Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі алматы қаласы Білім басқармасының



бет1/2
Дата31.12.2019
өлшемі86,48 Kb.
#53957
  1   2

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Алматы қаласы Білім басқармасының

МКҚК «Алматы мемлекеттік политехникалық колледжі»




Бекітемін

Директордың оқу ісі

жөніндегі орынбасары

________А.Бейсетбаев

______________2018 жыл



ОҚУ ЖҰМЫС БАҒДАРЛАМАСЫ
________________________________________________________Қазақ әдебиеті____________________________________________________ пәні

(атауы)


_____________________________________________ 1306000 «Радиоэлектроника және байланыс»_______ _____________________ мамандығы

(шифр, атауы)

__________________________________________________1306113 техник-электроншы ________________________________________ біліктілігі

(шифр, атауы)_

сағат саны _________________90___________________ Оқыту түрі _________________________күндізгі____________________________________

(күндізгі/сырттай)

Келісілді

Сапа жөніндегі сарапшы,

колледж әдіскері

_________________ Г.Толымбек

(қолы)


_________________ 2018 жыл

Құрастырған



оқытушы ___________ А.Дюсембекова

(қолы)



«Қазақ тілі мен әдебиеті»

кафедра отырысында қаралды

31 тамыз 2018 жыл

Хаттама №1



Кафедра меңгерушісі___________А.Ахметова

(қолы)











  1. Түсіндірме жазба

Осы оқу жұмыс бағдарламасы Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің кәсіби және техникалық оқу-әдістемелік кеңесінің №3 Хаттамасы негізінде 2015 жылғы 24 тамызда бекітілген «Қазақ әдебиеті» пәні бойынша Үлгілік оқу бағдарламасы негізінде құрастырылды.

Қазақ әдебиеті пәнінің алдына қоятын мақсаты-оқытушылардың рухани дүниесін байыта отырып эстетикалық, энтеллектуалдық, көркемдік, сезімдік, адамгерщілік, азамттық, тәрбие беру: оқырмандары ынта-ықыласты, талғамды қалыптастыру: әдеби мұраны және онда бейнеленген құбылысты эстетикалық қабылдауына қажетті білім және біліктілікпен қаруландыру, логиқалық ойын, ауызекі және жазбаша тіл мәдениетін қалыптастыру.

19-20 ғасырдағы көрнекті ақын-жазушылардың шығармашылығы және тәуелсіздік жылдарындағы әдебиеттің кейбір үлгілерін оқыту.

Тәуелсіздік кезеңіндегі шығармалар осы кезеңнің тарихи-әлеуметтік мазмұнының көрінісі ғана емес, халықтың әдеби қазынасы қызметін

де қатар атқаратын туындылар ретінде қарастыру.

Аталған мақсатқа қол жеткізу үшін пән алдына мынадай міндеттер жүктеледі. Оқушының:


  • Бағдармалаға сай көркем әдебиет туындыларын толық оқуы және игеруі, оқуының әр жақталығы, жүйелілігі мақсаттылығы.

  • Әдебиетті өнер табиғатына сай оқи білуі, оның идеялық – эстетикалық мән-мағынасына терең бойлап, тебірене қабылдауы:

  • Туған әдебиеттің ұлттық сипатын, ондағы халықтың әдет-ғұрып, салт-санасының көрінісін, жанрлық, стильдік ерекшеліктерін, туындының идеялық-адамгершілік түпкі мазмұн-мәнін тусіну.

  • Көркем әдебиетін деген қызығушылығын, ынтызарлығын ояту.

  • Жоғары эстетикалық талғам мен қажеттілікті қалыптастыру

  • Шығарманы мазмұн мен түр бірлігінде, көркемдік тұтастыққа қабылдай білу.

  • Әдебиетті оқытудың шығармашылық сипатын күшейту оқушылар шығармашылығына жүйелі педагогикалық ықпал жасау.

  • Жеке тұлғаның эмоциялық мәдениетін дамыту, кейіпкерлер қарым-қатынасындағы, табиғатындағы, жарасмыдылық пен сұлулықты, имандылық пен терең пайымдап, тебірене ортақтасуға, әсемдік заңымен өмір сүруге баулу қазақ әдебиеті пәнінің басты қағидасы болып табылады.

Қазақ әдебиетінің қазақ тілінде жүргізетін оқу орындарында 1- курс студенттерінде 2 сағаттық жүктемемен типтік бағдарлама бойынша қазақ топтарында сағат саны мамандыққа сәйкес бөлінген

Жоспарланған нәтижеге қол жеткізу үшін:

біледі:

-эпикалық, лирикалық, драмалық туындылардағы басты кейіпкер келбетін;

-көркем шығарма кейіпкерлеріне мінездеме беруді, идеялық – тақырыптық мәнін айқындауды;

-ақын –жазушылардың өмірі,олардың көркем шығармаларының негізгі мазмұнын айқындауды;

-мәліметтер жиыстырудың компьютерлік әдісі, ғаламтордан қажетті мәліметті іздестіру.

меңгереді:

-көркем шығарма мазмұнын әлем әдебиетінің үлгілерімен салыстыра талдай білуі;

-іздестіру,сақтау, тарихи мәліметтерді талдау, ғаламтордан қажетті мәліметті іздестіру;

-көркем бейнелі сөздерді орынды қолданып,жазба жұмыстарының түрлерін(эссе, шығарма,өлең құрастыру,сценарий жазу т.б. меңгеруі тиіс)

-қазақ әдебиетінен алған білімдерін басқа салаларда ақпарат көзі ретінде пайдалана алуы.

дағдысын қалыптастырады:

-шығарма немесе оның ішіндегі кейіпкерлер бойынша ой толғау, пікірнама, сыни мақала жазуға,өзіндік көзқарастарын білдіруді, шешен сөйлей алуға;

-өзіндік көзқарастарын білдіруді, шешен сөйлей алуға;

-қазақ әдебиетінен алған білімдері негізінде көркем ойлай алатын және өз ойларын бейнелі тілмен шешен жеткізуге;

-өзіне қажетті ақпаратты іріктеп алып, өңдеп, өзгелерге түсінікті етіп жеткізуге.

құзіретті:

-19 ғасыр және қазіргі заман әдебиеті үлгілерін әдебиеттің тектері мен жанрларына сәйкес талдай алуға;

-өзіндік ізденіс жұмыстарына ұсынылған әдебиөкөркем шығармаларды өздігінен оқуға;

-өздігінен білім алуға, өмірден өз орнын табуға және жасампаз еңбекке ынта-ықыласымен қабілеттілігін танытуына;

-белсенді азаматтық ұстанымын, жоғары патриоттық сезімін кқрсете білуінен көрініс табуға;

-компьютермен, техникалық ақпарат құралдарымен жұмыс істеп, ғаламтор арқылы әлем әдебиетімен таныса алуға.




\


Пәннің тақырыптық жоспары




р/с

Бөлімдер мен тақырыптар атауы

Сағат саны

соның ішінде

теориялық

зертханалық- тәжірбиелік

1

2

3

4

5

1

1.1Кіріспе. Жалпы шолу

2

2







1 Бөлім.19-ғ 1 - жартысындағы ақындар.










2

1.2 Абыл Тілеуұлы «Арғымақ атта сын болмас»жыр толғауы, «Қырымның қырық батыры» дастаны

2

2




3

1.3.Д.Бабатайұлы «Еспембет» дастаны

2

2




4

1.4 М.Өтемісұлы «Менің атым Махамбет», «Тайманның ұлы Исатай»

2

2




5

1.5 Сүйінбай .Аронұлы «Бөрілі менің байрағым», «Ту алып жауға шапсаң сен», «Датқалар» өлеңі,Сүйінбай мен Қатаған айтысы

2

2




6

1.6. Шығарма 19 ғасырдың 1 жартысындағы қазақ әдебиеті

2

2







2-бөлім. 19 ғасырдың екінші жартысындағы қазақ әдебиеті










7

2.1 Қашаған Күржіманұлы «Есқали сұпыға айтқаны», «Осы күні жолдас болдым сексенменен» өлеңдері. «Адай тегі» дастандары

2

2




8

2.2 . М.Мөңкеұлы «Үш қиян», «Сарыарқа», «Қарасай-Қази»

2

2




9

2.3. Ш.Уалиханов. «Ыстықкөл күнделігі» «Қазақ халық поэзиясының түрлері» «Жоңғар очергтері»

2

2




10

2.4. Ы.Алтынсарин «Азған елдің билері», «Жаз», «Атымтай Жомарт», «Мейірімді бала»әңгімелері

2

2




11

2.5 А.Құнанбаев «Жаз», «Күз», «Желсіз түнде жарық ай», «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін»,

«Жігіттер, ойын арзан күлкі қымбат», «Сегіз аяқ»



2

2




12

2.6. А.Құнанбаевтың қара сөздері «Бірінші сөз», «Алтыншы сөз», «Он сегізінші сөз», «Он тоғызыншы сөз», «Жиырма бесінші сөз», «Жиырма тоғызыншы сөз»

2

2




13

2.7. А.Құнанбаевтың «Масғұт» дастаны

2

2




14

2.8. Ш.Құдайбердіұлы «Жастарға»,«Дүние мен өмір»,«Ақындарға»,«Кәрілік туралы» өлеңдері,«Еңлік-Кебек» поэмалары

2

2




15

2.9 Ш.Құдайбердіұлының поэмалары «Еңлік-Кебек».

2

2




16

2.9.Шәңгерей Бөкеев «Бұл дүние пәнилығын етеді екен», «Қайран жерім», «Қашқын» поэмасы

2

2




17

2.10.МәшҺүр Жүсіп Көпейұлы «Шайтанның саудасы», «Сарыарқаның кімдікі екендігі» сарыарқа тарихы

2

2




18

2.11. Ақан Қорамсаұлының өмірі. «Құлагер», «Маңмаңгер», «Балқадиша»

Біржан сал Қожағұлұлының өмірі мен шығармашылығы. «Ләйлім шырақ», «Жанбота



2

2




19

2.12. Шығарма. 20 ғ-ң. екінші жартысындағы әдебиет өкілдері

2

2







3. 20-ғасырдың бас кезіндегі әдебиет










20

3.1. А. Байтұрсынов шығармалары «Қазақ салты», «Жиған терген», «Әдебиет танытқыш» зерттеу еңбегі

2

2




21

3.2. М.Дулатұлы «Шәкірт», «Оян, қазақ!» өлеңдері, «Бақытсыз Жамал» романы

2

2







4-бөлім.1920-1950 жылдардағы әдебиет










22

4.1 Ж.Аймауытов «Ақбілек» романы, «Шернияз» пьесасы

2

2




23

4.2. М.Жұмабаев өмірі, шығармалары «Жұлдызды жүзік, айды алқа қып берейін», «Туған жер», «Сырдағы Алашқа»өлеңдері, «Қойлыбайдың қобызы»,«Қорқыт» поэмалары

2

2




24

4.3. С.Сейфуллин. «Сыр сандық» өлеңі мен «Көкшетау» поэмасы

2

2




25

4.4.. Б.Майлин «Шұғаның белгісі»,

«Қара шелек» әңгімелері



2

2




26

4.5. І.Жансүгіров «Ағынды менің ақсуым», «Жетісу суреттері» өлеңдері «Құлагер» поэмасы

2

2




27

4.6. Шығарма. 20-50 жылдардағы әдебиет басындағы әдебиет өкілдері

2

2







5-бөлім . 1930-1960 жылдардағы әдебиет

Кеңестік дәуірдегі қазақ әдебиетіне жалпы шолу










28

5.1. М.Әуезов. «Қорғансыздың күні» әңгімесі, «Еңлік-Кебек», «Қарагөз» трагедиясы

2

2




29

5.2. «Абай жолы» роман-эпопеясынан үзінді, Құнанбай, Абай образдары

2

2




30

5.3. С.Мұқанов «Сұлушаш» поэмасы, «Аққан жұлдыз» романынан үзінді

2

2




31

5.4. Ғ.Мүсірепов «Қазақ солдаты» романынан үзінді, «Ақан сері –Ақтоқты» трагедиясы

2

2




32

5.5.Қ Аманжолов. «Ақын өлімі туралы аңыз»

2

2




33

5.6.Әбділдә Тәжібаев «Портреттер» толғау эссе

2

2







6-бөлім. 1960-1990 жылдардағы қазақ әдебиетіне шолу.










34

6.1. Мұқан Иманжанов «Алғашқы айлар» повесі

2

2




35

6.2. Ж.Молдағалиев «Мен қазақпын», «Қыран дала» поэмалары

2

2




36

6.3. Әзілхан Нұршайықов «Ақиқат пен аңыз» романы

2

2




37

6.4.Зейнолла Қабдоллов «Менің Әуезовім» роман- эссе үзінді

2

2




38

6.5. М. Мақатаев «Қайран Қарасазыс-ай»лирикасы

2

2




39

6.6. М. Мақатаев «Дариға жүрек» поэмасы

2

2




40

6.7 М.Шаханов «Танакөз» поэмасы, «Ғашықтық ғаламаты» өлеңі

2

2




41

6.8 Сәкен Жүнісов «Заманай мен Аманай» повесі

2

2




42

6.9 Т.Молдағалиев «Шақырады көктем», «Құстар қайтып барады», «Өмір, қымбаттым менің»

2

2




43

6.10 Қабдеш Жұмаділов «Тағдыр» романы

2

2




44

6.11 Оралхан Бөкей «Қар қызы» повесі

2

2




45

6.12 Қалтай Мұхаметжанов «Көктөбедегі кездесу» пьесасы

2

2







Барлық сағат саны

90

90






2.Оқу жұмыс бағдарламасының мазмұны

1- бөлім.19-ғасырдың 1 - жартысындағы ақындар.

Тақырып 1.1. Кіріспе. Жалпы шолу

XIX ғасырдағы тарихи әлеуметтік жағдай, ел ішіндегі отаршылдыққы қарсы күрес, оның сол кездегі әдебиетте Махамбет, Дулат, Сүйінбай, шығармашылықтарында көрініс табуы. Тәуелсіздікті, азаттықты аңсаудан туған өлең-жырлар,19 ғасырдағы қазақ әдебиеті тарихында әртүрлі ағымдардың пайда болуы, «Зар заман» ақындарының шығармаларына ортақ сарын. 19-ғасырдың екінші жартысындағы қазақ әдебиеті, Ыбырай мен Абай негізін салған демократтық, ағартушылық бағыттағы әдебиеттің тууы.Ресейдің қазақ елін отарлауы. Отаршылыққа қарсы күрес бұқаралық күрес. Кенесары Қасымов, Сырым Датұлы, Исатай Тайманұлы, Махамбет Өтемісұлы бастаған көтеріліс.

Қазақ еліндегі тарихи-әлеуметтік жағдайлардың қоғамдық санаға ықпалы. Ағартушылық идеяның алдынғы орынға шығуы. Әдебиеттің реалистік, романтикалық сипаттары.

Қазақ даласындағы өмір құрылыстарын өлең, жыр, толғауларында бейнелеген қазақ поэзиясының көрнекті өкілдері; Байтоқ, Жанұзақ, Барақ жырау, Махамбет, Шернияз, Алмажан, т.б

Әдебиет теориясы: сыншылдық дәстүр;

1.2.тақырып. Абыл Тілеуұлы. « Арғымақ атта сын болмас» жыр-толғауы мен «Қырымның қырық батыры» дастаны.Абыл ақынның туған, тәлім алған ортасы, шығармаларының бізге жету тарихы. «Арғымақ атта сын болмас» толғауындағы дидактикалық сарын. Жырларындағы халық қамын ойламаған бай-сұлтандарды сынауы. Абыл шығармаларының өзінің алдындағы жыраулармен үндестігі.

«Қырымның қырық батыры» дастанындағы тарихилық пен көркемдік мәселелері.

Әдебиет теориясы: эпикалық жанр

1.3.тақырып. Дулат Бабатайұлы «Аягөз» өлеңі мен «Еспембет» дастаны.

Ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет.Дулат 19-ғасырдың орта кезіндегі қазақ поэзиясын мазмұн, тақырып, түр жағынан байыта түскен, орта көркемдік тәсіл тұрғысынан жаңа сатыға көтерген ірі ақын. «Аягөз» өлеңінің тақырыбы мен көркемдік ерекшелігі, тіл оралымы.

Дулат Бабатайұлының шығармашылығындағы өмір шындығы, екі жақты зорлық-зомбылықты әшкерлеп жазуы.

«Еспембет» дастаны. Еспембет бейнесін сомдаудағы ақындық тәсілдер. Соғыс понорамасы. Оны көрсетудегі ақындық шеберлік. Поэманың өлең өрнегі, поэтикалық тіл нәрі. Дастандағы Ақбөрте тұлпардың образы.

Әдебиет теориясы: Аллетерация, ассонанс, эпитет, метафора, теңеу.

1.4.тақырып Махамбет Өтемісұлы

«Менің атым Махамбет», «Атадан туған аруақты ер», «Нарын», Тайманның ұлы Исатай», «Ақынның отты поэзиясы». Махамбет өлеңдеріндегі романтикалық сарын. Ақынның өмір сүрген дәуірі мен ақын өлеңдерінен көрініс табатын халықтың арман-тілегі. Махамбет жырларындағы Исатай мен ақынның өз бейнесі. Батыр образын сомдаудағы ұлттық дәстүрлі нақыштар мен Махамбетке тән сөз қолданыстар. Халық трагедиясы-ақын трагедиясы.

Әдебиет теориясы: Әдебиеттің қоғам өмірімен байланыстылығы туралы. Дыбыс, қайталай, ассонанс, аллитерация, риторикалық сұрау.

Пән аралық байланыс: Тарих. Қазақстан XVIII ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстанның ішкі және сыртқы саясаты. Кіші жүздегі шаруа көтерілісі (1783-1797). 1836-1837 жылдары Бөкей хандығындағы Исатай Тайманұлы басшылығымен болған шаруалар көтерілісі.

Музыка Құрманғазы. «Лайшкен», «Кішкентай».

1.5.тақырып. С.Аронұлы «Бөрілі менің байрағым», «Ту алып жауға шапсаң сен», «Датқалар» өлеңі,Сүйінбай мен Қатаған айтысы

Сүйінбай –айтыстың асқан шебері және қазақ пен қырғыз елдеріне өткір тілді, озық ойымен кеңінен танылған ақын. Ол халық мұңын мұңдап, үстем тап өкілдерінің әділетсіздігін бетіне басып әшкерлеп отырған батыл да әділ сыншы;Өмір туралы, замана болмысы, жастық пен кәрілік жайлы ойлы лирикалық өлеңдерін дәйектеп көрсету.

Әдебиет теориясы: Айтыс туралы ұғымды кеңейту;

1.6. тақырып . Шығарма 19 ғасырдың 1 жартысындағы қазақ әдебиеті

1.7. тақырып. М. Сұлтанұожаұлы «Толғау», «Үш жігіт», «Аңқау мен қу», «Жылдың төрт мезгілі».

Ақынның өмірі мен шығармашылығын таныстыру,би - болыстардың елжегіштік мінездерін, махаббат бостандығын, жалпы адам мінездерін түзету,еңбекке, елге, жерге деген шексіз сүйіспеншілікті, ақын шығармаларындағы терең ойшылдық пен өткір сықақшылдықты көрсету.Көнеден келе жатқан дидактикалық сарынды жалғастырушы ақын екендігі. Майлықожаның адам мінезіндегі кемшіліктерді, еңбекке, елге деген сүйіспеншілікті жырлауы.

Әдебиет теориясы: троп түрлері;

2-бөлім. 19- ғасырдың екінші жартысындағы әдебиет

XIX ғасырдың екінші жартысындағы қазақ әдебиетінің демократтық, аңартушылық бағытының ұлттық әдебиетінің болашақ даму жолын бағыттаған беталыс екендігі.Шоқан, Ыбырай мен Абай негізін салған қазақтың демократтық жаңа әдебиетінің тууы. Ағартушылық идеяның алдынғы орынға шығуы. Қазақ әдебиетінде ақындықтың, жазушылықтың жаңа үлгісінің пайда болуы.

Әдебиеттің реалистік сипаты. Романтикалық үлгідегі шығармалардың пайда болуы. («Медғат-Қасым», «Дағыстан».)

2.1. тақырып. Қашаған Күржіманұлы. «Есқали сұпыға айтқаны», «Осы күні жолдас болдым сексенменен» өлеңдері. «Адай тегі» дастандары. Қашаған өмір сүрген кезеңдегі тарихи-әлеуметтік жағдай және ол дүниеге келген өңірдегі ақындық дәстүр. Адамдар арасындағы қарым-қатынас туралы, адамның жас ерекшелігі туралы толғамдары. Дастандарындағы халықтың көне тарихы мен шежіресін жырлауы. Қанағанның қазақ әдебиеті тарихындағы ірі ақын, айтыскер жырау болғандығы.

Әдебиет теориясы: толғау туралы ұғымды кеңейту.

Пәнаралық байланыс: Қазақстан тарихы.



    1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет