170
жариялаған хан әрекетінің ақылға сыйымсыздығын
тазшаның «таяқ ұстап, мал соңында жүрген қайыршы шал
сіздің әкеңіз еді, рас па, ханым, осыным?» дегеніне ханның
тосылып, «рас» деп айта алмауы байқатады. Ханды
тұқыртқан тазша бейнесі фольклорлық шығармадағы ӛз
тұрғыласынан сӛз қисынын таптық айырмашылыққа құру
жағымен
бӛлекше.
Б.Майлин
ӛз
шығармасында
«жалшылықты» ӛз тегіне дарытқысы келмей, азар да безер
болған хан мен қара халық ӛкілі -тазша баланың текетіресі
арқылы күні ӛткен кешегі билікке заманы туған кедей-
кепшік қажыр-қайратын қарсы қою талабын байқатады,
және екіншісін болжамы дұрыс, тапқыр жан етіп кӛрсету
нәтижесінде жаңа дәуір құрылысшысы жеңімпаз, жасампаз
болмай қоймайды деген ойды тұспалдайды.
Сорлы шал арқылы автор хан қарауындағы соры қалың
халық тұрмысына тұспал жасайды. Хан шындықты
мойындағысы келмейді. Тазша бала кӛп шындықты айтқан
жоқ. Сонықтан автор поэмасын «Аз ғана айтқан ӛтірікке
алғаныңның бәрі алтын!» - деп түйіндейді. Кіріспеде
автордың «Бәрін айтсам, кейін қайтсам, сӛз ұзаққа кетеді»
деп хандар зорлығын баяндауды доғаруы, қысқа қайыруы
бекер емес.
Достарыңызбен бөлісу: