Дәріс №16.
Дәріс тақырыбы: «Көп таңбалы сандар» тақырыбының мазмұны және оны оқытудың әдістемесі.
Көп таңбалы сандарды оқу, жазу, салыстыру.
Разрядтар мен кластар.
1. «Көп таңбалы сандар» тақырыбын оқытып-үйрету барысында:
1 ден 1000000 – ға дейін санау, оқу, жазу,
«мың» көлеміндегі сандардың нумерациясы тақырыбынан алған білімдерін, біліктерін, дағдыларын бекіту,
көп таңбалы сандардың ондық құрамын меңгерту,
Цифрлардың орындық мәнін бекіту,
Сандардың натурал қатары жөніндегі білімдерін жинақтау,
Дерексіз және атулы сандарды түрлендіре білубілігін қалыптастыру жүзеге асырылады.
Оқушыларғаүйретілетін жаңа түсініктер: класс, 4,5,6 таңбалы сандар, бірлік мың, ондық мың, жүздік мың және т.б.
Қолданылатын негізгі көрнекіліктер қатарына: кластар таблицасы, кеспе цифрлар, көп таңбалы сандар жазылған карточкалар, санды таңдау схемасы жазылған плакат және т.б. жатады.
Көп таңбалы сандарнумерациясын оқып-үйрену барысындаеліміздің дамуын, қол жеткен табыстарды сипаттайтын, сондай-ақ өмірден алынған сандық деректерді және т.б. пайдаланудың маңызы зор.
Көп таңбалы санды оқу, жазу және салыстыру «класс», «разряд», «разрядтық сан», «кластық сан» сияқты ұғымдармен байланысты.
Сандықтан көрнекілікке сүйене отырып, бірлік, ондық, жүздік – бірінші класты, яғни бірліктер класын құрайтынын, ал бірлік мыңдар, ондық мыңдар, жүздік мыңдар – екінші класты, яғни мыңдар класын құрайтынын ерекше атап өткен жөн.
Достарыңызбен бөлісу: |