Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі Е



Pdf көрінісі
бет69/104
Дата26.02.2022
өлшемі1,76 Mb.
#133430
түріОқулық
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   104
Байланысты:
Rustemov okulik

4 тарау. І.ЖАНСҤГІРОВ
І.Жансҥгіров және балалар әдебиеті. 
Қазақ балалар 
әдебиетін жасауға ең алғаш саналы түрде кӛңіл бӛлген 
қаламгер - І.Жансүгіров. «Бізде балалар әдебиеті – 
жасалмаған әдебиет. Сондықтан менің бар ойым осы 
әдебиеттің жасалуына кӛмектесу еді. Бұл туралы біраз 
еңбектерім бар: «Балаларға тарту», «Балаларға базарлық» 
тағы басқалар. Бізде, әсіресе, техника, ӛнер жайында 
шығармалар туған жоқ. Енді бұл кетікке кірпіш қалауымыз 
керек дейміз»(2,193). Ілияс техника жайында ӛлең тудырды 
да. 1931 жылы жазған «Элеватор» ӛлеңі бала мен ересек 
адам диалогы үлгісінде беріліп, балаларды элеватордың 
сыр-сипатына қанықтырады. Бала сұрағы 
Кеудесі кең, 
Жегені жем, 
Батырың. 
Бойы зәулім, 
Аты кім? 
- делініп жұмбақ түрінде келсе, ағасының элеватор тұрқын 
танытатын жауабы жұмбақ шешуі болып табылады. 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


172 
Ақынның тың пішін іздеу, түр табу нәтижесінде дүниеге 
келген аралас буынды (тӛрт және үш буыннан аралас 
келетін) бұл ӛлеңнің соңғы шумағы пафостық бояумен 
бедерленген. Ӛмір материалын тың формамен түрлендіріп 
беруге тырысқан ақын ӛлеңінде халық мұрасына деген сол 
тұстағы теріс кӛзқарастың салқыны да жоқ емес. 
Ұқтым, аға. 
Ата мұра. 
Кӛрдей ұра. 
Бітсін, ура 
Біржола... 
Ұраншылдық сипатқа ие «Элеватор» ӛлеңінің бұдан 
бұрынырақ, 1922 жылы жазылған «Жазғытұрым», «Жазғы 
шілде», «Күз» ӛлеңдерінен кӛш тӛмен жатқандығын 
мойындамасқа болмайды. «Отызыншы жылдардағы қазақ 
поэзиясының тақырыбы - социалистік Отан, елді 
индустрияландыру, ауылды колхоздастыру, жаңа ашылған 
ӛндіріс орындары т.б. болды. Адамды жырлау оның 
еңбегімен ғана байланыстырылды»(33,49). Бұл жағдайдың 
әдебиеттің кӛркемдік бағытына едәуір нұқсан келтіргендігі 
рас. 
Жұмбақ демекші, ақынның 1930 жылы Қызылорда 
қаласында 
«Балалар 
кітабы» 
сериясымен 
шыққан 
«Жұмбақтар» жинағында 67 жұмбақ бар. Ӛнер мен 
техниканы тұспалдайтын жұмбақтардың бұл жинаққа енуін 
Ілиястың жоғарыдағы айтқан «кетікке қаланатын кірпішті» 
қалыптауы деп түсінгеніміз жӛн. 
Аралас буынды ӛлеңнің кӛбеюі революциядан кейінгі 
дәуірде басталды, бұрыннан бар үлгілер түрленіп, тың 
машыққа кӛшті. Бұған Ілиястың «Бӛбек бӛлеу»(Ана 
жыры)(1926) ӛлеңі дәлел. Жеті және сегіз, арасында тоғыз 
буынды ӛлшеммен жазылған ӛлең халықтың «бесік жыры» 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


173 
ӛлеңін еске түсіреді. Автор оны буын ӛлшемі жағынан 
түрлендіру арқылы ауыз әдебиетінің классикалық дәстүрін 
әрі қарай дамытады. Екі ӛлеңнің идеясы ортақ. Бӛбектің ер 
жетуі, есті, елгезек болуы - басты міндет. Дегенмен, 
Бӛгелмей білім біл, бӛбек 
Білмесең білім бекер 
Бет алдыңа кетерс 
Елге есті ер кер 
Ер жет! 
Есей ертерек. 
деген жолдары жаңа заманның соны сипатына лайықталып, 
оқу, білімді мансұқтайды, ел қамқоры болуын міндеттейді. 
Ақынның «Жазғытұрым», «Жазғы шілде», «Күз» 
ӛлеңдері - ойнақылығымен, кӛркемдігімен танылатын 
туындылар. «...Ақын табиғат пен адам байланысының 
диалектикасын кӛрсететін шығармалар шоғырын, ӛлеңдер 
циклін дүниеге әкелді. Бұлардың ішінде балалар талғамын 
ескеріп жазылған, ырғақты, сӛздері ойнақы, жаттауға оңай, 
тақпақ үлгісіндегі «Жазғытұрым», «Жазғы шілде», 
«Күз»(1923) ӛлеңдерінде жыл мезгілдері мен табиғаттағы 
ӛзгерістер 
еңбек 
әрекеттерімен 
сабақтас 
бейнеленеді»(34,124). 
«Жазғытұрым», «Жазғы шілде», «Күз» ӛлеңдеріндегі 
жыл мезгілдерінің кӛрінісі ел тірлігімен ұштастырыла 
бейнеленеді. Ақын ӛлеңдері кіріспе, екі бӛлімнен және 
қорытындыдан тұрады. Кіріспесі «Ой, балалар, балалар»» 
деген арнау сӛзге құрылған. Брінші бӛлімде жыл 
мезглдерінің ӛзіндік келбеті нанымды суреттеледі. Мәселен, 
кӛктем сипаты тӛмендегіше беріледі: 
Ой, балалар, балалар! 
Жыл-жылы жел соқты, 
Жылғалардан су ақты. 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


174 
Қаңқыл-қаңқыл қаз кепті, 
Жер қарайды - жаз кепті. 
Желкілдейді кӛк майса, 
Желіндейді мал жайса. 
Екінші бӛлім тугелдей ауыл тірлігін сипаттауға 
арналған. Лирикалық кішкентай кейіпкердің назарынан 
туғандарының іс-әрекеті де тыс қалмайды. Дегенмен, ауыл, 
елдің қайнаған тірлігі - басты назарда. 
Ауыл кӛшті қыстаудан. 
Әне! Апамдар қой сауған. 
Құс ұясын түзеді, 
Тайымды ағам күзеді. 
Ел ешкісін қырқыпты, 
Егіндерін жыртыпты. 
Ӛлең қорытындысында «Ой, балалар, балалар, ойналық 
та күлелік!» деген жолдар ұсынылады да және автор 
балаларды сипатталып отырған мезгілдің ерекшелігіне сай 
әрекетке, яғни кӛктемде атқарылатын іске шақырады. 
«Жазғытұрым» ӛлеңі 
Ой, балалар, балалар! 
Ойналық та күлелік, 
Қос басына мінелік. 
-деп аяқталады. «Жазғы шілде» ӛлеңінің бірінші бӛлімінде 
шілде айындағы ұзарып ӛскен кӛк шӛп, оған тойынған 
марқа - негізгі объектілер ретінде кӛрінеді. 
Ой, балалар, балалар! 
Шілдем, шілдем- шілде айым. 
Шырлап торғай күн сайын. 
Шұбар ала шешектер, 
Шудаланған кӛк шӛптер. 
Жапырақтар жалпайды, 
Жас қозылар марқайды. 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


175 
Ұшты кӛкек сай құлдай. 
Сайда пісті таңқурай. 
Екінші бӛлім екі жолдан тұрады. Ел-жұрт жайы 
айтылмайды. Бірақ адам тарапынан атқарылған шаруа 
айтылады. 
Құрт, ірімшік қайналды. 
Құлындар дабайланды. 
Қорытынды бӛлім бала кейпкердің тағы бір тілегін 
қамтуымен ерекшеленеді. 
Нәйім, нәйім бауырсақ, 
Ағын суға шомылсақ. 
Ой, балалар, балалар! 
Ойналық та күлелік, 
Үйретіп тай мінелік. 
Автор «Күз» ӛлеңінде мезгіл суретіне сараңдық жасайды. 
Ой, балалар, балалар! 
Қоңырқай күз болыпты. 
Қурап жапырақ солыпты. 
Есесіне елдің күзгі тұрмыс күйіне мол орын береді. 
Ел егінін алыпты, 
Ақ үзіктер жауыпты. 
Ел күйекті шешіпті. 
«Есепші айтты» десіпті. 
Ел мектебін күтіпті. 
Енді мая салыпты, 
Ел күзекке қоныпты, 
Қойшы қойды тоғытты. 
Ауыл күзем алыпты. 
Тоқтышақ тон бітіпті. 
Қарап 
отырсақ, осының бәрі - кӛктем, жаз 
мезгілдеріндегі 
қарбалас 
тіршіліктің 
жемісі. 
«Жазғытұрымда» «Ел ешкісін қырқып, Егіндерін жыртса», 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


176 
«Күзде» «Ел егінін алып, ақ үзіктер жауыпты», «Жазғы 
шілдеде» «шудаланып кӛк шӛптер, жапырақтар жалпайса, 
жас қозылар марқайса», «Күзде» «Ел маясын салыпты, 
қойшы қойды тоғытты, тоқтышаққа тон бітіп, ауыл күзем 
алыпты». «Күз» ӛлеңінің қорытындысы «Жазғытұрым», 
«Жазғы шілде» ӛлеңдерінің қорытындысы іспеттес. 
Ой, балалар, балалар! 
Ойналық та күлелік, 
Енді оқуға кірелік. 
«Ой, балалар, балалар!» түрінде тікелей арнауға 
құрылған бұл ӛлеңдерде жылдың әр мезгіліндегі табиғат 
кӛрінісі ауыл тірлігімен, соның ішінде балалар әрекетімен 
байланыстырыла суреттеледі. Дәстүрлі 7 буынды ӛлең 
үлгісіндегі ӛлеңдер саяси сипаттан ада. Аталмыш 
ӛлеңдердің құндылығы - табиғат құбылысын дәл, ӛмір 
шындығын адал кӛрсете білген реалистігінде. Демек, 
«Ойналық та күлелік!», «Қос басына мінелік!», «Үйретіп 
тай мінелік!», «Енді оқуға кірелік!» деген тілек 
І.Жансүгіровтен бастау алып отыр. Дәстүрді ӛзіндік мақсат-
мүддемен жалғастырушы - І.Жансүгіров. 
1922 жылы «Жазғытұрым», «Жазғы шілде», «Күз» 
тәрізді ӛміршең ӛлеңдерін балдырғандарға сыйлаған ақын 
уақыт ӛте ӛзі үйренген, іштартқан арнасына қайта ойысады. 
Мәселен, ауыз әдебиеті дәстүрінде жазылған «Малта» ӛлеңі. 
Кӛбігімді ұлы алды, 
Қаймағымды қызы алды. 
Қаспағымды мысығы, 
Жуындымды күшігі. 
- деген жолдарда 
Кӛбелек келіп күмп беріп, 
Кӛбігін ішіп ол кетті. 
Жапалақ келіп жалп етіп, 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


177 
Жарымын ішіп ол кетті 
Қырғауыл келіп қиқу сап, 
Қазан түбі қаспағын 
Қырнап ішіп ол кетті. 
- дегеннің ықпалы бары анық. «Түйе, түйе, түйелер» халық 
ӛлеңіне буын ӛлшемі жағынан да ұқсас. Еңбекті жырлаудың 
оңтайлы тәсілін ақын сәтті тапқан. Малтаның жасалу 
процесі жайында жас жеткіншектердің ынта қойып 
тыңдайтыны анық. Дәл осы әдіс «Шәркей» әңгімесінде де 
қолданылған. 1929 жылы суретті кітапша түрінде жарыққа 
шыққан «Малта» да, «Шәркей» де балаларды ауылдағы 
күнделікті ӛмір тірлігімен таныстырып қана қоймайды, 
еңбек ету белсенділігіне де шақырады. 
І.Жансүгіровтің 20-30 жылдар балалар әдебиетіндегі 
ізденістері оның 1934 жылы жазылған «Мектеп» 
пьесасында тиянақталған. Бұл тұста «Қазақ совет балалар 
әдебиетіне пьеса жанрын ең бірінші болып енгізген де Ілияс 
еді. Оған дейін бұл қазақ балалар әдебиетінде болмаған 
жанр» 
дегенді(2,293) 
еске 
алудың 
реті 
бар. 
«Жазғытұрымда»(1922) «Ойналық та күлелік, Қос басын 
мінелік!», 
«Жазғы 
шілдеде»(1922) 
«Ойналық 
та 
күлелік,Үйретіп тай мінелік!», «Күзінде»(1922) «Ойналық 
та күлелік, Енді оқуға кірелік!» -дейді. «Бӛбек 
бӛлеуінде»(1926) ақын «Бӛгелмей білім біл, бӛбек»- деп 
бӛбек келешегіне қатысты ой-арман, тілегін айтады. 
М.Жұмабаевтың әже мен немере арасындағы диалогқа 
құрылған «Әже», «Немере мен әжесі» ӛлеңдері немересінің 
кӛп сұрағына жауап бере алмай қиналған әженің ақыр 
соңында «тек! - деп ем ғой, - тентек, тентек, мұны айтатын 
мектеп, мектеп!» деп тығырықтан шығу харекетін 
І.Жансүгіровтің «Мектеп» пьесасы еске салады. «Бұл пьеса 
балалар сахнасына арналған. Қай жастағы бала болса да 
Ре
по
зи
то
ри
й
Ка
рГ
У


178 
ойнауына болады. Қуыршақпен ойнауға да, балалардың 
ӛздері сахнада ойнауына да келе береді» деген түсініктемесі 
бар бір перделі бұл пьесада, әрине, халық ертегісі 
элементтері бой кӛрсетеді, олар қайталаулар түрінде де 
кӛрініс береді. 
Әукен деген баланың «мектеп деген немене?» деген 
сұрағына апасы да, әкесі де, шал да, кемпір де жауап бере 
алмайды. Осы сұрағын пионерге қояды. Пионер толымды 
жауап береді. Бұл жауапты қуыршаққа да, апасына да 
қайталайды. Қуыршақтың қорытынды сӛзімен пьеса 
түйінделеді: 
Егер мектепте оқысаң, 
Аэропланда ұшасың. 
Автомобильге отырып, 
Алыс жерге жортасың! 
Автор пьеса кейіпкері балаға надан шал мен қоңыздан 
қорқатын жаман кемпірді сайқымазақ етіп, ақыр соңында 
оларды қуып шығуға апаратын «әдепсіздікті» таңады да, 
пьесаға қуақылық сипат дарытады. Жеткіншектің жүрегіне 
күлдіргі дүние арқылы жол таппаққа ниеттенген ақынның 
бағдары дұрыс болғанмен, арзан күлкіге құрылған 
жағдаяттың диалог нәрсіздігін туғызғандығы анық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   104




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет