Әдістемелік нұсқау:
Сабақтың тақырыбын дұрыс атап жазу. Сабақтың мақсатын анықтау.
Сабақтың құрылымын анықтау, оның әрбір кезеңдеріне қойылатын талаптарды анықтау. Сабақтың мақсатына және оның әрбір кезеңдеріне байланысты оқу материалын іріктеп алу. Оқушылардың іс-әрекетін басқару үшін мұғалімнің қолданылатын әдістерін анықтау. Оқыту құралдарын таңдау (оқулық, дидактикалық материалдар көрнекі құралдар, т.б.). Материалды бекіту формаларын ойластырып, оған материалдар дайындау. Үй тапсырмасын беру, сабақты қорытындылаудың түрін ұйымдастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |