Қазақстан республикасы білім және Ғылым министрлігі бекбосынов марат нҧРҒазыҧЛЫ



Pdf көрінісі
бет11/32
Дата20.02.2023
өлшемі0,88 Mb.
#169453
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   32
Байланысты:
1137528, abenova.19gaskazad
Дәрісті бекіту сҧрақтары: 
1. Ҽдебиттің тарихилығы принципі дегеніміз не? 
2. XIX ғасырдың 60-шы жылдарына дейінгі кезеңдегі ҽдебиеттің 
басты тақырыптарын қалай жіктейміз? 
3. Отарлық езгінің үшінші кезеңіндегі ҽдеби ағымдардың туу 
себептері неде? 
4. XIX ғасыр ҽдебиетінің негізгі жаңашылдық сипаттары қандай 
шығармалардан айқын танылады? 
5. Осы дҽуір ҽдебиеті мұраларын жинауға кімдер үлес қосты? 
6. Неліктен дҽуір ҽдебиетін тұтас алып қарастырған орынды? 
Әдебиеттер: 
Н.ҽ:1-30. Қ. ҽ:1-25,37,38,39,62,67,68,69. 
 
ДӘРІС 2. САРАЙ АҚЫНДАРЫ
 
Дәріс мақсаты:
Сарай ақындары поэзиясы мен олардың 
тарихи-ҽдеби сипаттарын таныту. 
Дәрістің жоспары: 
1.
Сарай ақындары, олардың шығармашылықтарына тҽн 
ерекшеліктер. 
2.
Сарай ақындары туындыларындағы тарихи бейнелілік пен 
кҿркемдік дҽстүр жалғастығы. 
3.
Сарай ақындары поэзиясына тҽн сҿз қолданыстары мен тіл 
айшықтары. 
4.
Сарай ақындары мұраларының жиналу, оқытылу жайы.
Тҽңірінің берген қасиетті қабілет қарымын ішкі жан қуатымен, 
ақыл, парасатымен халық мүддесі жолында ҿнер ҿлкесінің ҿрісті 
туындыларына айналдырған нағыз сҿз зергерлері қай заманда
болмасын билікке қарсы халық сҿзін сҿйлеген. Қазақ ҽдебиеті 
дҽстүріндегі мұндай жырларға Едіге батырдың Тоқтамыс ханға, 
Шалкиіз жыраудың Би Темірге, Асан Қайғының Жҽнібек ханға,
Жиембат жыраудың Есім ханға, Марғасқа жыраудың Тұрсын ханға, 
Бұқар жыраудың Абылай ханға айтқаны сынды сҿздер кҿп. Бірақ 
бұл жырлардың бҽрінің басын қосып тұрған түйінді мҽселе – ел 


- 48 - 
іргесінің сҿгілмеуі, хандық мемлекеттің беріктігі, тҽуелсіз 
азаттықтан айырылмау. Сондықтан Шалкиіздің: 
Білерді білмес не демес, 
Сұлтан ием, сен менің 
Бармай тапқан қағбамсың! 
Саған-дұспан, маған-жау, – 
деген. Ал халық мүддесі мен ханның жеке бас мүддесі бетпе-бет 
келгенде: 
Тал шарбаққа мал сақтап, 
Тас қамалға жан сақтап, 
Тасқан екен мына хан!- 
немесе: 
Ей, Қатағанның хан Тұрсын, 
Кім арамды ант ұрсын, 
Жазықсыз елді еңіретіп, 
Жер тҽңірісіп жатырсың. 
Хан емессің, қасқырсың, 
Қара албасты басқырсың. 
Алтын тақта жатсаң да, 
Ажалы жеткен пақырсың! – 
деген. XIX ғасыр ҽдебиетінде фольклордағы, тҿл ҽдебиеттегі ел 
билеушілерді мадақтап, сонымен қатар халық мүддесі тұрғысынан 
оларды сынап айтқан туындылардың ҽдеби дҽстүрін жалғастырған 
ақындар болды. Оларды ҽдебиетте «сарай ақындары» деп атау 
қалыптасқан. Алайда бұлардың ҿлеңдерінің фольклор мен 
жыраулар поэзиясынан ҿзгешелігі оларға берілген «сарай 
ақындары» деген атынан-ақ кҿрініп тұрғандай, олардың ел 
билеушілердің барлық істерін тек сыпыра мақтап, жаманын 
жасырып сҿйлегенінен танылады. Бүгінгі ҽдеби зерттеу еңбектерде 
қаншалықты сылап-сипап, құйқылжытып сҿз ойнатып, тігісін 
жатқызып жазса да, олардың поэзиясындағы бұл белгі айқын 
байқалып тұрады. Мұны Ішкі Ордадағы хандық құрылым, халық 


- 49 - 
тұрмысы мен патша ҿкіметінің елмен қарым-қатынастарын тарихи 
негізде жазған С.Бабажановтың жазбаларынан да байыптап оқып 
білуге болады.
Десек те, Боран жырау, Байтоқ, Жанұзақ, Ақмалы ақын, аға 
сұлтандардың қасындағы Қуанышбай ақын сияқты осындай сарай 
ақындарының шығармалары ҽдебиет тарихында оқытылуы керек. 
Ҿйткені XIX ғасырдағы патшашыл хандардың сарай ақындары 
ретінде сол дҽуірдегі патша ҿкіметі мен сатымсақ хан, аға 
сұлтандар мен олардан соңғы билеушілердің пиғылын, іс-
ҽрекеттерін ақиқат үшін оларға қарсы ақындар шығармаларынан 
ғана емес, сол сарай ақындарының мақтау одаларының ҿзінен де 
айқындап тану үшін қажет. Сонымен бірге, жылдар бойы таптық 
кҿзқарас кесірінен айтылмай келген олардың мұраларындағы 
ұлттық сҿз ҿрнегінің дҽстүрлі жалғастығындағы поэтикалық 
сипаттарды, 
ұлт 
поэзиясын 
кейінге 
жалғастырған 
байланыстырушы қасиетін оқып білу үшін де керек. 
Бұл орайда кҽдімгі Сҽбеңнің, Сҽбит Мұқановтың «Қазақтың 
XVIII-XIX ғасырдағы ҽдебиетінің тарихынан очерктер» атты 
оқулығының ізімен жүру лҽзім. Себебі сарай ақындарының
поэзиясын тарихи-ҽдеби тұрғыда дҽл Сҽбит Мұқановтай дҽйектеп 
жазғандар кемде-кем. Олай дейтініміз, С.Мұқановтың «Қазақтың 
XVIII-XIX ғасырдағы ҽдебиетінің тарихынан очерктер» атты 
еңбегінен соңғы оқулықтарда сарай ақындары жеке тарауға 
алынып, бҿлек қарастырылған жоқ. Олардың мұралары XIX ғасыр 
ҽдебиетіне кіріспе тарауларда шолу түрінде ғана айтылды. Жҽне 
Сҽбит Мұқанов Бұхар жырау мен Махамбет арасындағы бірнеше 
ондаған жылдарға созылған поэтикалық ҽдеби арнаның бос 
жатқанын, «Айман-Шолпан» лиро-эпосы мен сарай ақындары 
шығармашылықтарының осы кезең ҽдебиеті екенін жазған. Сҽбең 
аталған еңбектің «Бостандық күресі» атты бірінші бҿлімінің 
тҿртінші тарауын «Жҽңгір ханның сарай ақындары» деп атаған. 
Осы тарауда жазушы, академик, ғалым С.Мұқанов сарай ақындары 
жырларының негізінде патша ҿкіметінің жерді отарлау саясатының 
астарлы қабаттары мен қазақ хандарының сатымсақ бейнелерін, іс-
ҽрекеттерін жүйелеп тұрып жазған. Сҽбеңнің жазуы бойынша 
Исатай-Махамбет кҿтерілісі болған Бҿкей Ордасына ол ҿлген соң, 
Бҿкейдің інісі Сығай Жҽңгір ер жеткенше уақытша хан болған. 
Осы кезде шұрайлы жерлерінен айырылып, құмды, шҿлді жерге 
қуылған ел малына жайылым іздеп, Жайықтың Еділге құятын 


- 50 - 
сағасына барады. Келген елді ескі дағдысымен патша ҿкіметінің 
ҽскери қолшоқпары казактар жерден қуып, малын талап алады. 
Осы озбырлықты істетіп отырған патша ҿкіметі мен оның 
жергілікті жердегі қолбаласы Сығайдың ұлы Ҿтебалы сұлтан 
жерден қуылып, малы таланған Кете руының ҿзіне қарсы 
кҿтерілуінен қорқып, Астрахан губернаторына барып, арызданып, 
елдің малын қайтартады. Мұны Боран ақын Ҿтебалының халыққа 
істеген қамқорлығы етіп: 
Азиятский азғана елге бас болып, 
Патшаға подданный қонақ дос болып, 
Қонақ едің қонысқа, 
Бұрын менің қонағым белгілі еді, 
Петербор мен Москвадан бергі жердегі орысқа. 
Кешегі атамыз Бҿкей барлықта 
Бұ күнде сізбен қалғанда, 
Патшадан келген жарлық па? 
Жҽ болмаса, ҿзіңіз еткен тарлық па? 
Болмаса, теңіздің бойы кҿп кардон 
Бұл еткенің зорлық па?- 
деген. Бұдан сарай ақындарының билеушілердің жаманын қалайша 
жасырып айтқанын, сонымен бірге жер отарының қалай істеліп 
жатқанын кҿреміз. Ары қарай ғалым Сҽбит Мұқанов Жҽңгір жайлы 
былай дейді: «Бҿкей хан, баласы Жҽңгірді кішкене күнінде 
Астрахань губернаторы Андреевскийдің тҽрбиесіне береді. 
Андреевский Жҽңгірді Астраханьдағы офицерлер даярлайтын 
военное училищеден оқытты. Военное училищеде Жҽңгірге 
патшашылдық рух сіңді. 1824 жылы Жҽңгір Ордаға қайтып хан 
сайланғанда, нағыз патшашыл хан болды. 
Хан сайланған Жҽңгір ҿз қауіпсіздігін ойлап, патша үкіметі 
Жҽңгірге Орда салып беруді, оған салтанат жасап беруді ҿзі қалап, 
екі жерден – Еділ ҿзеніне жақын «Кҿлборсы» деген жерде, Нарын 
құмындағы «Жасқұс» деген жерде Орда салдырады. Ҿйткені патша 
ҿкіметіне қазақ елін билеу үшін тұрақты ҽкімшілік орны керек. 
Ондай орын болса, бір жағынан – ҽскер қойып, ҿзіне сенімді 
Жҽңгірдің тіршілігін сақтауға, елді ҽскер күшімен қорқытып 
билеуге болады, екіншіден – сауда-саттық жасап, базар ашып, 
қазақты тал түсте тонауға болады. Осыны ойлаған патша үкіметі 


- 51 - 
Жҽңгірге хандық дҽрежеден басқа «дворян» деген атақ беріп, 
«Самар дворяндары» аталатын списҿкке кіргізеді, «Кҿлборсыдан» 
орыс дворяндарымен қатар Жҽңгірге мол жер береді». Осындай 
«дворяндық» дҽрежені патша ҿкіметі ҿзіне берілген хан, сұлтан, 
қарадан шыққан ел билеушілерге XIX ғасырдың ҿн бойында ҽдейі 
шен-шекпенмен қызықтыру үшін таратқан. Мұны Ор ҿзені 
бойының жергілікті шонжары Ылайық Дербісалыұлына оны 
марапаттаушы ақыны Ақмалы Қаржаубайұлының мына ҿлеңінен 
де кҿруге болады:
Хұрметлу, Ылайыққа-дворянин 
Мадахлап, бағыңды иғлан шығарамын. 
Жақсының заттығын айт, иманы тасысын 
Періште езгу етсін дұғаларын. 
Лауазым жиырма жаста алдың қолға, 
Айналды талабыңның бҽрі оңға 
Ғадалат хакім болып, халықты билеп, 
«Мырзалап» барша халық ерді соңға. 
Бес медал содан бері тағып тұрсың 
Патшаға жас та болсаң жағып тұрсың. 
Мың жылқы су ішкенде шайқалмайтын, 
Теңіздей шеті қайраң ағып тұрсың. 
Толығып отыз жасқа жаңа келдің, 
Мақтаулы ҽрбір чинді ала келдің. 
Ілгері ақыл-фаһымың һҽр пендеден, 
Замана закон-заңды жҽне білдің. 
Панардай гауһар шырақ жаққан шамың, 
Ҽр түрлі дҽрежені тапқан шағың. 
«Ылайық Дербісалин Беркінбаев»
Суретің үйінде тұр ақ патшаның. 
Осы деректерді Сҽбең сарай ақындары Боран, Байтоқ, Жанұзақ 
жыраулардың 1910 жылы Ғұмар Қараш Орынборда шығарған 
«Шаир, иаки қазақ ақындарының басты жырлары» жинағынан 
алып, тұтастай бүтін ҿлеңдер түрінде берген. Сҽбең олардың 


- 52 - 
шығармалары еңбекші тап мүддесіне қайшы туындылар ретінде 
басылмағанын, келешекте де басылып шығуы неғайбыл екенін 
білгендіктен де, жаман-жақсы болсын ұлт ҽдебиетінің ескілікті 
мұраларының бір алуаны осы сарай ақындары поэзиясының 
ұрпаққа жетуін ойлаған болар. Мұның себебін ғалым тараудың 
соңында басқа сҿзбен бекіткен. Онда С.Мұқанов: «Бұл очеркте 
Байтоқ пен Жанұзақтың жырларын мысалға кҿп алған себебіміз: 
ханның патшашылдығын жалпы сҿзбен емес, конкретті ҽдебиет 
документтерімен бекіту» – деген. Енді осы ҿлеңдерден үзінділер 
келтірейік: 
Айт, десеңіз айтайын, 
Можовой салған жерінен, 
Ит терісі бұлантпен, 
Патшаның тура ҿзінен берілген, 
Фарманы салған кҿк ала үй, 
Тҿбесін зағыпыранның суымен сылатқан, 
Мұржасын алтын бумен булатқан... 
Дҽулеті артық иемнің 
Кіл алтынға малынған... 
Старшина билер қабырғадан 
Қол қусырып, бас ұрып, 
Алақандай қағаз, анық мҿр, 
Иемнің ҿз қолынан ашылған... 
Кҿк-алалы үйдің ішінде, 
Алтынды тақтың үстінде, 
Ал мен гүлге бҿленіп, 
Күнінде бармай тапқан жаннатым... 
Ол салдырған сарайдың, 
Айналасы айшылық, 
Кҿлденеңі күншілік, 
Кҿргендер кҿзі қиып кете алмас... 
Ауласын асыл тастан қалатқан, 
Күмбездерін алтынменен сырлатқан... 
Бақшалар қандай ектірген, 
Жетпіс түрлі ұрық дҽнін септірген, 
Ҽрбірісін бір-бір құлға күттірген... 
Командасы қару-жарақты, 
Ішкені шекер түгіл шарапты. 


- 53 - 
Сейдікке, ием, жектірдің, 
Пияладай алты қара атты... 
Алтынды тақтың үстінде 
Тоты құстай бойын сылаған, 
Аққудай саңқ-саңқ етіп сес берген... 
Ҽр кезде дҽулет аумаған, 
Ши жібекке бҿленген, 
Алтыннан медаль тағынған, 
Алты қара нар жегіп, 
Патшаның келді қасынан. 
Ҽділі он бесінде хан болып 
Үкімі жүрді жасынан. 
Айтқан сҿзім жалған ба? 
Мұндай болған бар ма еді, 
Ақсүйек туған адамда?! 
Осы сҿздерден біз патшаның тура ҿзінен шек-шекпен алған, 
межевой жер алып, оған патшаның кҿмегімен алтынды сарай 
салдырған, алтынды тақтың үстінде үлде мен бүлдеге бҿленіп, ҽр 
жұмысын бір-бір құлға істеткен, патша ҿкіметі ҽскерінің күзетімен 
пар-парлап ат жектіріп, күймелі арбамен серуен құрып, елге саңқ-
саңқ етіп, сес кҿрсетіп, халықты қанап отырған Жҽңгірді кҿреміз. 
Мұны Махамбет айтса, ол ханға жау дер едік. «Айтқан сҿзім 
жалған ба?» деп тұрып, мұны Бойтақ, Жанұзақтың ҿздері айтып 
отыр. Ал хандардан соңғы мырза атанып, патшаға жағынып медаль 
тағып, түрлі чин алып, заманының озбыр заң-законын біліп, суреті 
ақ патшаның үйінде ілулі тұрған, патша ҿкіметіне арқа сүйеп, ел 
үстінен байыған ел билеушінің бейнесін жоғарыда айтылған 
Ақмалы ақын былайша мадақтайды: 
Сырлатқан асыл жайың сансыз бҿлме, 
Ұқсайсың мұнар шалған асқар белге. 
Ішінде бақ-дҽулеттің жүрсің шайқап, 
Сұңқардай қонып ұшқан шалқар кҿлге. 


- 54 - 
Қаламын бақытыңа ғажап хайран, 
Ерлердей тұлпар мінген салдың ойран. 
Баһасы 800 сом арғымақпен, 
Шығасың ертеңді-кеш құрып сайран. 
Ел бостандығы жолында күрескен ерлердің ісі ереулі атқа ер 
салып, Еділдің бойына ел қондыру үшін, егеулі найзаны қолға алу 
болса, ел билеушілердің ісі шен-шекпенге, патшаның жаурыннан 
қағып, медаль таққанына мҽз боп, туған еліне істеп отырғаны анау.
Сҽбең осы еңбегінде Жҽңгірден соң оның орнын басқан баласы 
Сақыпкерей жайлы былай дейді: «Жҽңгір ханның алған ҽйелі, Уфа 
қаласында тұратын муфти Мұхамеджан Хұсайыновтың қызы 
Фатима. Андреевскийден тҽрбие алып ҿскен Жҽңгір, қыр 
қазағының оқымаған қызына үйленумен қанағаттанбай, муфти 
қызын қоса алып, шаһар салтымен тұрғысы келген. Сақыпкерей 
осы Фатимадан туды. Жҽңгір ҿлген соң Сақыпкерей Петербургке 
барып, патшадан хандық дҽреже алып, Ордаға келген. Қазақ 
халқын отарлауда, құлдануда ханға арқа сүйеген патша үкіметі 
Жҽңгір хан ҿлген соң, оның баласы Сақыпкерейді тіреу кҿрді. 
Сондықтан оны Петербургке шақыртып алып, сый-сияпат жасап, 
кҿңілін аулады да, болашақ жас ханға елді қалай қанаудың жолын 
үйретті. Патша да, оның үкіметі де қу. Патшаға да, оның үкіметіне 
де қазақ даласынан ҿзіне шын берілген хан керек, сол хан арқылы 
отаршылдық саясатын жүргізу керек. Осындай адамымыз болады 
деп Сақыпкерейді патша үкіметі Петербургке барғанда оны 
қошеметтеп құрметтеген. Біз, «хандар патшаны жақтады» деп 
жалпылдап айтамыз да, ханның патшаны қалайша, не үшін 
жақтағанын, хан мен патшаның арасында қандайлық жақындық 
бар екеніне дҽлелді аз келтіреміз». Сондықтан Сақыпкерей сынды 
хандардың жасынан ой-арманы патшаға жағынып, ел билеу, 
патшаның мақсаты ханды құрметтеген боп кҿрініп, соның қолымен 
отарлық қанауды жүргізу болғандығын С.Мұқановтың осы 
еңбегіндегі сарай ақындарының ҿлеңдерінен алынған үзінділермен 
дҽйектейік: 
...Тҿрт жасына келгенде, 
Арыстандай хан ұлы шарқ ұрды. 
...Жеті жасқа келгенде, 
Патшаны сүйіп мақтады. 


- 55 - 
...Тоғыз жасқа келгенде 
Алтын тақты патшаға 
Наследник деп білгізді. 
...Он жасына келгенде 
Атасымен бір барды, 
Жұрт иесі сұлтан келді деп, 
Қазынадан ылау аттар жектіріп, 
Қоңырауы жер жарып, 
Мойны, басы бұралып, 
Петербор мен Мҽскеуге 
Билік үшін барды жасында. 
...Ҽдетінше бҿрік алып, 
Қол қусырып, тізе бүгіп, 
Разводқа шыққанда 
Синодтар жүрді қасында.
Сақыптан ғайри нҽсілге, 
Жас та болса, бас-ты деп, 
Халықты тапсырғанға ұқсайды, 
Шыңғыстан туған соңғы асылға. 
Жоғарыда атап кҿрсеткеніміздей, сарай ақындары ҿлеңдерінен 
ҽдебиеттің осындай тарихи бейнелілік сипаттарын ғана емес, 
ұлттың сҿз ҿнерінің кҿркемдік дҽстүрлерінің жалғастығын да кҿре 
аламыз. 
... Аспаннан борай да, борай қар жауса
Басынан борасын борап ҿте алмас 
Ҽрбір ҽз нҽрсеге ақы қойса, 
Дүниенің малын жисаң-жете алмас! 
...Байтағың бассыз ел болар, 
Басына қорлық жеткен күн. 
Кҿзіңнің жасы кҿл болар, 
Аңдып бір тұрған дұспанға, 
Астана жұртың жем болған күн. 
...Ақтаудан аққан ақ бұлақ, 
Айдынға құяр аққан соң. 
Айдын, айдын, айдын кҿл, 
Қара жер екен қайтқан соң. 


- 56 - 
Айдан жарық нҽрсе жоқ, 
Қараңғы түнек батқан соң. 
Арыстаннан күшті жан да жоқ, 
Алақандай тері екен, 
Мергендер қос ҿкпеден атқан соң. 
...Бұлдыр да, бұлдыр, бұлдыр тау, 
Бұлдырап қалар елден соң. 
Бұл-бұл үйрек, бұл үйрек 
Бұлдырап ұшар кҿлден соң. 
Кҿл жағасы кҿк терек, 
Кҿк теректің сҽні жоқ, 
Басындағы гүлден соң. 
Бұл ҿлең жолдарынан кҿнеден күмбірлеп жеткен ескі жыраулық 
күй, даланың ҽуезді ырғағы, жанға жақын ұлттық қоңыр ҽуен 
естіледі. 
Сҿйтіп, 
ҽдебиет 
тарихындағы 
сарай 
ақындарының 
шығармашылықтарын талдап жазған академик Сҽбит Мұқанов, 
олардың туындыларына қатысты пікірлерін саралап кҿрсеткен. 
Ғалымның сол пікірлерін түйіндеп айтсақ, олар мыналар: 
1. Сарай ақындары поэзиясы – Бұқар жырау мен Махамбет 
арасын қосып тұрған поэзия.
2. Ҽдебиетте халық пен билеушілер арасындағы күресті анық 
тану үшін бұқарашыл ақындарды да, сарай ақындарын да тексеріп 
қарау керек. 
3. Ҽдебиет тарихында біраз адамдар Бұқар жырауды сарай 
ақыны дейді. Ал біз тексерген осы сарай ақындарындағыдай сҿз 
Бұқарда бар ма? Жоқ. Олай болса, Бұқар – мемлекет тағдырын 
шешуге араласқан нағыз ҽлеуметшіл жырау. 
4. Сарай ақындары патшаны, ханды сынға салмай, сыпыра 
мақтап сҿйлейді. Сондықтан олардың шығармаларынан сол 
мақталып отырған патша мен ханның шын пиғылы мен ісін кҿруге 
болады. 
5. Отаршыл ҿкімет пен хандардың дҽрежесін, сҽн-салтанатын 
мадақтаған бұл жырлардан сол дҽулетті олар кімнен, қалай 
алғанын тану қиынға соқпайды. 
Сарай ақындарының ҿлеңдерінен диалект сҿздер (кҿбіне сарай 
маңында қолданыла бастаған сҿздер) арқылы ел билеудегі, 
тұрмыстағы жаңа ұғымдардың, діни терминдердің, орыс сҿздерінің 


- 57 - 
мол кездесуімен, сол дҽуірдің отарлық езгі ҽкелген тарих 
таңбаларын, заман бедерін, ел билеушілер санасындағы тҽуелділік 
психологияны кҿреміз. Мысалы: «патшаға подданый қонақ болу», 
«теңіздің бойы кҿп кардон», «можовой салған жер», «командасы 
қару-жарақты», «ішкені шекер түгіл шарапты», «пҽрмҽни салған 
кҿк ала үй», «ханның наследнигі», «разводқа шыққанда қасында 
синодтар жүру», «хұрметлу, Ылайыққа-дворянин», «Саксонский 
қақпалы ақ сарай», «алтынан медаль тағыну», т.б. Жалпы олардың 
поэзиясындағы негізгі кҿркемдік ҽдіс – ҽсірелеу (гипербола). Сол 
арқылы түймедейді түйедей етіп кҿрсетіп, ел билеушілерді 
аспандата мақтай отырып, халықты соларға табындыруға тырысу 
болды. Бұл ақындардың жырларының жақсы сҿздері де, жадағай 
жолдары да мол. Кҿбіне кҿркемдік кестесі кҿрікті жырлар «Байтоқ 
ақынның Жҽңгір ҿлгендегі жоқтауы» сынды фольклорлық, 
жыраулық дҽстүрдегі жоқтау, толғау түріндегі жырлар болса, 
ақындық поэзия үлгісіндегі ҿлең тармақтарының буын саны, 
ұйқастары кҿп жерде ақсап жатады. 
Сарай ақындарының шығармалары «Мұрат ақынның Ғұмар 
Қазыұлына айтқаны» (Қазан, 1908), «Шаир, иаки қазақ 
ақындарының басты жырлары» (Орынбор,1910) жинағы жҽне 
С.Мұқановтың «Қазақтың XVIII-XIX ғасырдағы ҽдебиетінің 
тарихынан очерктер» атты оқулығында басылған. Боран жыраудың 
(Кете Боранның) «Кетемін Қайырлыға сҽлем жазып» деген 
шығармасы, Байтоқ ақынның «Ел жақсыларын мақтағаны», 
«Жҽңгір хан ҿлгендегі жоқтауы», «Бойтақтың Қыдырбаймен 
кездесуі» атты туындылары Малабаев Рақымжан, Жақыпбаев 
Бозтай, 
Қиланбеков 
Тоқыштың 
жинауымен 
Қазақстан 
Республикасы ҒА Орталық ғылыми кітапханасы мен ҒА 
М.О.Ҽуезов атындағы Ҽдебиет жҽне ҿнер институтының қолжазба 
қорларында сақталған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет