54
Тіктеп тиген тұяғы,
Саз балшықтай иледі.
Тайбурылдың шабысы арқылы халқы үшін кек алуға
аттанған батырдың тасқындаған күші, ыза-намысы
берілгендігі байқалады. Мұнымен қатар Тайбурылдың
шабысында халықтың ой-арманы, қиялы жатқаны да
байқалады. Одан сеңгір-сеңгір таулардан бір-ақ қарғып
ӛтетін, алысты жақын ететін, қырық күншілік жерге бір
күнде жететін кӛлік болуды аңсаған халық қиялы кӛрінеді.
Жырда ерте кездегі талай-талай географиялық атаулар да
кездеседі. Сонымен қатар қазірде сирек аталатын
ӛсімдіктердің аттарымен де балаларды таныстырып қалуға
зор мүмкіндік береді.
«Ер Тарғын» жырындағы Тарғын - бір рудың ғана емес,
бүкіл ноғайлы жұртының батыры. Оған ноғайлы атанған
елдің алыстығы жоқ, бәрі де жақын, тума-туыс болып
кӛрінеді. Тарғын басқыншы жаулардан ӛзінің ел-жұртының
елдігін қорғауды және сол елдің бірлігін сақтауды, оған
қызмет етуді мақсат етеді.
«Қамбар батыр» жырының басты идеясы халыққа
қызмет еткен батырды, оның ерлік істерін ардақтаудан
туған. Егер басқа жырларда батыр образы кӛбінесе бірден
оның күреске, аттанысқа қатысуын суреттеу арқылы
жасалса,
олардан
Қамбар
образының
елеулі
бір
айырмашылығы бар. Халық жыры оны еңбекші халыққа
қызмет еткен еңбек ері деп кӛрсетеді. Бұдан халықтың ел
қорғаған батырды ғана емес, еңбек адамдарын да
ардақтайтындығы байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: