Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Bolashaq» академиясы» жеке меншік мекемесі



бет17/104
Дата24.08.2020
өлшемі0,64 Mb.
#76766
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   104
Байланысты:
УМК Математика пмно

Дәріс №13.

Дәріс тақырыбы: БМ математикасындағы геометрия элементтері және оларды оқытудың әдістемесі.

БМ математикасындағы геометрия элементтері және оларды оқытудың әдістемесі.



Дәріс мазмұны:

  1. Аудан ұғымы.

  2. Аудан және оның өлшем бірлігі. Квадрат сантиметр.

  3. Тік төртбұрыштың /шаршының/ ауданын табу және есептеу.

1. Аудан – қарапайым шамалардың, соның ішінде геометриялық шамалардың мысалы б.таб. Аудан жайында түсінік қалыптастыруда алдымен, «ауданға ие болу қасиетінің» қандайда бір затқа тән екенін түсіндірген жөн. Аудан – фигураның беті. Әр түрлі заттарды үстелге қойып, олардың әрқайсысынын үстел бетінің біраз жерін алып тұрғанын көрсетуге болады. Көрнекі құралдарды пайдаланып, көөз мөлшерімен және беттестіру әдісімен заттардың аудандары бірдей немесе әр түрлі болатынын көрсетуге болады. Алайда бұл тәсілдердің дәлірек нәтиже беруі ықтимал бола қоймайды. Сондықтан әр фигуранын ауданын оларды құрастырып тұрған бірдей шаршылар санын есептеу арқылы тауып анықтауға болады. Демек, шаршылардан фигура құрастырып және керісінше фигураны шаршыларға бөлу сияқты жаттығуларды орындау барысында фигураның ауданы жайында түсінік қалыптастыру, аудандарын салыстыруға машықтандыру жүзеге асырылады.

2. Ауданның өлшем бірлігімен таныстыру ұзындықтың сәйкес бірлігін енгізуге ұқсас және онымен б/ты қарастырылады. Айталық, ұзындықтың бірлігі ретінде ұзындығы 1 см кесінді алынса, ауданның бірлігі ретінде қабырғасы 1 см шаршының ауданы- квадрат сантиметр (1см2) алынады. Сантиметрдің көмегімен кесіндінің ұзындығын өлшеу 1 см бірлік кесіндінің берілген кесіндіге біртіндеп неше рет салынғанын анықтау болса, фигураның ауданын табу- оның ауданы 1 см2 неше шаршыдан құрастырылатынын анықтау. Квадрат сантиметрдің көмегімен кез келген жазық фигураның ауданын табуға болады. Ол үшін палеткамен фигураны жауып қойып, фигура контурымен шектелген толық кв. Сант-ді санайды, оған барлық фигура контурына сыйып тұрған толық емес кв.сант-лер санының жартысын қосады. Осы тәсілмен кез келген көпбұрыштың ауданын есептеп табуға болады. Осыған машықтандыру мақсатында әр оқушы полиэтилен параққа палетканың үлгісін жасап алғаны жөн, оның өлшемдері 10см х 10см.

3. Тік төртбұрыштың /шаршының/ ауданын табуға қатысты тұжырымдаманы дайын күйінде бірден бермей, оны мына ретпен ұсынылатын жаттығулар арқылы жүзеге асыруға болады:

- Бірнеше қатарға және бағанға бөлінген, бірдей шаршылардан құрастырылған тік төртбұрыштың ауданын, осы шаршылар санын әр түрлі тәсілдермен есептеу арқылы анықтау;

- Тік төртбұрышты / шаршыны / бағандарға бөлудің үлгісі және бір баған неше шаршыдан құрастырылғандығы нақты көрсетіледі, сондай-ақ барлығы неше баған шығарып алуға болатындығы қабырғаларындағы бөліктерге орай анықталады;

- Тік төртбұрыштың қабырғалары сантиметрлік бөліктерге бөлініп көрсетілген, соны пайдаланып неше қатар, неше баған кв. сант. Шығарып алуға болатындығы анықталады;

- Тік төртбұрыштың қабырғаларының ұзындықтары сантиметрмен беріледі, соларды пайдаланып неше баған және неше қатар кв. сант-лер шығарып алуға болатындығы анықталады.

Осыларды біртіндеп қарастыру нәтижесінде тік төртбұрыштың /шаршының/ ауданын табу үшін оның бірдей бірлікпен алынған ұзындығы мен енін көбейту керектігі тұжырымдалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет