Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Е



Pdf көрінісі
бет67/104
Дата26.02.2022
өлшемі1,76 Mb.
#133430
түріОқулық
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   104
Байланысты:
Rustemov okulik

Ертегі-поэмалары. 
Шығыс 
ертегісі 
сарынымен 
жазылған «Байшұбар» поэмасында адам мен аң харекетінен 
ұқсастық табады: 
Бар еді азаматтан бір қарақшы, 
Ӛте епті ұрлықпенен ашқан кӛзін. 
Жылында ететұғын бір ат олжа, 
Жортағы, таңдамайтын болсын жорға, 
Аңқаулау бір жолбарыс күшке сенген, 
Аңдитын керуенді о да жылда. Автор туындыда адам 
ақыл-айласын жоғары қояды. Ұры түн қараңғысында 
жолбарысты шұбар ат деп қалады. Жолбарысқа мініп алып 
былай деп әндетеді: 
Жаралған бір мен үшін, Байшұбарым, 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


169 
Аласа аттан гӛрі, тай шұбарым, 
Кездесті иең сай боп, арманың жоқ, 
Түзей бер шабысыңды, әй, шұбарым! 
Батырлар жырындағы, нақтырақ айтсақ, «Алпамыс 
батыр» жырындағы Байшұбар шабысы еске түседі осы 
сәтте. Таң ата астындағы атының жолбарыс екендігі 
білінеді. 
Ертегіде ұры мен жолбарыстың кӛңіл-күй, ойлары қоса-
қабат беріледі. Екеуі бір-бірінен құтыла алмай қапаланады. 
Ақыры жолда бір терек кездесіп, жігіт соның бұтағына 
жармасып қала береді. Үстіндегі «пәледен» құтылып, 
тыным алып отырған жолбарыстың жанына маймыл келеді. 
Мән-жайға қанған маймыл батырсынып, терекке ӛрмелейді. 
Бұл тұсы «Қаңбақ шал» ертегісіндегі түлкі мен дәудің 
харакеттерін еске түсіреді. 
Ағашқа маймыл келіп ӛрмеледі, 
Ұрыға бұ да тыным бермеді енді. 
Бұтақтан істеп алып мықты тұзақ, 
Ұры да күтті: - «келсең, кел,»- деп енді. 
Маймылдың келген тұсын біліп тұрды, 
Тұзақты артқы аяқтан іліктірді. 
Бар күшін қолға жиып тартқан кезде, 
Маймылдың басы тӛмен, ал шыңғырды. 
Маймыл даусын естіп, жолбарыс безе жӛнеледі. Сӛйтіп, 
адам 
жолбарыстан 
осылай 
құтылады. 
Жасалатын 
қорытынды мынау: ұрлық түбі - қорлық. Адам жолда 
кездескен қиындықтың бәрін ақылмен, еңбекпен жеңбек. 
Хайуаннан артықшылығы осынысында. 
«Тазша баланың қырық ӛтірігі» үлгісінде жазылған 
Б.Майлиннің «Ӛтірікке бәйге» ертегісінде(1922) тазша бала 
мансапқор ханньщ жанды жерін дӛп басып табу арқылы 
жеңіске жетеді де, хан алтынын олжалайды. Ӛтірікке бәйге 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


170 
жариялаған хан әрекетінің ақылға сыйымсыздығын 
тазшаның «таяқ ұстап, мал соңында жүрген қайыршы шал 
сіздің әкеңіз еді, рас па, ханым, осыным?» дегеніне ханның 
тосылып, «рас» деп айта алмауы байқатады. Ханды 
тұқыртқан тазша бейнесі фольклорлық шығармадағы ӛз 
тұрғыласынан сӛз қисынын таптық айырмашылыққа құру 
жағымен 
бӛлекше. 
Б.Майлин 
ӛз 
шығармасында 
«жалшылықты» ӛз тегіне дарытқысы келмей, азар да безер 
болған хан мен қара халық ӛкілі -тазша баланың текетіресі 
арқылы күні ӛткен кешегі билікке заманы туған кедей-
кепшік қажыр-қайратын қарсы қою талабын байқатады, 
және екіншісін болжамы дұрыс, тапқыр жан етіп кӛрсету 
нәтижесінде жаңа дәуір құрылысшысы жеңімпаз, жасампаз 
болмай қоймайды деген ойды тұспалдайды. 
Сорлы шал арқылы автор хан қарауындағы соры қалың 
халық тұрмысына тұспал жасайды. Хан шындықты 
мойындағысы келмейді. Тазша бала кӛп шындықты айтқан 
жоқ. Сонықтан автор поэмасын «Аз ғана айтқан ӛтірікке 
алғаныңның бәрі алтын!» - деп түйіндейді. Кіріспеде 
автордың «Бәрін айтсам, кейін қайтсам, сӛз ұзаққа кетеді» 
деп хандар зорлығын баяндауды доғаруы, қысқа қайыруы 
бекер емес. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет