі әдебиетінің үздік туындысы. Ондағы ел,жер тағдыры туралы толғамдары. «Қарасай-Қази» дастанының сюжеттік желісі. Ақынның сатиралық шығармалары. Шығармаларының көркемдік ерекшеліктері. Мұрат-айтыс өнерінің шебері.

Әдебиет теориясы: Эпитет, метафора, теңеу.

Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы.

Өзіндік ізденіс жұмыстары : М. Мөңкеұлы шығармаларының көркемдік әсерлігімен, ой қуаты жөнінде әңгімелеу.



2.3 тақырып. Шоқан Уәлиханов. «Ыстықкөл күнделігі», Жоңғария очергтері», «Қазақ халқының поэзиялық түрлері» зерттеу еңбектері.

Ш. Уәлихановтың өмірі мен шығармашылығы. Шоқан - қазақ халқының тұңғыш, талантты ғалымы, әдебиет зерттеушісі.Шоқан-шығыстанушы ғалым. Шоқан- қазақ, қырғыз ауыз әдебиетін жинап зерттеуші. Ғалымның қазақ әдебиетінің тарихы мен теориясына қатысты ойлары. Ш. Уәлихановтың зерттеу еңбектеріндегі қазақтың жыр-дастандары мен ақын-жыршылары туралы. Қашқария саяхаты;

Әдебиет теориясы: Әдебиеттің қоғам өміріндегі маңыз;

Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, театр С. Мұқанов «Ш. Уәлиханов» пьесасы;

Өзіндік ізденіс жұмыстары: Ш.Уәлихановтың зерттеулерін басшылыққа алып, «Көшпелі елдердің ауыз әдебиеті» тақырыбына баяндама жазу.

2.4.тақырып: Ы. Алтынсарин «Жаз», «Өзен», «Залым төреге», Азған елдің хандары», Аздан елдің хандары», «Азған елдің билері», «Атымтай Жомарт», «Мейірімді бала»әңгімелері, «Қазақ хрестоматиясы» оқулығы. Ы. Алтынсариннің өмірі мен ағартушылық қызметі. Оның жазушылық өмірінің ағартушылық идеясына өзектестігі, демократиялық-ағартушылық көзқарасының қалыптасуы. Ыбырай – қазақ балалар жазба әдебиетінің дамытушысы. Өлеңдеріндегі әлеуметтік теңсіздік. Табиғат лирикасы. Ы. Алтынсарин- қазақ әңгіме жанрының негізін қалаушысы;

Әдебиет теориясы: Әңгіме туралы түсінікті дамыт;.

Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, өзін-өзі тану, технология;

Өзіндік іздену жұмыстары: ақыл-парасат туралы ғибрат-насихат өлеңдерді ұлы Абайдан іздеп көру, осы өлеңдерді басшылыққа алып, мәтін құрау;



2.5. тақырыптар: Абай Құнанбаев «Жаз», «Күз», «Желсіз түнде жарық ай», «Адасқанның алды жөн, арты соқпақ», «Жігіттер ойын арзан, күлкі қымбат», «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін», «Мәз болады болысың», «Сегіз аяқ» өлеңдері және «Масғұт» дастаны. Абайдың өмірі, шығармашылық жолы. Ұлы ақын өлеңдерінің құдіреті туралы, Абайдың қазақ поэзиясына енгізген жаңалықтары. Ақынның тіл байлығы.Қарасөздері: бірінші сөз, алтыншы сөз, он сгізінші сөз, он тоғызыншы сөз, жиырма бесінші сөз, жиырма тоғызыншы сөз, отыз үшінші сөз, отыз жетінші сөз. Абай қара сөздерінің көтерген мәселелері, даналық ойлары, насихаттары,пікір жағынан өлеңдерімен тығыз байланысы, өзіндік ерекшелігі.

Әдебиет теориясы: әдебиеттің халықтығы туралы;

Пәнаралық байланыс: музыка, бейнелеу өнері, электрондық оқулық

2.6 тақырыптар: Шәкәрім Құдайбердіұлы

«Жастарға», «Дүние мен өмір», «Ақындарға», «Кәрілік туралы» өлеңдері,«Еңлік-Кебек» дастаны.

Шәкәрімнің өмірі мен шығармашылық жолы. Түрік, араб, парсы, орыс тілдерін жетік меңгеруі, дүниежүзі мәдениетімен таныс болуы. Шәкәрімнің өнер-білім, адамгершілік, болашақ, махаббат туралы лирикалық өлеңдері.Шәкәрім- Абайдың шәкірті. Ақын шығармасындағы азаматтық әуен. Әлеуметтік өмірдегі кесапат кесірді, кертартпалықты әшкерлеуі, әділдікті, ақиқатты, бейбіт тіршілікті жырына арқау етуі. Шынайы, адал махаббатты жырлауы. Ақын лирикасындағы нәзік те терең психологизм. «Еңлік-Кебек» дастаны. Дастанда ақынның демократикалық-гуманисттік көзқарасының көрінуі, кейіпкерлер бейнесін даралап берудегі шеберлігі поэма оқиғасының терең драматизмге құрылуы;

Әдебиет теориясы. дастан туралы ұғым.

Пәнаралық байланыс. Театр «Еңлік-Кебек» пъесасы, кино «Шәкәрімнің соңғы күзі»;

Өзіндік ізденіс жұмыстары: Шәкәрім поэзиясындағы ғылым жолындағы талапкерлерге берер кеңестері жөнінде әңгімелеу;


2.7 тақырып: Шәңгерей Бөкеев «Бұл дүние пәнилығын етеді екен», «Қайран жерім», «Ғылым», «Қосаяқ», «Құйрық атып Құлия» өлеңдері, «Қашқын» поэмасы. Шәңгерейдің өмірі мен шығармашылық жолы.Оның өз өмірінің әрқилы кезеңдерін бейнелей отырып, замана тынысын, тіршілік сарынын шебер бейнелеп көрсету. Шәңгерей поэзиясындағы философиялық ой-түйін. Ақынның табиғат құбылыстарын көркемдеп суреттеуі.Шәңгерейдің аудармалары.

Әдебиет теориясы: кейіптеу ұғымын тереңдету;

Пәнаралық байланыс. Қазақстан тарихы;

Өзіндік ізденіс жұмыстары: «Өмірдің өтуі» өлеңіндегі өмір туралы ой-тұжырымдарын баяндау;



2.8. тақырып МәшҺүр Жүсіп Көпейұлы «Шайтанның саудасы», «Хал-ахуал», «Сарыарқаның кімдікі екендігі», «Тірлікте көп жасағандықтан көрген бір тамашамыз» кітаптары, «Гүлшат-Шеризат» дастаны. МәшҺүр Жүсіп шығармаларында орын алған білім, жер мәселесі, сөз бостандығы. Халық бостандығы мәселелері.Халақ ауыз әдебиетінің көптеген үлгілерін- дастандар мен хикаяларды, тарихи жырларды «Ер Көкше», «Сайын батыр», т.б жинап, Бұхар жырау, Шортанбай, Шөже т.б ақын-жыраулардың әдеби мұрасын хатқа түсіріп қалдыруы. Мәшһүр поэмалары- ертегі, аңыз негізінде жазылған сюжетті, әңгімелі шығармалар;

Әдебиет теориясы: дастан туралы;

Пәнаралық байланыс. Қазақстан тарихы;

Өзіндік ізденіс жұмыстары: МәшҺүр Жүсіп Көпейұлы поэзиясындағы адамдық табиғаты, тәлімдік-тәрбиелік идеялары мен моральдық-этикалық қағидаларына назар аудару, өз сөздеріңмен әңгімелеу;



2.8.-2.9. тақырып. Әнші – сазгер ақындар шығармашылығына шолу. Біржан сал Қожағұлұлы «Жамбас сипар», «Ләйлім шырақ», «Теміртас», «Сырғақты», «Жанбота, «Көкек» әндері. Үш жүздің ардақты әншісі Біржан әнді шығарушы, әрі орындаушылығымен қатар әніне лайық сөз өрнегін, бояуын таба білген ақын. «Теміртас» әніндегі трагедиялық сезім. Біржан өз заманының бай, болыс- билеріне бас имеуі;

19-ғасырдың соңы мен 20-ғасырдың бас кезіндегі әнші-ақындар шоғыры. Ақан сері Қорамсаұлының өмірі. «Құлагер», «Маңмаңгер», «Жайықтың ақ түлкісі», «Ақ көйлек», «Асыл мен жасық», «Жақсы мен жаман», «Құлагер», «Маңмаңгер» «Сырымбет», «Балқадиша» әндері. Ақан-қазақтың әнші ақындар тобының көрнекті өкілі. Ақанның өмірі туралы деректер.Ақан- ақын, әнші, сазгер. Ақанның әсемдік туралы таным-түсінігі, эстетикалық көзқарасы.Ақанның өмір, заман туралы толғаулары, жастарды өнерге үндеуі.Құлагер» ақын трагедиясы. Ақынның өзіндік сөз саптауы.

Әдебиет теориясы: поэзия, музыка саласы;

Пәнаралық байланыс: музыка;

Өзіндік ізденіс жұмыстары:қазіргі өнер-жұлдыздары мен сал-серілер арасындағы өзара ұқсастықпен, өзіндік ерекшеліктерін санамалап айту;

2.10 тақырып Шығарма. 19 ғ. екінші жартысындағы әдебиет өкілдері

3 бөлім. 20 ғасырдың бас кезіндегі әдебиет

3.1.тақырып А. Байтұрсынұлы шығармалары «Қырық мысал», «Маса» жинақтары», «Әдебиет танытқыш» зерттеу еңбегі. А. Байтұрсынұлы- қазақ әдебиеті, мәдениеті тарихындағы ірі тұлға, аса көрнекті ғалым, қоғам қайраткері, ақын, аудармашы. «Маса» жинағындағы өлеңдердің мазмұны мен мәні. Аудармалары. «Қырық мысал». «Әдебиет танытқыш» -қазақ тіліндегі әдебиет теориясын ғылыми негізде жүйелеген алғашқы еңбек екендігі. А. Байтұрсыновтың қазақ тілінде әдебиеттану терминдерін қалыптастырудағы рөлі. «Әдебиет танытқыш» еңбегінде көркем шығарманың сыры мен сипаты, жанрлық ерекшеліктері, композициялық құрылымның жан-жақты қарастырылуы.

Әдебиет теориясы: әдеби жанр туралы түсінік;

Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, қазақ тілі, электрондық оқулық;

Өзіндік ізденіс жұмыстары: «А.Байтұрсынов-ұлт күрескері» тақырыбына реферат жазу;



3.2.тақырып. Міржақып Дулатов «Шәкірт», «Таза бұлақ», «Оян, қазақ» өлеңдері. «Бақытсыз Жамал» романы. Өмірі мен қоғамдық қызметі. «Оян, қазақ» жинағына кірген өлеңдеріндегі азаттық идеясы. «Бақытсыз Жамал» - қазақ әдебиетіндегі тұңғыш роман. Шығарманың жанрлық ерекшелігі.Романда суреттелген әлеуметтік теңсіздік мәселелері және қазақ әйелдерінің тағдыры. Жамал бейнесінің реалистік сипаты, автордың адам психологиясын беру коипозиция құру шеберлігі;

Әдебиет теориясы: роман, эпикалық жанр;

Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы;

Өзіндік ізденіс жұмыстары: «А.Байтұрсынов, М. Дулатовтардың халқын сүюдегі ортақ қасиеттерін анықтау;



4-бөлім.1920-1950 жылдардағы әдебиет. Кеңестік дәуірдегі қазақ әдебиетіне жалпы шолу. Әдебиеттің кеңес идеологиясының құралы ретінде қызметі. Ел тарихындағы іргелі оқиғалардың көркем шығармашылықта бейнеленуі. Әдеби-мәдени даму бағыттары. Жаңа тақырыптардың пайда болуы.

4.1. тақырып Ж.Аймауытов «Ақбілек» романы, «Шернияз» пьесасы. Өмір жолы, шығармашылық мұрасы,қоғамдық-әлеуметтік қызметі. Ж.Аймауытов-дарынды жазушы, драматург,ғалым,аудармашы,көсемсөз шебері. «Ақбілек» романы.Романның тақырыбы- 20-ғасыр басындағы саяси-әлеуметтік жағдай және өмір шындығы.Адамдар тағдырындағы өзгерістерді берудегі жазушының суреткерлік шеберлігі. Романдағы басқа да кейіпкерлер. Жазушының пейзаж бен портрет жасау ерекшелігі. «Шернияз» пьесасының тақырыбы- қазақ жастарының қоғам өміріне араласуы;

Әдебиет теориясы: мінездеу;

Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, география;

Өзіндік ізденіс жұмыстары: Ж. Аймауытов пьесаларының тақырыбын, идеясын тану;



4.2. тақырып. М.Жұмабаев өмірі, шығармалары «Жұлдызды жүзік, айды алқа қып берейін», «Туған жер», «Сырдағы Алашқа»өлеңдері, «Қойлыбайдың қобызы»,«Қорқыт» поэмалары. «Қойлыбайдың қобызы» - адам рухының таң ғажайыптылығы жырлаңған дастан. М. Жұмабаев-сыршыл, суретшіл, нәзік үнді, кіршіксіз таза жүректі ақын. Өлеңдеріндегі халықтық рух, азаматтық әуен, ағартушылық-демократтық сарын. Мағжанның табиғат, махаббат лирикасы.

Әдебиет теориясы: лирика жанры;

Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, қазақ тілі;

Өзіндік ізденіс жұмыстары: Қ.Аманжолов өлеңдерімен салыстыра талдау;



4.3.тақырып. С.Сейфуллин. «Сыр сандық» өлеңі мен «Көкшетау» поэмасы. Ақынның өмір жолы, қоғамдық-саяси қызметі,ұстанған бағыты.Өлеңдерінің реалистік сипаты.Қазан төңкерісі туралы жазған шығармалары. Ақынның табиғат лирикасы. Сыр сандық лирикасының кқркемдік ерекшелігі.Суреткерлік шеберлігі. «Көкшетау» поэмасының тақырыбы, композициялық құрылымы.Тұтқын қыз, Адақ образдары.Поэмадағы Абылай хан бейнесі.

Әдебиет теориясы. аллегория;

Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, география;

Өзіндік ізденіс жұмыстары: С.Сейфуллиннің лирикалық өлеңдерін жаттау;


4.4.тақырып. Б.Майлин «Шұғаның белгісі», «Қара шелек» әңгімелері. Б. Майлин-әңгіме шебері. Әңгімелеріне арқау болған, Шынайы ауыл өмірінің бейнесі. Жазушы тілі «Шұғаның белгісі» Хикаяттағы махаббат, достық, жоғары адамгершілік, имандылық, ізгілік мәселелерінің қойылуы мен шешілуі. Жазушының баяндау стилі, кейіпкерлерінің даралану ерекшелігі, композициялық құрылысы. Тілі.Б.Майлин-әңгіме жанрының шебері.Б.Майлин-драмматург.Роман, хикаяттарына жалпы шолу.

Әдебиет теориясы: шағын көлемді эпикалық жанр туралы түсінік;

Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, қазақ тілі;

Өзіндік ізденіс жұмыстары: Б. Майлиннің әңгіме жанрын дамытудағы қосқан үлесі туралы баяндау;



4.5.тақырып. І.Жансүгіров «Ағынды менің ақсуым», «Жетісу суреттері» өлеңдері «Құлагер» поэмасы.Өмірі мен әдеби- шығармашылық қызметі. Ілияс лирикасының негізгі тақырыптары. Табиғат лирикасы. «Құлагер» поэмасының тақырыбы, сюжеті, көркемдігі,тіл айшығы. Поэмадағы Ақан мен Құлагер бейнесі. Күреңбай сыншы мен Батыраш образы.Поэманың композициялық құрылымы.

Әдебиет теориясы: әдеби жанр туралы түсінік;

Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, қазақ тілі,музыка, «Ақан сері» фильмі;

Өзіндік ізденіс жұмыстары: Ілияс туындыларындағы табиғатты суреттеудің өзіндік ерекшеліктері;


4.6.тақырып. Шығарма. 20-50 жылдардағы әдебиет басындағы әдебиет өкілдері
5-бөлім. 1930-1960 жылдардағы қазақ әдебиет. Кеңестік дәуірдегі қазақ әдебиетіне жалпы шолу

5.1.--5.4. тақырып. М.Әуезов. «Қорғансыздың күні» әңгімесі, «Еңлік-Кебек» трагедиясы. М.Әуезов- қазақ әдебиетінің классигі.Әуезовтің шығармашылық өмірбаяны.Проза және драмматургия жанрларын өркендетуге қосқан үлесі. Жазушының әңгімелері «Қорғансыздың күні», «Қыр суреттері», «Көксерек» т.б. Тақырыптық және идеялық ерекшелігі. Адам мінезін ашудағы психологиялық ізденістер. Пьесаларындағы тартыс пен мінез. «Абай жолы» роман эпопеясының әлемдік әдебиеттің алтын қорына енген шығарма екендігі. Эпопеяның тарихилық,этнографиялық сипаты. Романдағы Абайдың азаматтық, ақындық бейнесі.Абай образының өсу, даму динамикасы.Абай жолындағы әйелдер бейнесі.Сөз өнерінде сәтті сомдалған образдың бірі- Құнанбай образы екендігі.

Әдебиет теориясы: авторлық және объективті идея;

Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, музыка,география;

Электрондық оқулық;

Өзіндік ізденіс жұмыстары: М.Әуезов әңгімелеріндегі адамгершілік мәселелерінің «Абай жолы» романымен үндестігі жайлы;
5.5.—5.6. тақырып Сәбит Мұқанов С.Мұқанов «Сұлушаш» поэмасы, «Аққан жұлдыз» романы үзінді. С. Мұқановтың өмірбаяны, шығармашылығы. «Сұлушаш»-өлеңмен жазылған шоқтығы биік шығарма.Кейіпкерлердін психологиялық лиризмі. «Аққан жұлдыз» романының көркемдік, композициялық ерекшеліктері, кейіпкерлерді даралау,адам мінезін сомдау шеберлігі. «Аққан жұлдыз» тарихи роман.Шоқан образы. Айғаным мен Шыңғыс бейнелері.Тіл көркемдігі.

Әдебиет теориясы: айтыс өнері туралы түсінік;

Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, қазақ тілі,география;

Электрондық оқулық;

Өзіндік ізденіс жұмыстары: Шоқан мен Ф.М.Достаевский достығы туралы әңгімелеу. «Ұлы достық» тақырыбына ойтолғау жазу.

5.7. -5.8. тақырып. Ғ.Мүсірепов «Қазақ солдаты» романынан үзінді, «Ақан сері –Ақтоқты» трагедиясы. Ғ.Мүсірепов-көркемсөз зергері.Ана туралы әңгімелеріне шолу. «Қазақ солдаты»-екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы қазақ жауынгерлерінің ерлігін көркем бейнелеген патриоттық шығарма.Қаламгердің соғыс тақырыбын меңгеру жолындағы ізденістері. Жазушының адам портретін жасау шеберлігі,тіл көркемдігі, стилі. Шығарманың өн бойындағы халқымыздың адамгершілік, азаматтық, батырлық, ерлік болмысының жарқын көріністері.

Әдебиет теориясы: әдебиеттің ұлттық ерекшелігі;

Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, қазақ тілі;

Электрондық оқулық;

Өзіндік ізденіс жұмыстары: «Ұлпан» повесін оқи отырып, қазақ әйеліне тән адамгершілік қасиеттерді анықтау;

5.9.тақырып. Қ Аманжолов. «Ұлы Отан соғысы туралы жыр», «Байкал», «Орал», «Ақын өлімі туралы аңыз», «Елге хат» өлеңдері. Қ.Аманжоловтың өмірі мен шығармашылығы.Ұлы Отан соғысына дейінгі кезеңдегі шығармашылық ізденістері.Ұлы Отан соғысы кезінде туған шығармалары.Соғыстан кейінгі жылдары жазылған өлеңдері. Лирикасы.Поэмалары. Ақан поэзиясындағы романтизммен реализм.

Әдебиет теориясы: поэма туралы ұғымды тереңдету;

Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы;

Өзіндік ізденіс жұмыстары: оқыған поэзия жинақтарындағы достық пен махаббат туралы ойларын білдіру;



5.10.тақырып.Әбділдә Тәжібаев «Портреттер» толғау- эссесі, «Монологтар» поэмасы. Ақынның өмірі мен шығармашылығы.Жазушының поэзия, драмматургия және әдебиеттану ғылымы саласында қатар еңбек етуі.Лирикасы, поэмалары. Толғауларындағы замана жайлы ірі ойлары.Шығармаларының тақырыптық ерекшеліктері.Комедия жанрындағы ізденістері: «Дубай Шубаевич» комедиясы.

Әдебиет теориясы: образды жинақтау мен даралау тәсілдері;

Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, география;

Өзіндік ізденіс жұмыстары: Ә.Тәжібаевтың «Сыр жырлары» өлеңінің мән-мағынасын түсіну, «Туған жер» тақырыбына шағын шығарма жазу.



6-бөлім. 1960-1990 жылдардағы қазақ әдебиетіне шолу.

60-жылдар-қазақ әдебиетіндегі жаңа бетбұрыс кезеңі.Оның себептері мен салдары. Поэзиядағы тың ізденістер.Жаңа толқын ақындардың өлеңдеріндегі нәзік лиризм, жаңа ойлар мен соны тақырыптардың игеріле бастауы. Өлең өміріндегі жаңалықтар.Проза мен драматургиядағы жаңалықтар.Шағын әңгіме мен повестерде революционер коммунистің образын сомдаудан алшақтап, жеке адамның психологиялық болмысын танытуға ұмтылуы.Тарихи тақырыптың игерілуі.



6.1.тақырып. Мұқан Иманжанов «Алғашқы айлар» повесі. «Алғашқы айлар» повесіндегі жас ұстаз Жақыпбектің және оның оқушы-шәкірттері Сапар,Сейтен,Жарқын образдарының көркем жинақталуы.Шығармадағы мектеп өмірі, бала тәрбиелеу жұмысының қиыншылықтары мен қуаныштары мен өзіндік ерекшеліктері.Жазушының балалар мінез-құлқын суреттеудегі ізденістері мен жетістіктері.Шығарманың идеялық мұраты.

Әдебиет теориясы: образды жинақтау мен даралау тәсілдері;

Пәнаралық байланыс: география;

Өзіндік ізденіс жұмыстары: «Ұстаз-ақылымен сымбатты, шәкіртімен қымбатты» ойтолғау жазу.



6.2. тақырып. Ж.Молдағалиев «Мен қазақпын», «Қыран дала» поэмалары.Ақынның шығармашылық өмірі. Ж.Молдағалиев-эпик ақын.Поэмадағы халық тарихы, ұлт болмысы. «Мен- қазақпын» поэмасының жанры, ондағы публицистикалық сарын. Тіл көркемдігі, сюжеттік даму сипаты, ұйқас үйлесімі, екпін мен ырғақ ерекшелігі. Поэманың идеялық мұраты. «Қыран дала» поэмасының тақырыбы мен идеясы, өлең өлшемдерінің алмасып келіп отыру себептері.Ақын көксеген елге, жерге қатысты ойлардың бүгінгі күнмен сәйкестігі. Дастанның көркемдік жүйесі.

Әдебиет теориясы: екпін;

Пәнаралық байланыс: музыка, география;

Өзіндік ізденіс жұмыстары: «Мен-қазақпын» өлеңіндегі көркемдегіш құралдарды сақтай отырып, өлеңді қара сөзге айналдырып мәтін құру.



6.3. Әзілхан Нұршайықов «Ақиқат пен аңыз» романы. Қаламгердің өмірі мен шығармашылығы.Ә.Нұршайықовтың очерг жанрының шебері екендігі. «Ақиқат пен аңыз» роман-диологиясы, оның жанрлық ерекшелігі.Романның жазылу тарихы. Шығармадағы Б.Момышұлының азаматтық бейнесі.

Әдебиет теориясы: монолог пен диолог;

Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, география, кино(«Москва үшін шайқас» кинофильмі);

Өзіндік ізденіс жұмыстары: Б. Момышұлының қоғамдағы ерекше батырлық орны хақында ой-пікірлерін негізге ала отырып, өмірге көзқарасын әңгімелеу;



6.4.тақырып. Зейнолла Қабдоллов «Менің Әуезовім» роман- эссе үзінді. Жазушының өмірі мен шығармашылық жолы туралы қысқаша мәлімет.Роман –эссенің заңғар жазушы М.Әуезовтің өмірі, ұстаздығы мен шығармашылығы туралы жазылған көркем шығарма екендігі.Романның көтерген тақырыбы, идеясы.Сюжеті мен композициялық құрылымындағы ерекшеліктер. Шығармадағы қаламгердің кейіпкер монологы мен диалогын берудегі шеберлігі. Шығармада сомдалған М.Әуезовтің әдеби-көркем бейнесі.Шығарманың жанрлық сипаты.

Әдебиет теориясы: роман-эссе туралы түсінік;

Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, география;

Өзіндік ізденіс жұмыстары:М.Әуезов шығармашылығымен кеңірек танысу, жазушының өмірі жайлы деректерге назар аудару;



6.5. тақырып М. Мақатаев «Қайран Қарасазыс-ай»лирикасы, «Дариға жүрек» поэмасы. Өмірі мен шығармашылық қызметі.Қазақ поэзиясына қосқан үлесі.Лирикасы мен поэмалары.Мұқағали өлеңдерінің өзге ақындар шығармаларынан өзгешелігі.Поэмаларының тақырыптары. «Дариға, жүрек» поэмасының сюжеті, композициялық құрылымы.Ұйқас, ырғақ ерекшелігі. Табиғат лирикасы.Лирикасындағы ақындық «мен». Тілінің көркемдігі,оралымдығы, тілге жеңілдігі,ойға тереңдігі, айшықты суреттілігі, т.б;

Әдебиет теориясы: баллада,сонет;

Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы, география, электрондық оқулық( «Бір өлеңі бір елдің мұрасындай»)

Өзіндік ізденіс жұмыстары: «Ұят болды-ау» өлеңіндегі заман жайлы ойларының өмірге жақындығын тану, ой тұжырымдау;



6.6. тақырып. Әдеби жанрлар туралы.

6.7 тақырып М.Шаханов «Танакөз» поэмасы, «Ғашықтық ғаламаты» өлеңі. Өмірі мен шығармашылық қызметі. Ақын өлеңдерінің құрылымдық ерекшелігі. Т.Айбергенов пен М.Шаханов поэзиясы арасындағы байланыстар. Шаханов поэзиясына тән өршілдік, қызу интонация, жоғары пафос мәселелері. Мұхтар поэзиясындағы сюжеттілік.

6.8 тақырып. Сәкен Жүнісов «Заманай мен Аманай» повесі. Өмірі мен шығармашылық жолы. «Заманай мен Аманай» повесіндегі туған жерге деген перзенттік махаббат пен Отанға деген сүйіспеншілік суреттелуі. Немересін ата мекенге жеткізуді мұрат тұтқан Балзияның өткен өмірі, тағдыры. Заманай мен Аманай образдары. Шығарманың тілі, көркемдігі. Өмір шындығы мен көркемдік шешім.

Әдебиет теориясы: Сюжет пен композиция;



6.9 тақырып. Т.Молдағалиев «Шақырады көктем», «Құстар қайтып барады», «Өмір, қымбаттым менің». Ақынның шығармашылығы туралы. Лирикалық шығармаларындағы нәзік сезім, асқақ арман, кіршіксіз сезім мен ынтық жүрек жылуы.

6.10 тақырып. Қабдеш Жұмаділов «Тағдыр» романы. Жазушының өмірі мен шығармашылық жолы. «Тағдыр» романында көтерілген ел бірлігі, ұлт мүддесі мәселелері. Бүтін бір халық жерінің екі империя арасында таласқа түсіп, бөлінуі. Демежан бейнесі. Оның тарихта болған тарихи тұлға екендігі. Жазушының тіл көркемдігі. Кейіпкер, портрет, пейзаж жасау ерекшелігі. Шығармада суреттелген ұлттық этнографиялық әрекеттер мен бояулар айшығы;

6.11 тақырып. Оралхан Бөкей «Қар қызы» повесі. Жазушының өмірі мен шығармашылық жолы. Қаламгердің алғашқы әңгімелері мен повестері. «Қар қызы» повесінің тақырыптық ерекшелігі, мазмұнында реализм мен романтизмнің араласып келуі. Повестің образдар жүйесі. Сюжеті мен композициясы. Әдеби сында бағалануы. Жазушы шығармаларындағы адам мен табиғат тұтастығы. «Қар қызы» повесіндегі жазушының басқа шығармаларымен сабақтастығы;

6.12 тақырып. Қалтай Мұхаметжанов «Көктөбедегі кездесу» пьесасы. Шығармашылық өмірбаяны. Пьесаларының тақырыптық сипаты, жанрлық құрамы, сюжеттік желісі. Шәкен Айтматовпен бірігіп жазған «Көктөбедегі кездесу» пьесасындағы образдар жүйесі, тартыс табиғаты. Адамның мансапқорлық, пенделік қасиеттері. Адамзатқа ортақ мәселелер.

Оқытудың жоспарланған нәтижесін бақылау

Күнделікті өткізілген сабақ және аралық аттестация, бақылау, тест жұмыстары, емтихан алу пәнді оқытуға бөлінген жалпы берілген уақыт көлемінде өткізіледі.




6. Пайдаланған әдебиеттер
1.Тұрсынғалиева С.Ч., Такишева А.Ж.Қазақ әдебиеті 10-сын.. Астана: «Арман-ПВ», 2014ж

2.Тұрсынғалиева С.Ч., Такишева А.Ж.Қазақ әдебиеті 10-сын.. Астана: «Арман-ПВ», 2014ж

3.Әдістемелік құрал. 10-сынып.-Астана: «Арман - ПВ» 2014ж;

4.С.Ч. Тұрсынғалиева, Берекенова Ә.С. Қазақ әдебиеті: Хрестоматия 10-сынып. Астана: «Арман-ПВ», 2014ж

5.Бердібай Р.т.б. Қазақ әдебиеті: Оқулық 11-сынып-Алматы :Мектеп , 2011ж

6.С.Қирабаев, Қ.Мырзалиев «Қазақ әдебиеті» Алматы, 2001 ж

7.Тұрсынғалиева С.Ч., Такишева А.Ж.Қазақ әдебиеті: Жұмыс дәптері.10-сынып.. Астана: «Арман-ПВ», 2014ж

8. Әдібаев Х. Т.б. Қазақ әдебиеті: Оқулық 11-сынып.- Алматы: Мектеп, 2012;

9. Қазақ әдебиеті ХІХ- 10-сынып. Ж-М/ Алпысбаев Қ.- Алматы, Мектеп, 2010;

10. Қазақ әдебиеті: Хрестоматия 10-сынып/ Ә. Шәріпова-Алматы: Мектеп, 2003;

11. Қирабаев С.., Мырзағалиев Қ. Қазақ әдебиеті: Оқулық 10- сынып.- Мектеп, 2001.


Қосымша оқу әдебиеттері:

1.Садырбаев С. Халық әдебиетінің тарихи негіздері. А.1992.

2. Сәтбаева Ш. Шәкәрім Құдайбердиев.-Алматы, 1990

3. Сыздықова Р. Ахмет Байтұрсынов. –Алматы, 1995.

4. Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы.- Алматы,- 1995.

5. Қабдоллов З. «Сөз өнері» - Алматы, 2002.

6. Бес ғасыр жырлайды. 2 томдық.—Алматы-1989.

7. Қазақ әдебиеті анықтамалығы. – Алматы 2000.

8.Қазақ көркем сөзінің шеберлері. Анықтамалық. – Қарағанды, 2010.

9. Таңжарықова А. Қазіргі қазақ поэзиясындағы сал-серілер образы. – Алматы, 2007.

10. Қирабаев С. Әдебиетіміздің ақтаңдақ беттері.- Алматы, 2000.

12. Жолдасбеков М. Асыл сөздің атасы.- Алматы, 1996.

13. Әбдезұлы Қ. Тарих және тағдыр.- Алматы, 2004-208б.

14. Кәрібаева Б. Қазіргі қазақ әдебиетінің даму арналары: Зерттеулер.-Астана. 2010.




Ү 25 СМЖ АМПК КСТ 11 1 Басылым


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет