47
Жарық жұлдыз(Түйе)
Кейін заман талабына қарай ғылым мен техниканың
дамуына байланысты жұмбақтар туды.
Самұрық
құс самғады,
Кӛктен ӛтіп,
Айға жетіп
Жеңілдеді салмағы(Ғарыш кемесі).
Жұмбақтар ұйқасы ырғақты ӛлеңге құрылады.
Жұмбақтың дүниетанымдық қасиетімен қатар тәрбиелік
мәні де зор. Бала жұмбақ айту арқылы танымдық, білімдік
ұғымдарды ой-қиял елегінен ӛткізеді.
Мақалдар.
Мақалдар
- нақыл, ӛсиет түрінде айтылатын философиялық ой
түйіндері болып табылады. Мақал, негізінен, екі
бӛлімнен(кӛбінесе екі тармақтан) құралады. Бірінші бӛлімде
пайымдау (айтатын ойдың түп негізі), екінші бӛлімде ой
қорытындысы айтылады(Еңбек етсе, емерсің). Тура
мағынада (Еңбек етсең, ерінбей, тояды қарның тіленбей),
ауыспалы мағынада (От жақпаған үй
- қорамен тең, адам
кірмеген үй моламен тең) қолданылатын мақалдар да бар.
Қазақ мақалдарының тақырыптары: бірлік, батырлық, ерлік,
ӛнер-білім, тӛрт түлік, егіншілік, адам қасиеттері т.б. Тӛрт
түлікке байланысты мақалдар:
Қойдың сүті - қорғасын,
Қойды соққан оңбасын.
Мал ӛсірсең, қой ӛсір,
Ӛнімі оның кӛл-гӛсір.
Ӛмір тәжірибесі аз балаға айтылатын ақыл-насихат, ӛсиет-
ӛнеге мақал арқылы да беріледі.
Ертегілер.
Қазақ балалар фольклорының ішінде кейбір
жанрлық түрлер үлкендерге де, балаларға да ортақ болып
келеді. Олар: батырлар жыры,
ертегілер, аңыз әңгімелер.
Қазіргі ғылыми ұстаным бойынша қазақ халық ертегілері
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
48
хайуанаттар жайындағы ертегілер, қиял-ғажайып ертегілері,
новеллалық ертегілер, батырлық ертегілер және сатиралық
ертегілер түрінде қарастырылады(23). Қазақ балалар
фольклорында жасы кіші балаларға арналған арнаулы
ертегілер бар. Олар: «Мақта қыз бен мысық», «Күшік пен
мысық», «Қотыр торғай», «Шудалы торғай», «Құйыршық»
және
т.б.
Аталған
ертегілердің
кӛлемі
шағын,
композициялық құрылысы қарапайым келеді. Бұларда
диалогқа кӛп орын беріледі. Бір эпизодтың жиі қайталануы
байқалады.
Мәселен,
ол
бас
қаһарманның
басқа
кейіпкерлермен кездесуіне байланысты эпизод болуы
мүмкін. «Қотыр торғай» ертегісінде торғай ӛзіне
кездескен
хайуанаттың бәрінің үстінен шағым жасайды. Қотырын
ауыртқан шеңгелді ешкіге шағады. Тілін алмаған ешкіні
қасқырға шағады. Қасқырды жылқышыға, жылқышыны
байға, байды кемпірге, кемпірді желге шағады. Ерігіп
жүрген құйын кемпірдің жүнін ұшырады, кемпір, бай,
жылқышы, қасқыр, ешкі бірін-бірі қуады.
Ақыр соңында
ешкі шеңгелді жейді. Қотыр торғай осылайша шеңгелден
кек қайтарады. Ертегідегі біркелкі эпизодтар осылайша
қайталанып келіп, соңында бас кейіпкер белгілі бір
нәтижеге жетеді. Орыс халқының «Ешкі мен жаңғақ»
ертегісі де осындай тізбекке құрылған. «Мұндай құрылысы
бар ертегілерді тізбекті(кумулятивный) ертегі дейді.
Қайталанатын эпизодтардағы диалогтардың кӛбінесе
ұйқасқа құрылуы, яғни ӛлең түрінде келуі де кездеседі.
Ӛлең араласқан ертегі театрландырылған кӛрініске
сұранып-ақ тұрады. Баланың жасы кіші болған сайын ертегі
қаһармандары мен ондағы оқиғаларды шын ӛмірдегідей
қабылдайды. Лақ, қозы, бұзау, күшік, мысық тәрізді ертегі
кейіпкерлері баланы баурайды. Олардың тірлігі адам
ӛміріне ұқсас. Адам харакетін қайталайды. Уақыт ӛте келе
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У
49
хайуанаттар әлемі ӛкілдері
белгілі бір сипатқа ие бола
бастайды. «Әрбір аң айнымас мінез иесі болады. Арыстан -
әр зорлықтың, асқақ күштің иесі; қасқыр - тойымсыз
қомағайлық, жеміттік мінез иесі; түлкі - пәле басы және
жаурыны жерге тимес,
аяр алдамшы, ӛзінен ӛзгенің бәріне
іші қас, сырты дос болып жүреді.[...] Ӛзінше, біралуан
келесіз,
ақылсыз
қара
күштің
иесі
болып
аю
жүреді.[...]Момын, жазықсыздан, кең тазалықтан осы
хайуандар арасында жүріп жем болатын түйе бар»(6;213).
Хайуанаттар жайындағы ертегілерге құрылысының
қарапайымдылығы, шағын кӛлемділігі
және диалогқа
құрылуы жағынан
Достарыңызбен бөлісу: