Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Е



Pdf көрінісі
бет76/104
Дата26.02.2022
өлшемі1,76 Mb.
#133430
түріОқулық
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   104
Байланысты:
Rustemov okulik

 
Сҧрақтар мен тапсырмалар
1.
Ж.Жабаевтың балаларға арналған ӛлеңдеріне 
идеялық-тақырыптық және кӛркемдік ерекшеліктер 
тұрғысында талдау жасаңыздар. Таңдауларыңыз 
бойынша екі-үш ӛлеңін жаттаңыздар. 
 
Оқуға ҧсынылатын кітаптар
1.
Дастан ата(Жамбыл Жабаев туралы естеліктер). 
- Алматы: Жазушы, 1989. 
2.
Қазақ балалар әдебиетінің хрестоматиясы. -Алматы: 
Мектеп, 1980. 
3.
Қазақ балалар әдебиетінің хрестоматиясы. 2 кітап. - 
Павлодар: Арман, 2004. 
4 тарау. С.МҦҚАНОВ 
 «Бақташының 
баласы» повесі. 
С.Мүқановтың 
«Бақташының баласы» повесі 1953 жылы жазылған. 
Повестің бас кейіпкері - он жасар Жандос. Жазушы бас 
кейіпкердің мінезін, батылдығы мен адамгершілігін қиын-
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


200 
қыстау қауіпті сәттерде сынайды. Повесть «Қазаға 
ұшыраған құнан», «Қақпандағы қасқыр», «Аянышты лақ», 
«Жаралы құлын», «Бӛлтіріктер», «Кӛкшолақ», «Аңды адам 
жеңеді» атты жеті тараудан тұрады. «Қазаға ұшыраған 
құнан» тарауы 1929 жылдың күзіндегі оқиғаны баяндаудан, 
яғни, мұғалімнің сырқаттанып қалып, колхоз председателі 
Шынболаттың мектеп оқушыларын егін жинау жұмысына 
шақыруынан басталады. Сол балалардың арасында Жандос 
та бар. Жандостың атасы Бектас қой бағады, әжесі Бүбі 
орталықтың сиырларын сауады, әкесі Қамбар - жайлауда 
жылқы бақташысы, шешесі Бәтия егін жинау жүмысында. 
Кӛршілес колхозға ұзатылған туған апасына Жандос 
жұмыстан соң барып қайтпақ болып, Шымболаттан колхоз 
құнанын сұрап мінеді. Апасының аулына барып келгеннен 
кейін құнанды тұсаулап қоя береді. Тұсаулы құнанды 
қасқыр жарып тастайды. «Егер ол құнанды Шымболаттан 
сұрап мінбесе, мінген құнанды түнде тұсап жібермесе, 
құнан мұндай қазаға ұшырамас еді[...]. Соны айтып, Жандос 
қайтадан ӛксіп жылауға айналды...». 
Жандос боркемік емес, аса сезімтал бала. Кәдімгі 
қатардағы ауыл баласы. Оның басқа балалардан 
артықшылығы, ол, бәлкім, ӛз қателігін мойындай білуінде. 
Оның бойында аяушылық сезімі, үй малына деген 
қамқорлық басым. Қазаға ұшыраған құнан үшін де, қасқыр 
тартқан лақ үшін де, жараланған құлын үшін де кӛз жасын 
тӛгеді, бірақ боркеміктікке, сарыуайымға салынбайды. Осы 
оқиғалардың барлығы бала бақташыны ширықтыра түседі. 
Повестің кейінгі тарауларынан шыңдала түскен Жандосты 
кӛреміз. 
М.Әуезовтің «Кӛксерек» повесіндегі танымдық сипат 
бұнда да бар. Қақпан басуға қар жауудың қажеттігін, 
қасқырдың ең залалдысы - ұрғашысы екендігін және тағы 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


201 
басқа жағдайларды Жандос атасы Бектастан естіп біледі. 
«Кӛксеректе» Құрмаш үлкендер сӛзін елең қылмаған болса, 
Жандос болған оқиғадан сабақ алуға қауқарлы, естігенін, 
кӛргенін, білгенін айтып отырады, іс қылады. «Атам 
айтушы еді, - деді Жандос Қалқаманға, - «Егер 
бӛлтіріктерінің тірсегін қиып тастап кетсең, қасқыр ол 
маңайдан бӛлтіріктерін алысқа тасып әкетеді де елдің 
малына тимейді» деп...». 
«Кӛксерекпен» жақындастыратын тағы бір тұсы - 
қасқыр алатын иттің болуы. «Кӛкшолақ» тарауында Бектас 
шалдың арыстандай дүрегей иті Алыпсоқ пен Жолбарыс 
суреттеледі. Әсіресе, Жолбарысқа қатысты автор қызықты 
суреттемелер жасайды: «Ал, Жолбарыстың мінезі ӛзгеруі 
ме, әлде байлауға ызалануы ма, енді кісіге үріп ұмтылатын 
дағды шығарды». 
«Жандостың бір қайран қап тұрғаны - тӛңіректегілер 
желіккенмен, Жолбарыс желікпейді, айғай-шуға тек басын 
ғана кӛтеріп қойып, шӛке түскен қалпында кӛзін жұмып 
жата береді». 
Аудармалары. 
С.Мұқанов аударма саласында да 
еңбектенді. Навтедждің «Балалар»(1953), В.Осееваның 
«Васек Трубачев және оның жолдастары»(3-кітабы, 1955), 
шығармаларын қазақ тіліне аударды. С.Мұқановтың үнді 
жазушысы Навтежден аударған «Балалар» әңгімесі жетім 
балалар, қорғансыз, панасыз балалар тақырыбындағы 
шығармалар қатарын толықтырады. «Қызметші кішкентай 
кескінді қара қыз, мүнда кел сен! Сүт ішпеген туған үйіңді 
таба алмаған Престо, мұнда кел!.. Менің мектептес досым 
Башира, мұнда кел!.. Сенің жүрегіңнің жасырын түкпірінде 
жарқын қиял бар, барына мен сенем. Соқыр шешеңнің 
жарық сәулесі - Каму, сен де кел мұнда!.. Газет сатқанмен, 
аштықтың құшағынан шықпаған кішкене қыз, сен де кел!.. 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


202 
Ӛмірің искусстводан, дене ӛнерінен, биден айырып, бәтіңке 
жұлығына үңілдірген Раму сен де кел!..». Аталған 
балалардың әрқайсысының ӛміріне автор жеке-жеке үңіледі. 
Олардың тірлігі бір-бірінікіне ұқсамайды. Бірақ тағдырлары 
бірдей. Ӛмір ауыртпалығы олардың еңсесін басуда. Әр 
баланың тағдыры аяушылық туғызады. Автор тарапынан 
аяу сезімінен гӛрі, олардың болашағына деген сенім мол 
сезіледі. Сондықтан да ӛз жанына қол бұлғап шақырады. 
«Ӛмірімізді ойдағыдай құру ӛз қолымызда» деген ой 
айтады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет