Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ақТӨбе қалалық-Ғылыми әдістемелік орталық


Оқушыларға қойылатын білім білік дағды



бет2/4
Дата18.09.2023
өлшемі35,1 Kb.
#181368
1   2   3   4
Байланысты:
10-11 ГК новый

Оқушыларға қойылатын білім білік дағды.


Оқушы білуі керек:
І бөлім
-Логикалық есептердің әртүрлерін және оларды шешу тәсілдерін;
-ойлау формалары мен ойлау заңдылықтарын;
-логикалық есептерді шығарудың тәсілдерін;
-ұлттық мазмұндағы логикалық есептерді шығару барысындағы логикалық кателіктердің түрлерін;
- Күрделі арифметикалық есептеулердің тиімді шешілу әдістерін;
- Проценттер, ерітінді мен қоспа, қозғалыс, жұмыс өндірісіне байланысты мәтін есептерді шешудің әртүрлі тәсілдерін;
-Негізгі элементар функциялардың графиктерін салу мен график бойынша функция формуласын жазудағы кері байланысты;
- Тригонометриялық функцияларды қосу (азайту) формулаларын;
-Тригонометриялық функцияларға кері тригонометриялық амалдарды.


ІІ бөлім
-Комбинаториканың элементтері мен Ньютон биномын;
-Бернулли формуласын;
-Модуль таңбасымен берілген сызықтық, квадраттық, иррационал функциялардың және тригонометриялық теңдеулер мен теңсіздіктерді шығару тәсілдерін;
-Функцияның дифференциалын;
-Дифференциалды жуықтап есептеуге қолдануды;
-Функцияның графигіне жүргізілген жанама мен нормальдің теңдеуін;
-Екінші ретті туындының физикалық мағынасын;
-Функция графигінің ойыстығы мен дөңестік жағдайларын, иілу нүктелерін;
-Көрсеткіштік және логарифмдік теңдеулер мен теңсіздіктерді шығару тәсілдерін;
-Айнымалысы логарифмнің негізінде берілген логарифмдік теңдеулер мен теңсіздіктерді шешу тәсілдерін.


Күтілетін нәтиже:
І бөлім
-Күрделі ойларды белгілі бір заңдылық немесе формула түрінде көрсете біледі;
-Мүмкін нұсқаларды әртүрлі тәсілдер арқылы таңдай біледі;
-Арифметикалық есептеулердегі тиімді әдістерін қолданады;
- Проценттер мен қоспа, қозғалыс пен жұмыс өндірісіне байланысты мәтін есептерді шешудің тиімді әдістерін қолданады;
-Күрделі функцияларды түрлендіру тәсілдерін қолданып, графиктерін параллель көшіру(жылжыту) әдістерін орындайды. Графигі берілген функцияны формуламен жазады.
- Тригонометриялық функцияларды қосу (азайту) формулаларын үйренеді;
-Тригонометриялық функцияларға кері тригонометриялық амалдарды қолданады.


ІІ бөлім
-Орналастыру, алмастыру, теру формулаларын, Ньютон биномын қолданып дәлелдеулерді орындайды. Оқиғаның ықтималдығын есептеу үшін Бернулли формуласы қолданады;
-Модуль таңбасымен берілген теңдеулер мен теңсіздіктерді шешеді;
-Функцияның дифференциалын табу формуласын біледі;
-Дифференциалды жуықтап есептеуге қолданып үйренеді;
-Функцияның графигіне жүргізілген жанама мен нормальдің теңдеуін біледі;
-Екінші ретті туындыны біледі, оның физикалық мағынасын үйренеді;
-Функция графигінің ойыстығы мен дөңестігін, иілу нүктелерін анықтайды;
- Айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген теңдеулер мен теңсіздіктердің шешу тәсілдерін орындай алады.


Өзектілігі:
-Оқушы математикадан, физика мен информатикадан, технология мен эстетикадан алған білімдерін жалпылауға, тереңдетуге, сондай-ақ, игерген білімдерінің нәтижесін өзін-өзі бағалап көруіне мүмкіндік алады;
-Математиканы техникада, практикалық қызметте қолданудың зор мүмкіндіктерін көрсетеді, дұрыс шешімді табуда әртүрлі тәсілдерді қолдануға үйретеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет