Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Е



Pdf көрінісі
бет79/104
Дата26.02.2022
өлшемі1,76 Mb.
#133430
түріОқулық
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   104
Байланысты:
Rustemov okulik

Сҧрақтар мен тапсырмалар
1.
Ғ.Мүсіреповтің 
«Қазақ 
солдаты» 
романының 
шығармашылық тарихы жӛнінде әңгімелеңіздер. Романдағы 
жасӛспірім 
бейнесінің 
берілу 
ерекшелігі 
жӛнінде 
айтыңыздар. 
 
Оқуға ҧсынылатын кітаптар
1. Қазақ балалар әдебиетінің хрестоматиясы. 3-кітап. –
Павлодар: Арман, 2004. 
6 тарау. С.БЕГАЛИН 
Әңгімелері мен повестері. 
С.Бегалиннің балаларға 
арналған әңгімелері мен повестерін тақырыбына қарай 
Ш.Ахметов бес топқа бӛледі. Аңшылық, мал шаруашылығы, 
мичуриндік агробиология тақырыбындағы шығармалары, 
тәрбие мәселесін кӛтеретін және екінші дүниежүзілік соғыс 
кезіндегі тыл мен майдан ӛмірі туралы туындылары. Жазушы 
соғыс жылдары қызмет бабымен Аягӛз ауданына барады. 
Сол жақта ителгі асырап, саятшылық жасайтын Сәтжан деген 
баламен танысады. «Сәтжан» повесі осы кездесуден соң 
жазылады. Сәтжан бейнесі талапты баланың іс-әрекетін 
кӛрсетуге арналған. Мектеп оқушысы Сәтжан жазда колхоз 
бұзауын бағады. Аңшы атасы Серікбайға еліктеп, 
құсбегілікпен айналысады. Табиғат тағысы қыран құс ителгіні 
үйретеді. Тау қыранымен аң аулайды. Сәтжан туған ӛлкенің 
сыр-сипатымен танысады. «Таңбалы тастағы» әр алуан 
суреттер мен тастар Сәтжанды үлкен ойға қалдырады. Талапты 
бала аңшылықты ӛлкетану ісімен байланыстырады. Сәтжан 
алдында аңшылық ӛнерден жоғары мақсат пайда болады. Оны 
қиясына қыран, қыналы бетіне тарих ұялатқан зәулім жартастар 
құпиясы қызықтыра бастайды. Повесть балаларға арналған 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


207 
әдебиеттің Бүкілодақтық конкурсында жүлде алады. Орыс, 
армян, азербайжан, ӛзбек, корей т.б. тілдерге аударылады. 
«Бала мерген» повесіндегі Уаш әке жолын қуып аңшы 
атанады. Әкесі соғысқа кеткенде үй іші тірлігін арқалап 
қалады. Повесть «Таныстыру», «Алғашқы елік», «Сілеусін», 
«Қалаумен барып қасқыр атқаны», «Аюмен жекпе-жек», 
«Таутеке жорығы» деп аталатын тараулардан тұрады. Шығарма 
кейіпкерлері - он тӛрт жасар Уаш, укесі Нұрқасым, шешесі 
Әймен, милиция бӛлімшесінің бастығы Исаев, Ыбырайым 
қарт, Жанжігіт атай, Қалиев, Чугунов, Мұқан, Уаштың 
қарындасы Дариға. Повесте жер-су атаулары мол: Қырық 
құдық белдеуі, Алтай тауы, Сарымсақты ӛлкесі, Қоскемпір 
биігі, Тазқара биігі, Үлкен Нарын, Балтақалған тауы, Текше 
тауы, Шыбынды бұлақ, Сармойын құздары, Ақжар биігі т.б. 
«Кӛксегеннің кӛргендері» повесіндегі Кӛксеген - 
маралшы бала. Ол дала сырын жақсы біледі. Оның далада 
кӛргендері - замандастары үшін таңғажайып хикая. 
Кӛксеген кӛп нәрсені кӛреді, ойға түйеді, кӛкірегіне 
байлайды. Кӛргендері мен түйгендерін жас оқырмандармен 
бӛліседі. Повесте аңшылық кәсіп, жер, егін шаруашылығы 
ӛзара байланыста әңгімеленеді. Шӛп шабуға шыққан 
балалар табиғат құбылыстарымен танысады, аңшылықтың 
қыр-сырын танытатын тосын оқиғаларды бастан кешіреді. 
«Шопан 
даңқы, 
«Тӛлбасылар», 
«Сұрапылда», 
«Керкиік», «Будан», «Қозышы Нұрман», «Жылқышы» 
әңгімелерінің тақырыптары - мал шаруашылығы. Мектеп 
балалары оқуды мал бағумен тығыз байланыстыра жүріп, 
ӛмір таниды. Тәжірибелі шопандардың жұысын балалардың 
алдына үлгі етеді. 
«Жас бұтақ» әңгімесінде Жүмақан деген бала ӛзі 
ӛсірген апорт алмасын Артекте танысқан достарына 
жібереді. «Қант бұршақ» әңгімесіндегі Зуфар Артектегі 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


208 
достары арқылы қант бұршақ ұрығын алдырады, оны 
ӛсіреді. «Мектеп бағында» әңгімесінің кейіпкері Ерден ағаш 
отырғызумен айналысады. Аталған әңгімелерде жолдастық, 
достық, қоғамдық еңбек мәселелері кӛтеріледі. 
С.Бегалиннің бірсыпыра әңгімелері ерке балалар 
қылықтарын әшкерелейді. «Сымбатты Сима» әңгімесіндегі 
Сима - еңбек етуге құлықсыз жан. Сабаққа да атүсті 
қарайды. Ӛзгені менсінбейтін тәкаппарлығы және бар. 
Әңгімеде баланың тәрбиесі ата-анаға тікелей байланысты 
деген ой айқын. «Жаңғалақ» повесінде тентек баланың түзу 
жолға түсуі, тәрбиеге кӛнуі оқиға желісіне алынған. 
Жаппарбек деген бала жаңғалақтығынан тосын оқиғаларға 
тап болып жатады. Содан Жаңғалақ атанады. Қаладағы 
қазыналық оқудан демалысқа Дойырбай келеді. Жаңғалақ 
Дойырбайға ілесіп қалаға кетеді. Жаңа мектепте 
жетістіктерге жетеді. Фабрика-заводтар үшін мамандар 
даярлайтын мектепке қабылданады. Қазақ баласының оқуға 
деген құштарлығын ояту, оқу-білімге шақыру және 
бұзықтық, тентектіктің ӛрге бастырмайтынын аңғарту - 
шығарма идеясы. 
Соғыстан кейінгі жылдардағы балалар әдебиетінің 
негізгі тақырыптары тыл мен майдандағы ерлік істер 
жайында болды. Соғыс жылдарында 11-14 жастағы балалар 
ересек адамның барлық жұмысын атқарды. Арбамен астық, 
пішен тасыды, мақта терді, қызылша тазалады, бұзау бақты, 
жылқы қайырды, есепші болды. Бұл жастағы балалар 
майданда ерекше маңызы бар тапсырмалар орындайды. 
С.Бегалиннің 
тыл 
мен 
майдан 
ӛміріне 
арналған 
шығармалары нақтылы оқиғаларға құрылды. 
Тарихта 
есімі 
қалған 
тұлғалар 
жайындағы 
биографиялық шығармалар да – балалар әдебиетінің 
мұрасы. Соғыстан кейінгі балалар әдебиетіндегі кӛрнекті 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


209 
қайраткерлер 
туралы 
шығармалардың 
қатарында 
С.Бегалинның «Шоқан асулары» повесі де бар. Жазушы 
ғалым есімін Семейде оқып жүрген кезінде естиді. 
Кітапхана, архивтерден Шоқан жайында материал 
жинайды. Ғалымның туыстарымен әңгімелеседі. «Шоқан 
асулары» повесінде автор беймезгіл заманда туып, 
заманның қыспағына түскен, жарқын талантымен
алғырлығымен қараңғы түнекті жарып ӛтуге ұмтылған 
адамның ӛмірін, балалық, жастық шағын нанымды 
әңгімелейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   75   76   77   78   79   80   81   82   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет