Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі астана қаласы білім басқармасы диалогтық ОҚытудың ТӘсілдері



Дата08.06.2018
өлшемі81,16 Kb.
#41585
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АСТАНА ҚАЛАСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ

ДИАЛОГТЫҚ ОҚЫТУДЫҢ ТӘСІЛДЕРІ

Оқу өзге тілде жүретін 5-7 сынып оқушыларына арналған факультатив бағдарламасы

Бағдарлама авторлары:

Ибраева Қалдыбала Алдабергеновна-

№31мектеп-гимназиясының қазақ тілі

мен әдебиеті пәнінің мұғалімі,

Исмагулова Алтын Ошақбаевна-

Ақмола облысы, Жақсы ауданы,Қабдеш

Өскенбай атындағы Қима орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Астана -2017


Пікір жазған:

А.Бадел - «Профи Медиа» ЖШС жанындағы «Profi Education» кәсіптік даярлау және біліктілік арттыру оқыту-әдістемелік орталығының меңгерушісі, п.ғ.к.



Құрастырушы-авторлар: Қ.А.Ибраева, А.О.Исмагулова

Диалогтық оқытудың тәсілдері. Оқу өзге тілде жүретін сынып оқушыларына арналған факультатив бағдарламасы, 5-7 сыныптарға ұсынылады. –Астана, 2017, 28бет








Бағдарламада оқушыларды диалогтық оқытудың тәсілдеріне үйретуде қазақтың салт-дәстүрлері, еліміздің тарихы, ұлы ғұламалар жайында таныстыру көзделген.

Бағдарлама әдістемелік құралмен бірге 5-7 сыныптың оқуы өзге тілде жүретін сынып мұғалімдеріне арналған көмекші құрал бойынша факультатив сабақтарды жүргізуге арналған.

Астана қаласы №31мектеп-гимназиясының ғылыми-әдістемелік кеңесінің

шешімімен ұсынылады, хаттама №1, 30 тамыз, 2017жыл

Мазмұны

Түсініктеме.....................................................................................2


1.Кіріспе сабақ (1сағат)..................................................................4
2. «Баланың бесігі- кең дүниенің есігі» (9сағат)....................4-7
3.Кең -байтақ Қазақстан (3 сағат)...............................................7
4.Отансүйгіш ұлан болып өсеміз! (10сағат).........................7-10
5. Тарихи тұлғалар мәңгі ұмтылмайды (8сағат)...............10-13
6. Қорытынды сабақтар (3сағат)..........................................13-14
7.Қорытынды..................................................................................14
8.Тақырыптық-күнтізбелік жоспар.........................................14-27

9.Пайдаланылған әдебиеттер........................................................28



Түсініктеме

Вариатив курсының бағдарламасы

Оқу өзге тілде жүретін 5-7сынып оқушыларына арналған

Аптасына 1 сағат, барлығы -34сағат
Оқушылардың мемлекеттік тілді толық меңгеріп, бір-бірімен мәдениетаралық қатысымға қол жеткізуі үшін сол халықтың мінез-құлық мәдениеті ерекшеліктерін де меңгеруі қажет екені белгілі. Жергілікті халықтың және басқа ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілде қарым-қатынасты жүзеге асыруы -бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі. Сондықтан бүгінгі таңда оқушылардың ауызша сөйлеу әрекетін және мәдениетін қалыптастыруда диалогтың, сұхбаттың рөлі ерекше.

Бағдарлама әдістемелік құралмен бірге жүзеге асырылады. Бағдарламада ұсынылған диалогты кезеңмен оқыту тәсілдері, жұмыс түрлері, бағыттау тапсырмалары оқушыларды мағына мен білімді игерудегі бірлескен іс-әрекетке тартылумен қатар, жоғары деңгейдегі ойлау қабілеттерінің өрістеуіне және интеллектуалдық қырларының дамуына ықпалын тигізеді, олардың өзіне деген сенімін арттырады, жеткіншектерді әдептілікке, Отансүйгіштікке,еңбекқорлыққа, сөйлеу мәдениетінің қалыптасуына бағыттайды.



Өзектілігі:

Оқытудың тәжірибелік, тәрбиелік, дамытушылық міндеттерін кешенді түрде іске асыру оқушылардың санасына ғана емес, сонымен қоса оның эмоциялық қабылдауына да әсер ету арқылы іске асырылуы қарастырылған. Көзбен көру, әрі ауызша ақпарат көздерімен тікелей қарым-қатынас жасау, балаларға дәйектеу дағдыларын қалыптастыруға және жеке тәсілдермен білім алуғамүмкіндік береді.


Жаңашылдығы:

Жеткіншектерді әдептілікке, Отансүйгіштікке, еңбекқорлыққа, сөйлеу мәдениетінің қалыптасуына тәрбиелеуді оқытудың коммуникативтік технологиясын пайдалана отырып, диалогтың кезеңдері мен түрлі формалары арқылы іске асыру.


Бағдарламаның мақсаты:

Оқушылардың білімін күнделікті тұрмыс- тіршілікпен, қоршаған ортамен, қоғамдық-әлеуметтік өмірмен байланысын қазақша тілдік қатынасты жүзеге асыратын сөйлеу үлгілерін қолдану арқылы күнделікті қарым-қатынасты мемлекеттік тілде жүргізуге дағдыландыру.


Бағдарламаның міндеттері:

  • Өзге тілде оқитын оқушыларды еліміздің тарихымен, қазақ халқының салт-дәстүрлерімен таныстыру;

  • Ұлы тұлғалар жөніндегі түсінік қалыптастыру;

  • Туған жерін, қазақ ұлтын, қазақ тілін сүю, қастерлеу сезімдерінің негізін қалау;

  • Өз туған елін, ұлтын, тілін мақтан етуге және Отанын қорғауға тәрбиелеу.


Оқушыларға қойылатын талаптар:

-Диалог бірліктерін дұрыс айта білу, микродиалогта қолдану тапсырмаларын орындау;

-Есте сақтау қабілеттерін қалыптастыру жұмыстарына белсене қатысу;

-Кез келген тақырыпқа сұқбаттасуға дағдылану;

-Сауатты сөйлесе отырып, тілді меңгеру;

-Туған жерін, қазақ ұлтын, қазақ тілін құрметтеу;

-Қазақ халқының тарихын, салт-дәстүрін және тарихи тұлғаларды білу, қастерлеу.
Қысқаша әдістемелік нұсқаулық:

-Факультатив сабақтарында сұқбаттасу арқылы тілді меңгерудің маңыздылығын білу;

-Тақырыпқа қатысты сөз қорын толық игеруге ұмтылу;

- Әр тақырыптың соңында қорытынды ретінде бірнеше оқушының қатысуымен сұқбаттасу немесе эссе жазу сияқты шығармашылық жұмыстар және фонетикалық, грамматикалық тапсырмалар орындау.


Жалпы ұсынылатын тақырыптар: Туған өлке, Менің Отаным, Кең-байтақ Қазақстан, Табиғат, Қоғамдық-әлеуметтік мәдени мұралар,Тарихи ескерткіштер, Киіз үй, Музыкалық аспаптар,Сөз өнері «Өнер алды- қызыл тіл», Өнер түрлері , Қазақ халқының белгілі адамдары және олардың еңбектері, Қазақтың жарық жұлдыздары, Аты аңызға айналған адамдар туралы т.б.

Күтілетін нәтиже: диалготық оқыту тәсілдерін қолдану арқылы оқушылардың қазақ халқының салт-дәстүрлері, еліміздің тарихы, қазақтан шыққан ұлы тұлғалар жөнінде білімдері жетіледі. Диалог бірліктерін – сөздер мен сөз тіркестерін, микродиалогтар- әр жұптың шағын диалогын кез келген тақырыпқа құрастырып дағдыланған оқушының функционалдық сауаттылығы дамиды, сұқбаттасуда сауатты дара тұлға бола алады.

  1. Кіріспе сабақ (1сағат)

Қоғамдық-әлеуметтік мәдени мұраларды білудің маңызы.

-Мәдени мұра деген не?

-Қоғамдық-әлеуметтік мәдени мұраны қалай түсінесің?

-Қандай қоғамдық-әлеуметтік мәдени мұраны атай аламыз?

- Қоғамдық-әлеуметтік мәдени мұраларды қорғау, атадан балаға жеткізу жолдары мен шаралары.

Әңгіме түрінде, видеофильм көрсету, көрнекіліктер арқылы сұрақ-жауап

жұмысы.
Ықтимал сөздер: мәдени мұра, қоғамдық-әлеуметтік, мұраларды қорғау, атадан балаға жеткізу
2. «Баланың бесігі- кең дүниенің есігі» (8 сағат)
1-сабақ.

Бесік туралы түсінік, бесік түрлері
Көрнекіліктер арқылы бесіктің өзімен, жасау-жабдықтары, түрлерімен таныстырып, жалпы мәлімет беру, пікірлесу.
Ықтимал сұрақтар:

-Бесік қандай мұра деп ойлайсыңдар?

-Сіздің отбасыңызда бесік сақталды ма?

-Бесіктің бала тәрбиесіндегі рөлі қандай деп ойлайсыңдар?


Өткен сабақтағы диалог бірліктері бекітіледі: мәдени мұра, қоғамдық-әлеуметтік, мұраларды қорғау, атадан балаға жеткізу.
Жаңа сөздер:

жер бесік, тал бесік, иіп жасалған , тік жасалған,қайыңнан,қарағайдан,талдан жасалған


2-сабақ.

Бесікке бөлеу

Бесік тақырыбына байланысты ДБ (диалог бірліктерін) меңгеру,

сөздер мен сөз тіркестері (кезең тәртібі бойынша 3 сабаққа арнап алуға болады, берілген сөздердегі дыбыс ерекшеліктеріне,үндестік заңына көңіл аудару қажет ).

-Ұсынылатын сөздер:

жасау-жабдықтар, бесіктің жабдықтары, ши төсеніш, жөргек (қаузау), құс төсек, жастық,көрпе, түбек,шүмек, кепіл жастық, тартпа бау (қолбау, тізе бау), бесік жапқыш (жабу).
3-сабақ.

Бесік тәрбиесі
Тақырып бойынша МД (микродиалог ) үлгісін құрастыру,3-4 сұрақ және жауап.

- Оқушылар мұғалімнің көмегімен -бағыттауымен өз микродиалогтарын құрастырады.

-Микродиалогтың үлгісі көрсетіледі не таспадан тыңдалады.
Ықтимал сұрақтар:

-Бұл не?


-Бұл бесік.

-Бесікке кімді бөлейді?

-Бесікке кішкентай сәбиді бөлейді.
4-сабақ

Бесіктің пайдасы
Оқушылар құрастырылған микродиалогтарымен жұмыс істейді, әр оқушының диалогы тыңдалып, қызықты диалогтар аталады.

Бесік жабдықтары атауларын дұрыс атау, дұрыс қолдануға арналған жұмыс түрлері алынады.


Ықтимал сұрақтар:

-Жөргек қандай болу керек?

-Тартпа бау не үшін қажет?

Оқушылар өткен сабақтарда құрастырған МД -ның көлемін кеңейту тапсырмаларын орындайды.


5-сабақ

Бесік туралы ой, пікірлер

"Баланың бесігі- кең дүниенің есігі"
Микродиалогтан диалогқа өту кезеңіне дайындық, 7-8 сұрақ-жауаптан тұратын диалогтар құрастырылады.

Пікірталас диалогын қалыптастыру жұмыстарын жүргізу.

Бірнеше оқушының қатысуымен сұқбат (полилог) дайындау әдісі осы кезеңде енгізіледі.

Менің ойымша..., менің пікірімше ... , осылай ойлаймын деген сөз тіркестерін қолдана отырып сөйлеседі.


-Бесік және бесік тәрбиесі туралы тарихи оқиғалар, әңгімелер, пікірлер іздестіреді;

-Даналық сөздер, мақал-мәтелдермен танысып,алмасады.

Мысалы:

"Тәрбие бесіктен басталады", "Ел іші- алтын бесік", т.б.



6-сабақ

Бесік туралы ғалымдар не дейді?
-Бесік туралы тарихи оқиғалар, әңгімелер, пікірлер іздестіру, танысу.

-Бесік және бесік тәрбиесі туралы даналық сөздер, мақал-мәтелдермен танысу.



"Бесік тәрбиесі-тәрбиенің төресі"деген пікірмен келісу не келіспеушіліктерін білу мақсатында шағын сауалнама алынады.

Тірек –кесте, пікірталас диалогы, фильмдер көрінісі арқылы пікір алмасып, сөз қоры бекітіледі.

Менің ойымша..., менің пікірімше ... ,осылай ойлаймын ... сияқты сөз тіркестері қолданылады.
7-сабақ

Бесік жыры

Кел, «Бесік жырын» үйренейік!

« Бесік жырын » тыңдау, түсіну;

"Бесік жырларын" 4жол өлең құрастыруға талпындыру.
Ықтимал сұрақтар:

- Кім қандай «Бесік жырын» біледі?

-Өз аналарың қандай " Бесік жырын" біледі?

Микродиалогтармен өзара алмаса не болмаса ең сәтті диалогтарды біріктіре отырып, бір немесе бірнеше көлемді оқу диалогы дайындалады.


8- сабақ.

Бесік жырының түрлері
-Бесік жырларын жаттау.

Тақырып бойынша меңгерілген сөз қорын, сөйлем үлгілерін оқушылардың жадында рөлдік ойындар, тірек –кесте, пікірталас диалогы, фильмдер көрінісі арқылы бекітуге болады.


Рөлдік ойын: Тілшімен сұқбаттасу

Ықтимал сұрақтар:

-Бесік жырының қазіргі замандағы маңызы қандай?

-Бесік жырының сәбиге тигізетін әсері бар ма?

-Бесік жырларын жаттау.
9-сабақ

Қорытынды.

Тақырып бойынша меңгерілген сөз қорын, сөйлем үлгілерін оқушылардың жадында бекіту жұмыстары.


Шығармашылық тапсырма: Эссе жазу
3.Кең -байтақ Қазақстан (3 сағат)
1- сабақ

Кең далам-қасиетті мекенім

Қазақстанның кең байтақ даласын және байлығын паш ететін видеофильмдер көрсету.


Ықтимал диалог бірліктері:

Кең-байтақ, созылып жатыр, шекарасы, шикізат, шөлдер мен шөлейттер, жазық далалар, көгілдір көлдер өлкесі, далалы өлке, ақ бас таулы өлке, жер бедері, өсімдіктері, шаршы шақырым, т.б.


2-сабақ

"Жері байдың елі бай"
Қазақстанның физикалық картасы бойынша сөйлесу, кен-байлықтарымен видеофильмдер арқылы танысу.

Ықтимал сөздер:

Пайдалы қазбалары, кен орындары, ең ірі кеніш, қара және түсті металдар,

жердің беткі қабаты, өндіріледі, шартты белгілер,т.б.


3-сабақ

Қазақстанның қалалары
Қазақстанның географиялық картасы бойынша сөйлесу, Қазақстан қалаларына видеофильм арқылы саяхат жасау.
Ықтимал сөздер:

Әлемге әйгілі, көрікті қала, паш етеді, облыс орталығы, әмбебап ғимарат,әлемде теңдесі жоқ, батыс, шығыс аймақтары, т.б.


4. Отансүйгіш ұлан болып өсеміз! (10сағат)
Диалогтың кезеңдері бойынша сөйлесуді қалыптастыру барысында әр сабақта«Туған өлке», «Кең байтақ Қазақстан», «Менің Отаным», «Туған қалам» « Отаншылдық» тақырыптарына байланысты сөз қорын бекітіп және өлеңдер, мақал-мәтелдер, оқиға –әңгімелермен танысу, пікірлесу.
1-сабақ

Отансүйгіш болу дегеніміз не?
-Отан тақырыбына арналған мәтіндер мен өлең-жырларды тыңдау, оқу.

-Сұрақ-жауаптар, көрнекіліктер көмегімен әңгімелесу, пікір алмасу.


Ықтимал сөздер мен сөз тіркестері:

Отан қорғау, азаматтық парыз, міндет, көп ұлтты, құрметтеу, қастерлеу, т.б.


Ықтимал сұрақтар:

-Отаншылдық деген не?

-Отаншылдық деген өзің туған елді құрметтеу, қастерлеу және қорғау.

-Сенің Отаның қай ел?

-Менің Отаным Қазақстан Республикасы.

-Қазақстан қандай ел?

-Қазақстан жері бай, халқы көп ұлтты, тәуелсіз мемлекет.

-«Отан қорғау» дегенді қалай түсінесің?

-«Отан- сенің ата-анаң,

Отан- досың, бауырың»,- деген. Қазақстан Республикасын қорғау- қасиетті парызымыз және міндетіміз.


2-сабақ

Менің азаматтық парызым
Бірінші 3 кезеңге арналған диалог бірліктері, яғни осы кезеңдерге іріктелген сөздер және сөз тіркестерімен таныстыру.

Өткен сабақтағы қолданылған мәтіндерден де алынады.


Ықтимал сөздер мен сөз тіркестері:

Отан қорғаушы, ел бірлігі, Тәуелсіз ел, сүйіспеншілігін ояту, Отанын сүю, ата-анасын сүю, туыстарын және достарын сүю.


3-сабақ

"Туған жер-алтын бесік"

Бірінші 3 кезеңге арналған диалог бірліктерін тиянақты меңгертуге арналған тапсырмаларды орындап жаттығу.

Тәуелдік жалғау мен ілік септігінің байланысын дұрыс қолдануға арналған тапсырмалар орындау, сөйлесуде дұрыс қолдану.
Ықтимал сұрақтар:

-Қазақстанның әр азаматының парызы қандай?

- Қазақстанның әр азаматының парызы- өз туған жерін сүю, қастерлеу және қорғау.

-Сөз тіркестерінің байланысына көңіл аудару: Қазақстанның азаматы, әр азаматының парызы


4-сабақ

Асыл арманымыз- Қазақстан тәуелсіздігінің мәңгілігі
-4-кезең, микродиалог құрастыру тапсырмаларын орындау.

-Берілген тақырыпқа сәйкес шағын диалог(МД) үлгілері, Отан туралы ән таспадан тыңдалады.

-Оқушылар әрқайсысы өз шағын диалогын(МД) құрастырады.

-Сұраққа нақты жауап беруге дағдыланады,


Ықтимал сұрақтар:

-Асыл арманың қандай?

-Мәңгі тәуелсіз ел болу жақсы ма?
5-сабақ

Отансүйгіш ұлан бол!

- 5-кезең, әр оқушының микродиалогының дыбысталу сәті, яғни тыңдалуы, қатесін анықтау, көмектесу.

-Әр оқушы өз диалогын мәнерлеп айтып береді.

- Сөйлемдердегі сөздердің орын тәртібін қадағаланады..
6-сабақ

"Отан- сенің ата-анаң"
-6 кезең, микродиалогтармен жұмыс.

Әр оқушының микродиалогы жұппен орындалады, рөлдерді ауыстырып машықтанады.Бұл жұмыс түрі оқушылардың бір-бірінің ойын түсініп, әрі қарай жалғастыру дағдысын қалыптастырады .

Отан , ата-ана туралы өлеңдер жаттау.
7-сабақ

"Отан- досың, бауырың"
- 7-кезеңге арналған тапсырмалармен жұмыс.

- Тақырып бойынша шағын диалогтардан оқу диалогына өту:

-Берілген тақырыпқа сәйкес оқу диалогы таспадан тыңдалады.

-Оқушылардың ұсыныстары бойынша диалогтағы айтылған ойлар толықтырылады, көлемі өседі.

-Отан, достық. отбасы туралы даналық сөздермен танысып, ой -пікір алмасу.
8-сабақ

Қазақстан әскері- Тәуелсіздік тұғыры
Қазақстан әскері туралы видеофильм көрсетіледі.

-8-кезеңге арналған тапсырмалармен жұмыс.

Оқушылар жұптасып фильмнің мазмұны туралы оқу диалогын құрастырады.
9-сабақ

Сауалнама
-9,10 кезеңдер- көлемді оқу диалогтарын бекіту.

Дайындалған оқу диалогтарын тыңдау, мәнерлеп сөйлесуге,өз пікірін білдіруге машықтандыру.

Сауалнама сұрақтарына жазбаша жауап беру.

Оқушыларға туған жерін сүюге, қорғауға жетелейтін, жүректерінде намысын қозғап, Отанына деген сүйіспеншілігін оятатын сауалнама сұрақтары ұсынылады.

- Отансүйгіш болу дегеніміз – өз отбасын, туыстарын, достарын сүю ме?

-Биік мақсатымыз, асыл арманымыз - Қазақстан тәуелсіздігінің мәңгілігі деген пікірге қосыласың ба?

- Қазақстан жерін басқа елдің азаматтарына қорғауға сеніп тапсырар ма едің?

- Отаныңды қорғау үшін арнайы дайындықтар қажет пе?

- Әскери дайындықтан өту кезеңі - жүрегіңе қандай сезім әкеледі?

- Сенің отбасыңда әскер қатарында болған адам бар ма ?

- Әскери дайындықтан өтуге бір жыл уақыт жетеді ме?

- Баласын әскер қатарына жібермейтін ата-аналарға не айтар едің?

-Әскерде темірдей тәртіп болғаны дұрыс па?

- Әскер қатарына барар ма едің?


10-сабақ

Қорытынды сабақ
Осы тақырыпқа арналған сауалнама сұрақтары мен жауаптарын қолданып пікірталас диалогы жүргізіледі.

Отан тақырыбына мәнерлеп өлеңдер оқу, сұрақтар қою арқылы өлең мазмұнын түсіну.

Менің ойымша..., менің пікірімше ... ,осылай ойлаймын ... сияқты сөз тіркестері қолданылады.
5.Тарихи тұлғалар мәңгі ұмтылмайды (8сағат)
1-сабақ

Қазақстанның тарихы және тарихи тұлғалар .
-Жалпы шолу сабағы.

-Қазақстан Республикасының тарихы және тарихта есімі сақталған тұлғалар .

Мұғалім не жауапты бір оқушы слайд шоу дайындайды,

-Белгілі тұлғаларды атау, өмірі, ерліг і және еңбектері туралы әңгімелесу

Тақырып бойынша қажетті сөздер мен мөз тіркестері беріледі.
Ықтимал сөздер:

мәңгі ұмтылмайды, есімі сақталған,тарихи тұлғалар, халық салтын құрметтеу, аты аңызға айналған т.б.


2-сабақ

Шоқан Уәлиханов – аса көрнекті ғалым және ағартушы
-Шоқан Уәлиханов – аса көрнекті ғалым және ағартушы

-Шоқан Уәлиханов туралы мәлімет тыңдалады.


Ықтимал диалог бірліктері:

аты белгілі, дүние жүзіне, алғашқы саяхат, баға жетпес, зерттеу жұмыстары т.б.



3-сабақ

Шоқанның туған өлкесін зерттеуі (Іле өлкесінің географиялық очерктері).
Бірінші 3 кезеңге арналған сөздер мен сөз тіркестерімен(ДБ) жұмыс.

Диалог бірліктеріне іріктелген сөз тіркестерінің өз ара байланысына, дыбыс ерекшеліктеріне назар аударылады,

Қазақтардың космологиялық түсініктері, Іле өлкесінің географиялық очерктері туралы қысқаша мәлімет айтылады.

Диалог бірліктеріне іріктелген сөз тіркестерінің өз ара байланысына, дыбыс ерекшеліктеріне назар аударылады.


Ықтимал сұрақтар:

- Шоқан Уәлиханов аспан әлеміне қызықты ма?

-Жұлдыздар туралы не жазды?
4-сабақ

Шоқанның этнография және фольклор саласындағы еңбектері
- 4-кезең, шағын микродиалогтар құрастыру.

-"Қозы Көрпеш-Баян сұлу", "Ер Қосай","Ер көкше" қырғыздың "Манас" жырлары туралы қысқа мәлімет тыңдалады.

Микродиалогтар құрастыру:
Ықтимал сұрақтар:

-Шоқан Уәлиханов қандай жырлар жазған?

-"Қозы Көрпеш-Баян сұлу"жыры не туралы?
5-сабақ

Қашғария саяхаты жәңе зерттеу жұмыстары
-5,6- кезеңдер, оқушылардың өз микродиалогтарын мәнерлеп оқуы, айтуы арқылы топ оқушылары әр түрлі микродиалогтармен таныстырылады.

Қашғария сапарының ғылыми нәтижелері туралы қысқа мәлімет жасалады.


Ықтимал сұрақтар:

-Шоқан Уәлиханов қай елге саяхат жасады?

- Шоқан Уәлиханов қандай атақты еңбек жазды?

-Қашғария сапарының ғылыми нәтижелері қандай болды?


6-сабақ

Киіз үй- ата-баба мұрасы
-7-кезең, тақырып бойынша шағын диалогтардан оқу диалогына өту

Оқушылардың шағын диалогтары тыңдалып, толықтырылады, көлемі өседі.

-Киіз үйдің көшпенді халық өміріндегі маңызы, қазіргі біздің өміріміздегі алатын орны туралы видеофильм және басқа көрнекіліктер арқылы мәліметтермен танысу. Шоқан Уәлихановтың "Киіз үй" туралы мақаласы оқылады.

-Оқушылардың киіз үй туралы пікірлері сұралады.


Ықтимал сөздер мен сөз тіркестері: үйдің құрылымы, киіз үйдің сүйектері, тор көз керегелер, уық, шаңырақ,киіз, киіз үйдің қаңқасы, қайыс баулар, киіз үйдің жасауы, киіз үйдің ішкі жасауы ;
Киіз үй жабдықтары:

Аяқ бау, бақан, басарқан,басар,басқұр, белбау, белдеу, дөдеге, жел арқан, желбау, құр, тегеріш, туырлық, түндік, уыққап, үзік.


Киіз үй атаулары:

Абылайша, Аң шаңқан үй, Ақ тағыр, Жаппа, Жолым үй, Қара құрым үй, Қара үй, Қараша үй, Орда, Отау, Тоңқайма, Ұранқай


Ықтимал сұрақтар:

-Халқымыздың байырғы баспанасы қалай аталады?

-"Киіз үй"жайында алғаш қандай ғалым жазды?

7-сабақ

Киіз үй жиһаздары
- 8,9 кезеңдер- көлемі өскен оқу диалогтарын бекіту, бір сұқбатта бірнеше оқушынының қатысуымен сөйлесуді дағдыландыру.

-«Киіз үй» туралы мақалалар, еңбектер іздестіру (Ш, Уәлиханов, т.б. жазушылардың мақалаларын оқу)


Ұсынылатын жаңа сөздер:

Абажа,әбдіре,ағаш төсек,адалбақан,асадал,бөгіре,жағылан,жозы,жүкаяқ,кебеже,сандық;

Бір сұқбатта бірнеше оқушынының қатысуымен сөйлесуді дағдыландыру.
8-сабақ

Киіз үй туралы жұмбақтар мен өлеңдер
- Киіз үй туралы жұмбақтармен танысу.

-Жұмбақ шешу кезеңінде полилог диалогын қолданып , яғни бірнеше оқушыны сұқбаттасуға дағдыландырып сөйлесу.


Ықтимал жұмбақтар:

-Әкесі баласын көтеріп,

Баласы бөркін көтеріп тұр

(Кереге мен шаңырақ)


-Жетпіс кемпір жер тістеп жатыр.

(Жайылған керегенің сағанақтары яғни керегенің аяқтары)


-Жайсаң қабырға

Жисаң қом етесің,

Жиылғанда киер екі кепесін.

(Кереге және жиылғанда керегенің басына кигізілетін кере қап)


-Қазша қанатын жаяды,

Үйрекше мойнын созады,

Құсша қонады. (Киіз үй) т.б.
6. Қорытынды сабақтар ( 3сағат)
1-сабақ

"Жер бетіндегі ең үлкен байлық-бұл қарым-қатынас байлығы"-пікірлесу. Даналар сөздерінің мазмұнын түсіну.
-Оқушылар қалаған тақырыбына микродиалог құрастырып сұқбаттасады.

-Тірек -кестелердің көмегімен сөйлесуге машықтанады, өз жұптарының ойларын жалғастырады.

Мұғалімнің алдын ала дайындаған тірек- кестелері оқушыларға интерактивті тақтада ұсынылады .



2-сабақ

"Жер бетіндегі ең үлкен байлық-бұл қарым-қатынас байлығы"-пікірлесу. Эссе жазу.
-Мұғалім сұрақ-жауап арқылы тақырыптың мазмұнын бекітеді.

"Жер бетіндегі ең үлкен байлық-бұл қарым-қатынас байлығы"- пікірлесу.


3-сабақ

Өткен тақырыптар бойынша постер жасау
Өткен тақырыптар бойынша оқушылар өз лебіздерін білдіріп постер жасайды. Оқушылар постер тақырыбын өздері таңдайды.
Ықтимал тақырыптар:

-Білгенің бір тоғыз,

Білмегенің тоқсан тоғыз.

-Білгенге маржан



Қорытынды:

Факультатив сабақтарында оқушылардың мемлекеттік тілде қарым -қатынас жасай отырып, өз ара сұқбаттасуға талпыныстары, шығармашылық тапсырмалар орындау кезеңдері, өз ойларын қорытындылауға, нәтижесін көруге және көрсетуге талпындырады. Оқушы ізденіс барысында материалға шығармашылық тұрғыдан қарайды, алған білімдерін теориялық және тәжірибелік жұмыста қолданады, өзіне сенімділігі артады, өзін басқа қырынан көріп, таниды. Жас өспірімдердің алдында халықтың тарихына, әдебиетіне,мәдениетіне,әдет-ғұрпына, жалпы рухани мұрасына жаңаша қарау мүмкіндігі ашылады. Атап айтсақ, әр сабақтың идеясы жеткіншектерді әдептілікке, Отансүйгіштікке, еңбекқорлыққа, сөйлеу мәдениетінің қалыптасуына бағыттайды.

Орыс сыныбындағы қазақ тілі пәні бойынша факультатив сабақтарының тақырыптық-күнтізбелік жоспары

Аптасына 1сағат (барлығы 34сағат)






Тақырыбы

Сағат саны

Жұмыс түрлері

Диалог бірліктері


1


Кіріспе сабақ
Қоғамдық-әлеуметтік мәдени мұраларды білудің маңызы.

1

Әңгіме түрінде, видеофильм көрсету, көрнекіліктер арқылы сұрақ-жауап

жұмысы


Ықтимал сөздер:

мәдени мұра,

қоғамдық-әлеуметтік,

мұраларды қорғау, атадан балаға жеткізу


2



«Баланың бесігі- кең дүниенің есігі» (9-сағат)





1-сабақ.

Бесік туралы түсінік, бесік түрлері


1

Көрнекіліктер арқылы- бесіктің өзі мен жасау-жабдықтары, түрлерімен таныстырып, жалпы мәлімет беру, пікірлесу.
Ықтимал сұрақтар:

-Бесік қандай мұра деп ойлайсыңдар?

-Сіздің отбасыңызда бесік сақталды ма?

-Бесіктің бала тәрбиесіндегі рөлі қандай деп ойлайсыңдар?



Өткен сабақтағы диалог бірліктері бекітіледі:

мәдени мұра,

қоғамдық-әлеуметтік,

мұраларды қорғау, атадан балаға жеткізу.
Жаңа сөздер:

жер бесік, тал бесік,иіп жасалған, тік бесік, қайыңнан,

қарағайдан,талдан жасалған бесік






2-сабақ.

Бесікке бөлеу




Бесік тақырыбына байланысты ДБ


Сөздер мен сөз тіркестері (кезең тәртібі бойынша 3 сабаққа арнап алуға болады), сөздердегі дыбыс

ерекшеліктеріне,

үндестік заңына көңіл аудару қажет.

Ұсынылатын сөздер:

жасау-жабдықтар, бесіктің жабдықтары, ши төсеніш, жөргек (қаузау), құс төсек, жастық,көрпе, түбек,шүмек, кепіл жастық, тартпа бау (қолбау, тізе бау), бесік жапқыш (жабу),бөлейді, әлдилейді
Ықтимал сұрақтар:

-Баланың төсегі қандай болу керек?

-Ши төсеніш не үшін керек?






3-сабақ.

Бесік тәрбиесі

1

Микродиалогтың үлгісі интерактивті тақтада көрсетіледі не таспадан тыңдалады.

Оқушылар мұғалімнің көмегімен -бағыттауымен өз микродиалогтарын құрастырады.


Ықтимал сұрақтар:

-Бұл не?


-Бұл бесік.

-Бесікке кімді бөлейді?

-Бесікке кішкентай сәбиді бөлейді.






4-сабақ

Бесіктің пайдасы

1

Оқушылар құрастырылған МД-мен жұмыс істейді, әр оқушының диалогы тыңдалып, қызықты диалогтар аталады.


Бесік жабдықтары атауларын дұрыс атау, дұрыс қолдануға арналған жұмыс түрлері алынады.

Үлгі:

-Жөргек қандай болу керек?



-Тартпа бау не үшін қажет?

Оқушылар өткен сабақтарда құрастырған МД -ның көлемін кеңейту тапсырмаларын орындайды.







5-сабақ

Бесік туралы ой, пікірлер

"Баланың бесігі- кең дүниенің есігі"



Пікірталас диалогын қалыптастыру жұмыстарын жүргізу.


Бірнеше оқушының қатысуымен сұқбат (полилог) дайындау әдісі осы кезеңде енгізіледі.

Менің ойымша..., менің пікірімше ... , осылай ойлаймын деген сөз тіркестерін қолдана отырып сөйлеседі.


-Бесік және бесік тәрбиесі туралы тарихи оқиғалар, әңгімелер, пікірлер іздестіреді;

-Даналық сөздер, мақал-мәтелдермен танысып,алмасады.

Мысалы:

"Тәрбие бесіктен басталады", "Ел іші- алтын бесік", т.б.








6-сабақ

Бесік туралы ғалымдар не дейді?




Микродиалогтармен өзара алмаса не болмаса ең сәтті диалогтарды біріктіре отырып, бір немесе бірнеше көлемді оқу диалогы дайындалады.



"Бесік тәрбиесі-тәрбиенің төресі"деген пікірмен келісу не келіспеушіліктерін білу мақсатында шағын сауалнама алынады.

Тірек –кесте, пікірталас диалогы, фильмдер көрінісі арқылы пікір алмасып, сөз қоры бекітіледі.

Менің ойымша..., менің пікірімше .., осылай ойлаймын ... сияқты сөз

тіркестері қолданылады.







7-сабақ.

Кел, бесік жырын үйренейік!

1

« Бесік жырын » тыңдау, түсіну;
"Бесік жырларын" 4жол өлең құрастыруға талпындыру.

Ықтимал сұрақтар:

- Кім қандай «Бесік жырын» біледі?

-Өз аналарың қандай " Бесік жырын" біледі?








8- сабақ.

Бесік жырының түрлері

1

Бесік жырларын жаттау

Рөлдік ойындар, тілшімен сұқбаттасу,т.б.

Ықтимал сұрақтар:

-Бесік жырының қазіргі замандағы маңызы қандай?

-Бесік жырының сәбиге тигізетін әсері бар ма?






9- сабақ.

Қорытынды.


1

Тақырып бойынша меңгерілген сөз қорын, сөйлем үлгілерін оқушылардың жадында бекіту жұмыстары.

Шығармашылық тапсырма


Эссе жазу


3


Кең -байтақ Қазақстан (3 сағат)






1- сабақ
Кең далам-қасиетті мекенім


1

Қазақстанның

кең байтақ даласын және байлығын паш ететін видеофильмдер көрсету.


Ықтимал диалог бірліктері:

Кең-байтақ, созылып жатыр, шекарасы, шикізат, шөлдер мен шөлейттер, жазық далалар, көгілдір көлдер өлкесі, далалы өлке, ақ бас таулы өлке, жер бедері, өсімдіктері, шаршы шақырым, т.б.






2-сабақ

"Жері байдың елі бай"

1

Қазақстанның физикалық картасы бойынша сөйлесу, кен-байлықтарымен видеофильмдер арқылы танысу.

Жаңа сөздер:

Пайдалы қазбалары, кен орындары, ең ірі кеніш, қара және түсті металдар,

жердің беткі қабаты, өндіріледі, шартты белгілер,т.б.







3-сабақ

Қазақстанның қалалары

1

Қазақстанның географиялық картасы бойынша сөйлесу, Қазақстан қалаларына видеофильм арқылы саяхат жасау.

Ықтимал сөздер:

Әлемге әйгілі, көрікті қала, паш етеді, облыс орталығы, әмбебап ғимарат,әлемде теңдесі жоқ, батыс, шығыс аймақтары, т.б.



4


Отансүйгіш ұлан болып өсеміз! (10сағат)







1-сабақ

Отансүйгіш болу дегеніміз не?

1

Отан тақырыбына арналған мәтіндер мен өлең-жырларды тыңдау, оқу.

-Сұрақ-жауаптар, көрнекіліктер көмегімен әңгімелесу, пікір алмасу.



Ықтимал сөздер мен сөз тіркестері:

Отан қорғау, азаматтық парыз, міндет, көп ұлтты, құрметтеу, қастерлеу, т.б.






2-сабақ

Менің азаматтық парызым

1

-Бірінші 3 кезеңге арналған диалог бірліктері, яғни осы кезеңдерге іріктелген сөздермен таныстыру.

Өткен сабақтағы қолданылған мәтіндерден алынады.

Ықтимал сөздер:

Отан қорғаушы, ел бірлігі, Тәуелсіз ел, сүйіспеншілігін ояту, Отанын сүю, ата-анасын сүю, туыстарын және достарын сүю.







3-сабақ

"Туған жер-алтын бесік"

1

Диалог бірліктерін тиянақты меңгертуге арналған тапсырманы орындап жаттығу.

Сөз тіркестері байланысын қадағалау.



Тәуелдік жалғау мен ілік септігінің байланысын дұрыс қолдануға арналған тапсырмалар орындау, сөйлесуде дұрыс қолдану.


Ықтимал сұрақтар:

-Қазақстанның әр азаматының парызы қандай?

- Қазақстанның әр азаматының парызы- өз туған жерін сүю, қастерлеу және қорғау.

Қазақстанның азаматы, әр азаматының парызы







4-сабақ

Асыл арманымыз- Қазақстан тәуелсіздігінмәңгі сақтау

1

4-кезең

МД құрастыру тапсырмаларын орындау.



-Берілген тақырыпқа сәйкес шағын диалог(МД) үлгілері, Отан туралы ән таспадан тыңдалады.

Оқушылар әрқайсысы өз шағын диалогын(МД) құрастырады.

Сұраққа нақты жауап беруге дағдыланады.
Ықтимал сұрақтар:

-Асыл арманың қандай?

-Мәңгі тәуелсіз ел болу жақсы ма?






5-сабақ

Отансүйгіш ұлан бол!

1


5-кезең


Әр оқушының МД-ның

тыңдалуы, қатесін анықтау, көмектесу.




Әр оқушы өз диалогын мәнерлеп айтып береді.

Сөйлемдердегі сөздердің орын тәртібі қадағаланады.






6-сабақ

"Отан- сенің ата-анаң"

1

6- кезең, МД-мен жұмыс.

Бұл жұмыс түрі оқушылар бір-бірінің ойын түсініп, әрі жалғастыру дағдысын қалыптастырады.



Әр оқушының микродиалогы жұппен орындалады, рөлдерді ауыстырып машықтанады.

Отан , ата-ана туралы өлеңдер жаттау.






7-сабақ

"Отан- досың, бауырың"

1

7-кезең

Тақырып бойынша шағын диалогтан оқу диалогына өту.



Берілген тақырыпқа сәйкес оқу диалогы таспадан тыңдалады.

Оқушылардың ұсыныстары бойынша диалогтағы айтылған ойлар толықтырылады, көлемі өседі.

Отан, достық. отбасы туралы даналық сөздермен танысып, ой -пікір алмасады.






8-сабақ

Қазақстан әскері- Тәуелсіздік тұғыры

1

Қазақстан әскері туралы видеофильм көрсетіледі.

Оқушылар жұптасып фильмнің мазмұны туралы оқу диалогын құрастырады.








9-сабақ

Сауалнама

1

9,10 кезеңдер- бір не бірнеше көлемді оқу диалогын бекіту.

Дайындалған оқу диалогтарын тыңдау, мәнерлеп сөйлесуге,өз пікірін білдіруге машықтандыру.

Сауалнама сұрақтарына жауап беру.






10-сабақ

Қорытынды сабақ

1

Пікірталас диалогын жүргізу.

Осы тақырыпқа арналған сауалнама сұрақтары негіз болады.


Отан тақырыбына мәнерлеп өлеңдер оқу,

сұрақтар қою арқылы

өлең мазмұнын түсіну.

Менің ойымша..., менің пікірімше ... ,осылай ойлаймын ... сияқты сөз тіркестері қолданылады.



5


Тарихи тұлғалар мәңгі ұмтылмайды (8-сағат)






1-сабақ

Қазақстан ның тарихы және тарихи тұлғалар .

1

Жалпы шолу сабағы.

Мұғалім не жауапты бір оқушы слайд шоу дайындайды


Белгілі тұлғаларды атау, өмірі, ерліг і және еңбектері туралы әңгімелесу.

Тақырып бойынша қажетті сөздер мен сөз тіркестері беріледі.


Ықтимал сөздер:

мәңгі ұмтылмайды, есімі сақталған,тарихи тұлғалар, халық салтын құрметтеу, аты аңызға айналған т.б.








2-сабақ

Шоқан Уәлиханов – аса көрнекті ғалым және ағартушы

1

Шоқан Уәлиханов туралы мәлімет тыңдалады.


Ықтимал диалог бірліктері:

аты белгілі, дүние жүзіне, алғашқы саяхат, баға жетпес, зерттеу жұмыстары т.б.






3-сабақ

Шоқанның туған өлкесін зерттеуі

(Іле өлкесінің географиялық очерктері)


1

Бірінші 3 кезеңге арналған сөздер мен сөз тіркестерімен

(ДБ) жұмыс.


Қазақтардың космологиялық түсініктері,

Іле өлкесінің географиялық очерктері туралы қысқаша мәлімет айтылады.


Диалог бірліктеріне іріктелген сөз тіркестерінің өз ара байланысына, дыбыс ерекшеліктеріне назар аударылады.


Ықтимал сұрақтар:

- Шоқан Уәлиханов аспан әлеміне қызықты ма?

-Жұлдыздар туралы не жазды?






4-сабақ

Шоқанның этнография және фольклор саласындағы еңбектері


1

4-кезең

тапсырмалары.



"Қозы Көрпеш-Баян сұлу", "Ер Қосай","Ер көкше" қырғыздың "Манас" жырлары туралы қысқа мәлімет тыңдалады.


Микродиалогтар құрастыру:


Ықтимал сұрақтар:

-Шоқан Уәлиханов қандай жырлар жазған?

-"Қозы Көрпеш-Баян сұлу"жыры не туралы?







5-сабақ

Қашғария саяхаты жәңе зерттеу жұмыстары

1

5,6-кезеңдер
Оқушылардың өз микродиалогтарын мәнерлеп оқуы, айтуы арқылы топ оқушылары әр түрлі микродиалогпен таныстырылады.
Қашғария сапарының ғылыми нәтижелері туралы қысқа мәлімет жасалады.


Ықтимал сұрақтар:

-Шоқан Уәлиханов қай елге саяхат жасады?

- Шоқан Уәлиханов қандай атақты еңбек жазды?

-Қашғария сапарының ғылыми нәтижелері қандай болды?







6-сабақ

Киіз үй- ата-баба мұрасы

1

7-кезең

тапсырмалары


Киіз үйдің көшпенді халық өміріндегі маңызы, қазіргі біздің өміріміздегі алатын орны туралы видеофильм және басқа көрнекіліктер арқылы мәліметтермен танысу.
Шоқан Уәлихановтың

"Киіз үй" туралы мақаласы оқылады.

Оқушылардың киіз үй туралы пікірлері сұралады.


Сөздік қорына : үйдің құрылымы, киіз үйдің сүйектері, тор көз керегелер, уық, шаңырақ,киіз, киіз үйдің қаңқасы, қайыс баулар, киіз үйдің жасауы, киіз үйдің ішкі жасауы ;

Киіз үй жабдықтары:

Аяқ бау, бақан, басарқан,басар,басқұр, белбау, белдеу, дөдеге, жел арқан, желбау, құр, тегеріш, туырлық, түндік, уыққап, үзік.


Киіз үй атаулары:

Абылайша, Аң шаңқан үй, Ақ тағыр, Жаппа, Жолым үй, Қара құрым үй, Қара үй, Қараша үй, Орда, Отау, Тоңқайма, Ұранқай

Оқушылардың шағын диалогтары тыңдалып, толықтырылады.
Ықтимал сұрақтар:

-Халқымыздың байырғы баспанасы қалай аталады?

-"Киіз үй"жайында алғаш қандай ғалым жазды?






7-сабақ

Киіз үй жиһаздары

1

8,9- кезеңдер Толықтырылған оқу диалогтарын бекіту.

«Киіз үй» туралы мақалалар, еңбектер іздестіру (Ш, Уәлиханов, т.б. жазушылардың мақалаларын оқу)




Ұсынылатын жаңа сөздер:

Абажа,әбдіре,ағаш төсек,адалбақан,асадал,бөгіре,жағылан,жозы,жүкаяқ,кебеже,сандық;

Бір сұқбатта бірнеше оқушынының қатысуымен сөйлесуді дағдыландыру.







8-сабақ

Киіз үй туралы жұм-

бақтар мен өлеңдер

1

- Киіз үй туралы жұмбақтармен танысу (осы құралда берілген).
-Жұмбақ шешу кезеңінде полилог диалогын қолданып, яғни бірнеше оқушыны сұқбаттасуға дағдыландырып сөйлесу.


Ықтимал жұмбақтар:

-Әкесі баласын көтеріп,

Баласы бөркін көтеріп тұр

(Кереге мен шаңырақ)
-Жетпіс кемпір жер тістеп жатыр.

(Жайылған керегенің сағанақтары яғни керегенің аяқтары)


-Жайсаң қабырға

Жисаң қом етесің,

Жиылғанда киер екі кепесін.

(Кереге және жиылғанда керегенің басына кигізілетін кере қап)


-Қазша қанатын жаяды,

Үйрекше мойнын созады,

Құсша қонады. (Киіз үй)

т.б.



6



Қорытынды сабақтар (3-сағат)






1-сабақ

"Жер бетіндегі ең үлкен байлық-бұл қарым-қатынас байлығы"-пікірлесу.

(Даналар сөздерінің мазмұнын түсіну).




1


Мұғалімнің алдын ала дайындаған тірек кестелері оқушыларға интерактивті тақтада ұсынылады .



Оқушылар тірек -кестелердің көмегімен сөйлесуге машықтанады,

өз жұптарының ойларын жалғастырады.

Қалаған тақырыбына микродиалог құрастырып сұқбаттасады.








2-сабақ

Эссе жазу

"Жер бетіндегі ең үлкен байлық-бұл қарым-қатынас байлығы"

1

Мұғалім сұрақ-жауап арқылы тақырыптың мазмұнын бекітеді.

Әр оқушы өз түсінігі бойынша эссе жазады







3-сабақ

Өткен тақырыптар бойынша постер жасау



1


Өткен тақырыптар бойынша оқушылар өз лебіздерін білдіріп постер жасайды



Оқушылар постер тақырыбын өздері таңдайды.

Ықтимал тақырыптар:

-Білгенің бір тоғыз,

Білмегенің тоқсан тоғыз.

-Білгенге маржан






Қолданылған қосымшалар

Тақырыбы: «Баланың бесігі- кең дүниенің есігі»

«Баланың бесігі – кең дүниенің есігі» деп қазақтың тура биі Төле атамыз айтқан екен. Осы бір астарлы сөздің мағынасына бойласақ ,терең теңіздің түбінен маржан сүзгендей боласың. «Ел болу үшін, бесігіңді түзе» деген Мұхтар Әуезов атамыздың сөзі де елдің сапасы сонау бесік тәрбиесімен байланысы зор екенін айтады. Бесік қазақ халқы үшін аса қастерлі, қасиетті мүлік.Оны адам өмірдің бастапқы ұясы деп біледі. Бесік – көшпелі ғұмыр кешкен бабаларымыздан қалған асыл мұра. Қазақта «Есік көргенді алма, бесік көргенді ал», «Бесік көрмеген ессіз болып есікке енеді», «Есік арқалағаннан бесік арқалаған артық», «Төрінде бесік тұрса, төре де бас иеді» деген ұлағатты сөздер содан. Көшпелі тұрмысқа бейімділігі сонша,бесікті анасы атқа мінгенде алдына өңгеріп алып жүре берген.Жол қанша ұзақ болса да бала қиналмайды, бейқам ұйқысы бұзылмайды. Бұл тақырыпты зерттеу барысында оқушылар халқымыздың ұлттық құндылықтарының бірі - баланың бесігі туралы қызықты мәліметтермен танысып, сонау ерте заманда ата-бабаларымыздың бесікке деген көзқарасын, бесік тәрбиесінің нәресте өміріндегі маңызын танып, білді.Әсіресе, АҚШ-тың белгілі ғалымы, педиатр дәрігері Харви Карптың «Баланы тыныштандыру өнері» атты еңбегімен танысу қызықты болды. Мұнда ол ата-аналарға жылаған баланы жедел жұбатып, оны тыныш та тәтті ұйқысына қайта бөлеудің тәсілдерін зерттеген ұзақ жылдық еңбегінің нәтижесін жазған. Қызығы батыс пен шығыстың баланы жұбату өнерін зерттеген ғалым экономикасы қарыштап дамыған батыс әлемінің бұл нәзік тәрбие ісіне келгенде, шығыстан көш бойы кейін қалғанын мойындайды. Оның зерттеуінше, қазақтың бесік тәрбиесі - бала тәрбиесінің төресі!..

Сонымен қатар, « Бесік жыры» - баланың дүние танымының ерте кеңеюіне жол ашады екен. Бесік жыры – халық тапқырлығы мен даналығы. Ізгі ойдың санаға дарыған мөлдір бұлағының тамшылары. Негізінен аналардың балаға деген мейірін үстемелейді, сезімді тебірентеді. Ардагер ұстаз-ғалым Рамазан Жәшиевтің айтуынша, бесік жырында түрлі фонетикалық дыбыс кездеседі. Ашық-қысаңы да, жуан-жіңішкесі де, қатаң-ұяң, үндісі де бар.

Қазақ халқы балаларының тілі ерте шығып, жатық сөйлеуінің кілті - осы бесік жырында жатыр. Өйткені баяу ырғақпен айтылған анасының әлдиі туғаннан баланың құлағына сіңеді. Ана баланы әннің ырғағымен тербетеді. Оның үстіне сазды, әуенді болып келеді»,-дейді ардагер ұстаз.

Құйрығынды майырып,
Түнде жылқы қайырып,
Жаудан жылқы айырып,
Жігіт болар ма екенсің?!
Айыр қалпақ киісіп,
Ақырып жауға тиісіп,
Батыр болар ма екенсің?!
Бармақтарың майысып,
Түрлі ою ойысып,
Ұста болар ма екенсің?! - деп келетін осы бір өлең жолдарынан халықтың болашақ ұрпақ тәрбиелеудегі ой-арманы айқын көрінген. Ол ана тілегі арқылы беріліп отыр. Мал бақ, кәсіп ет, ел-жұртыңды жаудан қорға деген ойын халық бесікте жатқан нәрестеге ақыл-кеңес, тілек етіп білдірген. Баланы жастайынан ел намысын қорғаушы азамат болуға баулу, оны ана аманаты ретінде келер ұрпақтың құлағына сіңірудің мәні ерекше болмақ.

"Киіз үй" тақырыбына жұмбақтар

Мұғалім оқушылардың назарын таспада жазылған әнге аударады.

Кел балалар ойнайық,

Ойнайық та, ойлайық.

Қандай жұмбақ болса да,

Шешпей оны қоймайық.


Мұғалім ерекше мәнерлеп:

Сүйікті балалар!

Киіз үйдің жұмбағын,

Ұға жүрші ұрпағым.

Жұмбақпенен зерделеп,

Бабалардың бір салтын.

Қорғайды деп мұрасын,

Кәміл сеніп жүр халқың...

Бір оқушыны тұрғызып: Ал, Бауыржан, оянып тұрарыңда,

Беті-қол жуарыңда

Ішерде ас - тағамды,

Бір істі бастардағы...

Қасиетті сөзді айтып,

Жұмбақты баста, қане?!

(Оқушы өзі білетін жұмбағын айтады не болмаса оқиды).

Интерактивті тақтаға алдын-ала киіз үй туралы жұмбақтар жазылады.

1) Қазша қанатын жаяды,

Үйрекше мойнын созады,

Құсша қонады. (киіз үй)

2) Әкесі баласын көтеріп,

Баласы бөркін көтеріп тұр. (кереге және шаңырақ)
3) Жетпіс кемпір

Жер тістеп жатыр. (жайылған керегенің сағанақтары яғни

керегенің аяқтары)

4) Аяғы жер тіреп,

Таяғы көк тіреп тұр.(киіз үй)

5) Жайсаң қабырға,

Жисаң қом етесің,

Жиылғанда киер екі кепесін.

( кереге және жиылғанда керегенің басына кигізілетін кере қап)
6) Әуелінде шөп едім,

Желкілдеген көк едім.

7) Бір сарайға кіресің,

Қолға түстім құбылдым,

Он жерімнен буылдым,

Қабырғаға құрылдым.

(ши және ораулы ши)

7) Бір сарайға кіресің,

Кірерде бас иесің

Бас иілмей кіре алмас,

Хан-қараша, кәрі жас.

(киіз үйдің есігі)



Тақырыбы: Тарихи тұлғалар мәңгі ұмтылмайды

Шоқан Уәлиханов – аса көрнекті ғалым және ағартушы

Шоқан Уәлиханов қазақ халқының XIX ғасырдағы ағартушы ұлы ғалымы, көрнекті қоғам қайраткері,жиһанкез,еуропаша терең тәрбие-білім алған дүниежүзіне мәлім зерттеуші. Оның география, этнография, тарих, әдебиет, археология,бейнелеу өнері саласында құнды еңбектер қалдырған ғұлама ғалым екені айтылады. Ол туралы оқушылар да өз білгендерін әңгімелейді.

Ш.Уәлихановтың өмір сүрген жылдарына көңіл бөлінеді.Өзінің

аққан жұлдыздай қысқа өмірінде қазақ халқын дүние жүзіне танытқан

бірегей қайталанбас тұлға екені айтылады.

Оқушыларға Қашғария саяхаты және зерттеу жұмыстары, Шоқанның туған өлкесін зерттеуі, Іле өлкесінің географиялық очерктері, Шоқанның этнография және фольклор саласындағы еңбектері туралы мағлұмат беріледі



Мұғалім Қашғария сапарының ғылыми нәтижелері Ш.Уәлиханов Орыс География қоғамында мәлімдеме жасағаннан кейін-ақ Германияда неміс тілінде басылғанын, 1865 жылы Лондонда ағылшын тілінде жарияланып, Элизе Реклюдің 19 томдық Жалпы француз жағырапиясының («la Nouvelle geografie universelle») 6, 7- томдарына енгізіліп, Батыс Европада жоғары бағаланғанын әңгімелеп береді.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Қазақ ұлттық энциклопедиясы. Р. Әміров, Қазақ ауызекі тілінің синтаксистік ерекшеліктері, А., 1972.

  2. М.Серғалиев, Ш.Нұрғожина, Қазақ сөйлеу тілінің экспрессивті-эмоциональды лексикасы, А., 1992

  3. Мектептегі шет тілдері журналы,1989,2008

  4. С.Д. Мұқанова. Құзіреттілік бағыт әдіснамасы.

  5. «Адырна» ұлттық- этнографиялық портал, baq.kz.diaspora/227

  6. «Оралман бесік» Бекен Қайратұлы

  7. А.Құралұлы.Қазақ дәстүрлі мәдениетінің анықтамалығы,Алматы, 2001





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет