Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Е


ҤІІБӚЛІМ 1960-80 ЖЫЛДАРДАҒЫ БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІ



Pdf көрінісі
бет84/104
Дата26.02.2022
өлшемі1,76 Mb.
#133430
түріОқулық
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   104
Байланысты:
Rustemov okulik

ҤІІБӚЛІМ
1960-80 ЖЫЛДАРДАҒЫ БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІ
1 тарау. ПРОБЛЕМАЛАР, ІЗДЕНІСТЕР, ЕСІМДЕР
Бұл 
дәуірде 
балалар 
ақын-жазушыларының 
шығармашылық белсенділігі артты. Қаламгерлер қатары 
молайды. Балалар әдебиеті жанрларының барлық түрі 
дамыды. Оған «Жалын» жастар баспасының, «Балауса» 
балалар баспасының ашылуы, «Жалын» баспасының 
жанынан балалар мен жасӛспірімдерге арналған жылма-
жылдық жабық бәйгенің ықпалы да зор болды. 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


214 
«Балдырған», «Ұлан», «Ақжелкен» газет-журналдары ӛз 
қарқындарынан жаңылмады. 1956-1985 жылдар аралығында 
1937-1938 жылдардағы қиянаттардың зардабын жоюға ниет 
жасалды. С.Сейфуллин, Б.Майлин, І.Жансүгіровтердің 
есімдері тарихқа қайта оралды. Ӛ.Тұрманжанов жазушылық 
жолын жалғастыра бастады. 
1988-1989 жылдары Алаш ақын-жазушыларының ӛмірі 
мен шығармашылығын зерттейтін комиссияның шешімі 
бойынша Ш.Құдайбердиев, А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, 
Ж.Аймауытов, М.Дулатов ақталды. 
1966 жылы «Балалар әдебиеті» журналы ӛз жұмысын 
қайта жандандырды. 1978 жылы Мәскеудің «Детская 
литература» баспасының кеңестік балалар әдебиетінің 
кӛрнекті ӛкілдері шығармашылығына арнап «Вслух пр 
себя» атты 2 томдық шеберханалық кітабына Қазақстаннан 
М.Әлімбаев «Вечно самим собою недовольный» аталатын 
мақаласымен қатысты. Ақынның «Аспандағы әпке» жыр 
жинағына 1985 жылы Қазақстан Мемлекеттік сыйлығы 
берілді. М.Қабанбай Андерсен атындағы халықаралық 
сыйлық алды. Балалар ақын-жазушыларының шығармалары 
халықаралық кітап жәрмеңкелеріне қатысты, шетел 
тілдеріне аударылды. 
Қазақ балалар поэзиясының ішкі жанрлары байыды, 
бала характерін ашатын әдеби әдіс-тәсілдер молайды. Бұл 
кезде жалаң үгіт, насихат тежеліп, бала характері алдыңғы 
планға шықты, балалар лирикасының мазмұны байыды. 
Ӛ.Тұрманжанов, 
М.Әлімбаев, 
М.Жаманбалинов, 
Қ.Мырзалиев, Ә.Дүйсенбиев, Ж.Смақов сияқты ақындар 
бірыңғай балалар әдебиетіне маманданды. Олардың 
танымдық-тәлімдік шығармалары балалардың қиялына қиял 
қосты. Аталған талантты ақындар ісін 70-жылдардың 
басында 
Қ.Баянбаев, 
Ж.Кәрбозин, 
Е.Ӛтетілеуов, 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


215 
А.Сопыбеков, С.Қалиев, Е.Елубаев тәрізді дарынды жас 
буын ӛкілдері іліп әкетті. Балалар поэзиясы жанр жағынан 
да, мазмұн жағынан да түрлене түсті. 60-70 жылдар 
аралығында анаграмма, шарадалардан бастап лирикалық
сатиралық, фантастикалық поэма, ертегі, ертегі-поэма 
үлгілері пайда болды. Шығармашылық салмағы әдебиеттің 
ӛзге 
саласында 
жатқан 
Ә.Тәжібаев, 
Қ.Бекхожин, 
С.Мәуленов, 
Ж.Молдағалиев, 
Ғ.Қайырбеков, 
Т.Молдағалиевтар 
балалар 
поэзиясын 
ӛркендетуге 
атсалысты. 
А.Сәрсеков, 
Е.Ерботин, 
Ә.Нарымбетов, 
Б.Серікбаев, С.Оспановтар қазақ балалар поэзиясының 
табалдырығын аттады. 
60-80 жылдар қазақ балалар ақындары творчествосы 
балалар поэзиясының ӛзіндік ішкі сырларын терең 
түсінуімен, оны ойдағыдай меңгеруімен ерекшеленеді. 
Олардың 
ӛлеңдері 
ой-пікірдің 
нақтылығымен,сӛз 
ойнақылығымен әсерлі келеді. Бала еңбегі, оның ой-пікірі, 
әрекеті кӛркем поәзия тілімен ӛрнектелді. 
Балаларға арнап ӛз шығармаларын С.Бегалин, 
Б.Соқпақбаев, 
С.Сарғасқаев, 
М.Дүйсенов, 
М.Ғұмар, 
С.Қалиев, С.Жұбатыров, 
М.Қабанбаев, 
Ә.Тӛреханов, 
Б.Қойшыбаев, С.Асылбеков, М.Айымбетов, Б.Ыбырайымов, 
Н.Мұраталиев, 
Н.Ақышев, 
Б.Әділов, 
С.Дүйсенбиев, 
Қ.Қазиев және т.б. ұсынды. Таптық-тӛңкерісшілдік 
сарындар жібіп, балалар әдебиетінің мұраты - баланың жан 
сырын тануға ұмтыла бастады. Шығармалардағы басты 
мәселе 

кейіпкердің 
жан-дүниесіне 
үңілуге 
тырысушылықты аңғарамыз. Тіршілік дүниесі бала кейіпкер 
кӛзімен беріледі. Ата-анасы, әйтпесе, мектеп ұжымы, достар 
арасындағы психологиялық конфликт ӛрістейді. Шығарма 
кейіпкерлері - жазушылардың балалар ӛміріне жаңаша 
қарай бастауының куәсі. 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


216 
Жоғарыда аталған қаламгерлер балалар әдебиетіне 
ӛздерінің балалық ӛмірбаян сырын әкелді. М.Қабанбаевтың 
«Бақбақ басы толған күн», «Арыстан, мен, виоленчель және 
қасапхана», 
Қ.Қазиевтің 
«Үркер», 
С.Жұбатыровтың 
«Жасыл сағым», М.Айымбетовтың «Бар болғаны он тӛрт 
жас», «Кӛлге шомылған ай», Б.Қойшыбаевтың «Сенім» 
повестері - мектеп оқушылары ӛмірінен жазылған 
шығармалар. Балалық шақ пен жасӛспірімдік сәт 
аралығындағы ӛтпелі кезеңді бейнелеуді мақсат еткен бұл 
шығармалар балалар әдебиетіндегі соны ізденістің жемісіне 
жатады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет