55
жинастыру, зерттеу ісі біршама ілгерілеп кеткен еді. XIX
ғасырдың 60-жылдары
орыс зерттеушілері балалар
фольклорын арнайы қарастыра бастады. Балаларға арналған
халық шығармаларын В.И.Даль, П.В.Шейн, П.А.Бессонов
жазып алып жинайды. 1868 жылы П.А.Бессонов «Балалар
фольклоры»
атты
кітап
шығарады.
1870
жылы
А.Н.Афанасьевтің «Орыс балалар ертегілері» деген жинағы
жарық кӛреді.
Қазақ фольклорын жинаушылар бұл кезеңде балалар
фольклорына арнайы кӛңіл бӛлген жоқ, халық мұрасының
бір
қыры ретінде бесік жыры, жұмбақтар, ӛтірік ӛлеңдер
сияқты танымал жанрларды қағазға түсіріп қана қойды.
Мысалы, Радловтың «Түркі тайпаларының халық әдебиеті
үлгілері» еңбегінің қазақ фольклорына арналған үшінші
томында ӛтірік ӛлең үлгісі кездеседі.
Балаларға арналған
халық шығармашылығына қатысты мол еңбек сіңіргендер
К.Д.Ушинский(«Детский мир», «Родное слово») мен
Л.Н.Толстой(«Русские книги для чтения») болды. Балалар
фольклоры үлгілерін іріктеуде олар қажырлы еңбек етті.
Бұл үлгінің қазақ балалар
фольклоры тағдыр-талайының
қалыптасуына әсері болмай қойған жоқ. Ы.Алтынсариннің
«Қазақ хрестоматиясында» (1879) қазақ халық әдебиетінің
озық үлгілерінен балаларға лайықталған тамаша үзінділер
мол.
М.Дулатовтың «Қирағат» атты оқу құралында(1911)
фольклорлық үлгілер аса мол қамтылған. 1926 жылы
шыққан «Балаларға тарту» жинағында халық поэзиясының
балаларға арналған үлгілері
тұңғыш рет толығырақ
топтастырылды. І.Жансүгіров құрастырған «Ел ӛтірігі»
кітабы да (1927) осы жылдардағы бағалы жинақтардың бірі
болды. Бұл кезеңде қазақ балалар фольклрының үлгілері
жиналып, жарық кӛріп қана қойған жоқ, зерттеушілер
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
56
назарына да іліне бастады. А.Байтұрсыновтың «Әдебиет
танытқыш» (Теория словесности) еңбегінде(1926) ӛтірік
ӛлең, жұмбақ,
жаңылтпаш, тақпақ, жарапазан, бесік жыры
сияқты терминдер алғаш ғылыми айналысқа түсіп,
мағыналық жағынан тиянақталады. Ғалым ауыз әдебиетінің
жанрлық түрлерінің балалар репертуарынан алатын орнына
да назар аударады. Х.Досмұхамедовтың «Қазақ
халық
әдебиеті» (1924) еңбегінде бала табиғаты мен тілінің дамуы
жӛніндегі мәселені анықтауға да мол сәуле түсіреді.
Салмақты сілтеме ойларды М.Әуезовтің «Қазақ әдебиетінің
тарихы» (1927), С.Сейфуллиннің «Қазақ әдебиеті» (1932)
кітаптарынан да кездестіреміз.
М.Ғабдуллин «Қазақ халқының ауыз әдебиеті»
оқулығында халық ауыз әдебиетінің кейбір жанрларында
балалар фольклорына жататын мұралар барын атап ӛтеді.
Ш.Ахметов «балалар фольклоры» терминін ӛз еңбегінде
алғаш
қолданып,
түсініктеме
береді.
Балалар
фольклорының ішкі жанрлық түрлерін ӛзінше саралайды.
Б.Уахатов «Қазақтың халық ӛлеңдері»
монографиясында
балалар ӛлеңдеріне жеке бӛлім арнаса, «Қазақтың тұрмыс-
салт жырларының типологиясы» кітабында оның түркі
тектес халықтар фольклорымен ортақ желілеріне тоқталады.
Достарыңызбен бөлісу: