Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Е



Pdf көрінісі
бет29/104
Дата26.02.2022
өлшемі1,76 Mb.
#133430
түріОқулық
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   104
Байланысты:
Rustemov okulik
қарапайым саңырауқұлақтардың жыныссыз көбеюі, қарапайым саңырауқұлақтардың жыныссыз көбеюі, Психологиялық-педагогикалық диагностика әдістері, Новый DOCX [A1] - 21:11:2023 12:21:18
Бҧқар 
жырау 
Қалқаманҧлы. 
Бүқар 
жырау 
поэзиясының басты тақырыптары: адам ӛмірі, оның мінез-
құлқы мен іс-әрекеті, ел-жұрт, заман. Ӛз толғауларында 
жырау жалпы қауымға ортақ, кӛпшілікке маңызды 
мәселелерді айтады. Ӛлең-жырларында пәлсафалық нақыл 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


61 
басым, жинақтау мен ғибрат айту кӛбірек. Жырау ӛзі ӛмір 
сүрген дәуірдің барлық бедерін суретке салғандай бейнелеп 
береді. 
Асан қайғы тәрізді, Бұқар жырау да бірсыпыра 
жырларын ӛз тұсындағы ханға, атап айтсақ, Абылайға 
арнайды. Осы орайда Бұқар толғауларын Абылайға және 
жалпы қауымға арналған деп те бӛлеміз. 
Ел бірлігін жырлау - Бұқар ӛлең-жырларында негізгі 
мәселенің бірі. Бұл, әсіресе, оның ел-жұрт, заман 
тақырыбындағы толғауларынан кӛрінеді. 1739 жылы 
Түркістанда Әбілмәмбетті ақ киізге салып хан кӛтерген той 
болады. Бұл той Арқада жалғасады. Осы жердегі мәжілістте 
¥лы жүз бен Орта жүз азаматтары болашақ жӛнінде сӛз 
қозғайды. Бұқар қазақ елінің бірлігінің кетіп бара жатқанын, 
тӛрелер арасындағы алауыздықты, сыртқы жаудың 
алдындағы шарасыздықты айтады. «Бұл, бұл үйрек, бұл 
үйрек» толғауында тӛмендегідей кеңес береді: 
Бұл, бұл үйрек, бұл үйрек, 
Бұл үйректей болыңыз, 
Судан суға шүйгумен 
Кӛлден кӛлге қоныңыз. 
Байлар ұғлы шоралар 
Бас қосыпты десін де, 
Маң-маң басып жүріңіз, 
Байсалды үйге түсіңіз. 
Айнала алмай ат ӛлсін, 
Айыра алмай жат ӛлсін, 
Жат бойынан түңілсін, 
Бәріңіз бір енеден туғандай болыңыз. 
Бӛгенбай қайтыс болғанда айтқан жыры - «Қазақтың 
ханы Абылай». Бӛгенбай ӛлімін 90-нан асқан жырау 
Абылайға 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


62 
Құлағанға ұқсайды 
Қазақтың қамал қорганы 
-деп естіртеді.
Толғауда Бӛгенбаға үлкен баға береді: 
Еңбек қылған ел үшін, 
Жауда кеткен кек үшін, 
Қазақтың абырой-арына 
Сарып қылған бар күшін, 
Қайыры болсын халқыңа, 
Сабыр қыл, ойлап келмесін
Қарияң келіп жырлап түр 
Еңбегі сіңген ер үшін, 
Батырың ӛтті Бӛгембай! . . . .
Бұқардың ерекше кӛңіл бӛлген тақырыбы - адам
ӛмірі. Адам ӛмірін жастық шағыннан кәрілік кезіне дейін 
буынға бӛліп суреттейді. «Ай, Абылай, сен он бір 
жасыңда» толғауында Абылай ӛмірін, ісін бала жасынан 
кемеліне келген шағына дейін жыр етеді. 
Бұқардың ерекше қадір тұтқан жасы - жиырма бес. Бұл 
адам ӛмірінің ең қызық шағы, дегеніне жету үшін еңбек 
етіп, талап қылып, құлшыныс жасайтын кезең екенін «Атам 
болған жиырма бес» толғауында айтады. Жастық шаққа 
қарттық-кәрілікті 
қарама-қарсы 
қойып 
сипаттайды. 
«Жиырма деген жасыңыз» толғауында адамның 20, 30, 40 
жастағы ӛмірін бұлақ, лақ, құр атқа теңейді. Елуден ары 
қарай кӛшкен елге, мұңлы күнге, тұманды түнге балайды. 
Тоқсан жаста ӛлімнен басқа жоқ екен деген қорытынды 
жасайды. 
Бұқар ӛзінің толғауларында адам ӛміріндегі қолайлы-
қолайсыз жайттар, шарапатты не кесепатты мінез-құлықтар 
туралы психологиялық тұрғыда сипаттама жасайды, 
философиялық ой түйіндерін ұсынады. Араб әліпбиі 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


63 
бойынша оқып, қара таныған Бұқардың «Алла деген ар 
болмас», «Айтар болсаң Алланы айт» толғауларының бүкіл 
ӛзегі философиялық терең ой, ӛмірлік тағылым тұрғысынан 
ӛріледі. Алла атын жырау ӛз сӛзіне тыңдаушы назарын 
аудару үшін, оларға діни сезім арқылы әсер ету үшін 
қолданған сияқты. Ол діни білімді халық түсінігіне 
лайықтап толғайды. «Алла деген ар болмас» ӛлеңіндегі 
Қартайсаң қарт бабаңды сыйлай бер
Күндердің күні болғанда 
Кімдер де кімнің дейсің белі бүгілмес 
- деген философиялық түйін үгіт-насихат айту тұрғысында 
келген. Бірақ Бұқар жырларына жалаң дидактика жат. Бұқар 
толғауларынан жыраудың ӛмірге, ӛзін қоршаған ортаға 
кӛзқарасы аңғарылады. Мәселен, жоғарыда келтірілген 
тұжырымда «Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келеді» деген 
тұспал бар. «Айтар болсаң алланы айт» толғауында 
жақсының тірісінде қадірін біл дегенге меңзеу жасалады. 
Адамның ӛсіп-жетілуінде әкенің орны ерекше екенін «Әкелі 
бала - жау жүрек, жиын болса барады, барса орын табады» 
дегенге «әкесіз бала - сужүрек, жиын болса бара алмас, 
барса да орын таба алмас» деп салыстыру жасайды. Демек, 
Бүқар сӛздері афоризм сыңайында құрылып, мақал-мәтел 
деңгейінде қолданыс тапқан. 
Бұқар жырау тілінің кӛркемдігі, ӛткірлігі әдебиетіміздің 
алға басуына әсерін тигізді. «Арту-арту бел келсе» ӛлеңінің 
әр тармағы дауысты дыбыстан басталып кӛркемдік сипат 
дарытқан. 
Арту-арту бел келсе, 
Атан тартар бүгіліп, 
Алыстан қара кӛрінсе, 
Арғымақ шабар тігіліп, 
Алыстан жанжал сӛз келсе, 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


64 
Азулы сӛйлер жүгініп. 
Бұқар - ӛмір сүрген дәуірдің болмыс-шындығын кӛркем 
бейнелеп, артына елеулі әдеби мұра қалдырған жырау. Ең 
алғаш ауыз әдебиетіндегі үлгілерден бастау алса да, дәуір 
талабына орай әлеуметтік мазмұн мен кӛркемдік сапаларды 
игерген жыраулық поэзия Бұқар шығармалары арқылы жаңа 
белеске кӛтеріліп, әдебиетіміздің байып, марқая түсуіне жол 
салды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет