Жұмысқа бөлу және жіберу мынадай тәртіппен жүзеге асырылады: - ЖОО-ларда философия докторларын (РhD) жұмысқа дербес бөлу жөніндегі комиссиялар құрылады;
- Философия докторларын (PhD) дербес бөлу ұсынылған ЖОО-лар мен ғылыми ұйымдардың кадрлардағы қажеттілігі туралы өтінімдеріне сәйкес жүзеге асырылады.
- Жұмысқа бөлу кезінде бос жұмыс орындары болмаған жағдайда бөлу жөніндегі комиссиялар философия докторларын (Phd) жұмысты өтеу мерзімінде жұмыссыз ретінде есепте болған уақытты есептей отырып, тікелей тұрғылықты жеріндегі халықты жұмыспен қамту орталығына жұмыс іздеп жүрген адам ретінде тіркеуге тұруға жібереді.
- Ағымдағы жылы оқуын бітірген философия докторлары (PhD) 1 қыркүйектен кешікпей жұмыс орнына жолдама бойынша келеді.
2021 жылғы 8 қаңтардағы № 410-VI заңмен «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, оларға сәйкес: - ҚР азаматтары жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымын бітіргеннен кейін:
- 1) ақылы негіздегі оқудан мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға ауысқан;
- (2012 жылдан бастап оқуға түскен және қазіргі уақытта жұмысты өтеп жүргендерге, яғни өзгерістер қолданысқа енгізілгенге дейін туындаған қатынастарға қолданылады)
- 2) мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқудан ақылы негіздегі оқуға ауысқан;
- (2021 жылдан бастап оқуға түскендерге қолданылады)
- 3) ағымдағы немесе келесі оқу жылы ішінде кейіннен қайта қабылдану шартымен жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымынан шығарылған (2021 жылдан бастап оқуға түскендерге қолданылады) жағдайларда осы тармақта көзделген мерзім шегінде мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша іс жүзінде оқу уақытына мөлшерлес жұмыспен өтейді.
- Жұмыспен өтеу мерзімін анықтау формуласына сәйкес бюджет қаражаты есебінен кеткен шығыстарды іс жүзінде жұмыспен өтелген кезеңге мөлшерлес өтеу көзделген.
Достарыңызбен бөлісу: |