ТҮЙІН СӨЗДЕР МЕН ТҮСІНІКТЕР
Бейіндік оқыту – білім беру процесінің мазмұнындағы, құрылымдағы және ұйымдастырылуындағы өзгерістер есебінен оқушылардың қызығушылықтары мен қабілеттерін неғұрлым толық ескеруге мүмкіндік беретін оқытуды саралау мен даралау құралы.
Бейіндік пән – жалпы орта білім берудің жоғарғы (бейіндік) мектебінде бейіндік оқытудың әрбір бағытының мазмұнын анықтайтын оқу пәні.
Білім беру процесінің мониторингі – білім беру ұйымдарында білім беру процесін жүзеге асыру жағдайларын және нәтижелер өзгерісі серпіні мен жай‑күйін жүелі бақылау, талдау, бағалау және болжау.
Диагностика – оқу процесінің жағдайларын объективті және жан‑жақты зерттеуді қамтамасыз ететін оқудың өлшенетін көрсеткіштерін алу тәсілі; Танымдық процесте орын алып отырған барлық өзгерістерді анықтау тәсілі. Диагностика бақылаудан (тексеру), бағалаудан статистикалық деректердің жинақталуынан, олардың талдауынан серпін мен беталыс айқындаудан және одан әрі дамудың болжауынан тұрады.
Оқу бағдарламасы – әрбір оқу пәні бойынша меңгерілуі тиіс білім, білік, дағдылар мен іс әрекет тәсілдерінен мазмұны мен көлемін, сондай‑ақ бөлімдер мен тақырыптардың оқу жылы бойынша бөлінген мазмұнын анықтайтын құжат.
Өлшеуіштер – оқушылардың деңгейлік оқу дайындығын алдын‑ала берілген сандық және сапалық сипаттамаларының көрсеткіштері бойынша айқындау құралдары мен тәсілдері.
Элективтік курстар (таңдау бойынша курстар) – мазмұны оқушылардың жеке икемділіктері мен таңдауына сәйкес оқушылардың танымдық қызығушылықтарын қанағаттандыруға мүмкіндік беретін оқу курстары, пәндер бойынша білімдердің кеңейтілуі мен тереңдетілуіне септігін тигізетін элективтік курстардың жиынтығы (таңдау бойынша курстар) базистік оқу жоспарының вариативтік бөлігін құрайды.
Құзірет – қойылған мақсаттарға жету үшін ішкі және сыртқы ресурстарды тиімді іске асыруға дайындық; жеке және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында табысты іс‑әрекетке дайындық, білім беру жүйесіне әлеуметтік тапсырысты құрайды.
Достарыңызбен бөлісу: |