Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Әрінов Қ. К., Мұсынов Қ. М., Апушев А.Қ


Өсімдіктердің  қоршаған  орта  факторларымен  қамтамасыз



Pdf көрінісі
бет147/490
Дата11.12.2021
өлшемі12,59 Mb.
#79075
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   490
Байланысты:
index (15)

Өсімдіктердің  қоршаған  орта  факторларымен  қамтамасыз 

етілуін  бағалауда  және  тыңайтқыштар  мөлшерін  есептеуде 

ескерілетін  егіншілік  пен  өсімдік  шаруашылығының  негізгі  зандары.

 

Бағдарламаланған  өнімдерді  қамтамасыз  ететін  агротехникалық  шаралар 

жүйесін  жасағанда  егіншілік  пен  өсімдік  шаруашылығының  негізгі 

заңдарын қаперге алған дұрыс. 

 

Өсімдік тіршілігі факторларының тепе – теңдігі және алмастыруға 



болмайтындығы  заңы,  қайтарым  заңы,  минимум  заңы,  өсімдік  тіршілігі 

факторларының  бірлескен  өзара  үйелесімді,  оқшауланбаған  әрекетінің 

заңы және т.б. заңдардың маңызы зор. 

Қоректік  заттарды  қайтару  заңы  –  ауыл  шаруашылығы 

дақылдарының  өнімімен  шығарылған  қоректік  заттардың  мөлшерінен, 

кем  емес  мөлшерде,  қоректік  заттардың  топыраққа  жыл  сайын  немесе 

кезеңімен  қайтарылып  отырылуын  қарастырады.  Астық  тұқымдастары 

және  картоп  ауыспалы  егістігінде  органикалық  және  минералды 

тыңайтқыштарды  қолданбаған  жағдайда  азот,  фосфор  және  калий 

бойынша қарама-қайшы баланс қалыптасады.  

Көпжылдық  шөптер  ауыспалы  егістігінде  ұсынылған  минералды 

және  органикалық  тыңайтқыш  мөлшерін  қолданғанда  азот,  фосфор 

бойынша  оң  баланс  байқалады.  Аталған  ауыспалы  егістерде,  соның 

ішінде  мамандандырылған  мал  азықтық  ауыспалы  егістерінде, 

бағдарламаланған  өнімге  есептелген  органикалық  және  минералды 

тыңайтқыштарды енгізгенде оң баланс байқалады.   

     Сондықтан,  қоректік  заттардың  қайтарылым  заңын  сақтап  қана 

қоймай,  сонымен  қатар  танаптық  дақылдардан  жоғары  өнім  алуды 

қамтамасыз  ететін  және  топырақ  құрамындағы  азот,  фосфор,  калий 

сияқты қоректік заттардың мөлшерін жоғарылататын органикалық және 

минералды тыңайтқыштардың қажетті мөлшерін қолдану қажет. 

Өсімдік  тіршілігі  факторларының  тепе  –  теңдігі  және  алмастыруға 

болмайтындығы туралы заң - өсімдік тіршілігінің бірден – бір факторын 

толығымен 

алып 

тастауға 



немесе 

басқасымен 

айырбастауға 

болмайтындығын  (мысалы,  су  қоректік  заттың  орнын  алмастыра 

алмайды немесе жылумен және керісінше) көрсетеді. Бұл жағдайлардың 

екеуі де өсімдіктің өліміне алып келеді. 




 

151 


Минимум  заңы. 

Бұл  заңды  Ю.  Либих  тұжырымдаған  болатын.  Ол 

былай деп жазды: «Әр танапта бір немесе бірнеше зат минимумда және 

бір  немесе  бірнеше  қоректік  зат  максимум  жағдайда  болуы  мүмкін. 

Алынатын  өнім  осы  минимум  жағдайдағы  қоректік  затқа  байланысты 

болады,  өнімнің  мөлшері  мен  тұрақтылығын  минимум  жағдайдағы  зат 

билейді».  Бірақ,  Ю.

 

Либих  бұл  заңды  қоректік  заттарға  байланысты 

тұжырымдады.  Кейіннен  Г.Гельригельдің  өсімдіктердің  сумен,  Ю. 

Сакстың  –  жылумен,  Э.  Вольнидің  жарық,  су  және  қоректік  заттармен 

қамтамасыз  етілуіне  арналған  тәжірибелерді  минимум  заңының өсімдік 

тіршілігінің барлық факторларына қатысты екенін көрсетті. 



 

Максимум 

заңы 

– 

органикалық 

және 

минералды 

тыңайтқыштарды  кең  көлемде  қолданғанда  пайда  болады,  яғни  ол  

максимум  дәрежедегі  фактордың  әсер  етуінің  шектелуіне  әкеледі,  ал 

оңтайлы  қажеттілікке  фактордың  көп  қарама  –  қайшылығы  өнімнің 

өсуін  шектейді.  Бұл  заңның  пайда  болуы  салдарынан,  топырақ 

құрамындағы  қоректік  заттардың  мөлшерін  және  олардың  өніммен 

бірге  қанша  мөлшері  шығындалғаны  есептелмей,  негізделмеген 

тыңайтқыш  мөлшерін  енгізуге  әкеледі.  Максимум  заңы  негізделмеген 

тұқымның  жоғары  мөлшерін  себу  кезінде,  сонымен  қатар  суармалы 

жерлерде  суару  режимін  бұзғанда  және  өімдіктердің  суға 

қажетсінуіне  қатысты  қиын  –  қыстау  кезеңімен  байланыс  болмаған 

жағдайларда пайда болады. 

Оптимум  заңы  –  жоспарланған  өнімге  есептелген  тыңайтқыш 

мөлшерін  енгізгенде  және  суару  номаларын  сақтағанда  пайда  болады, 

сонымен  қатар  мұнда  өсімдіктердің  бұл  факторларға  қажетсінуін 

есепке алу қажет, яғни реттелетін факторлады оңтайландыру керек. 

 

Жеміс  алмастыру  заңы 

–  дақылдарды  кеңістікте  және  мерзіміне 

байланысты кезектестіріп орналастыру дақылдар арасына тыңайтқышты 

тиімді  таратуға,  сонымен  қатар  топырақ  өңдеу  жүйесінің  тиімділігін 

арттыруға және арамшөптермен күресуге мүмкіндік береді, ал ауыспалы 

егіс  айналымына  енгізілген,  әртүрлі  биологиялық  топқа  жататын 

көпжылдық шөптерді  кезектестіріп орналастыру  өнімді  арттыруға  және 

топырақ құнарлылығын сақтауға мүмкіндік туғызады. Ауыспалы егістің 

әр  танабында  арамшөптермен,  зиянкестермен  және  аурулармен 

күресудің  шаралар  жүйесін  (агротехникалық,  химиялық,  биологиялық) 

жасап шығарудың маңызы зор.    

Өнімнің  жоғарылауына  әсер  ететін  факторлар  ретінде  тұқымдық 

материалдың  себу  сапасының  төмендігін атауға  болады,  сонымен  қатар 

егістіктің сиректігі, топырақ өңдеу сапасының төмендігі, күтіп  – баптау 

жұмыстарының оңтайлы мерзімде жүргізілмеу және т.б.   

Өсімдік  шаруашылығында  биологиялық  заң  ретінде,  өсімдіктердің 

тіршілік  факторларына  байланысты  қиын  –  қыстау  кезеңдерін  ескерген 

жөн, ол өсімдіктердің тіршілік ету кезеңінде агротехникалық шараларға, 

яғни себу мерзімін жоспарлауға, суаруға, минералды тыңайтқыштармен 



 

152 


қоректендірілуіне,  күтіп  –  бапталуына  және  т.б.  байланысты  қажетті 

мөлшерде тіршілік факторларымен қамтамасыз етілуін қарастырады.   

Қиын  –  қыстау  кезеңі  көптеген  танаптық  дақылдарда  көктеп 

шыққаннан  соң  фосфор  қоректік  затына  қажетсінуіне  байланысты 

туындайды,  өсімдіктерге    бұл  кезеңде  фосфордың  жетіспеушілігі 

(жүгеріде  және  т.б.  ауыл  шаруашылық  дақыдарында)  болашақ  өнімнің 

төмендеуіне  әкеледі  және  ол  басқа  өсу  кезеңдерінде  фосфор 

тыңайтқышымен  қанша  қоректендірілсе  де  түзетілмейді;  астық 

тұқымдас  дақылдарда  органогенездің  үшінші  –  төртінші  сатыларында 

азотқа  қажетсінуі  туындайды,  бұл  кезде  азоттың  жетіспеушілігі 

масақтағы  немесе  сіпсебастағы  масақша  білігі  санының  қалыптасуына 

теріс  әсер  етеді,  ал  кейінгі  азотпен  қоректендірілуін  жақсарту,  мұны 

түзете алмайды.

 

 

Барлық дақылдардың ылғалға байланысты қиын – қыстау кезеңдері 



тіршілік  ету  кезеңдерінің  әртүрлі  фазаларында  туындайды,  мәселен, 

астық  тұқымдас  дақылдар  масақтануына  немесе  шашақтануына  10—15 

күн қалғанда құрғақшылыққа тап болса, онда олардың өнімі төмендейді, 

ал  бұршақ  тұқымдас  дақылдардың  ылғалға  байланысты  қиын  –  қыстау 

кезеңдері  бүрлену  –  гүлдену  кезеңдеріне  сәйкес  келеді.  Сондықтан  да 

аталған 


қиын 

– 

қыстау 



кезеңдерінде 

өсімдіктерді 

әртүрлі 

агротехникалық  шаралар  арқылы  сумен  және  қоректік  заттармен 

қамтамасыз  етіп  отыру  керек,  сөйтіп  мүмкіндігінше,  өнімнің 

төмендеуіне кері әсер ететін факторлардың әсерін төмендетуге болады.     

Аталған  заңды  Қазақстанның  далалық  аймақтары  жағдайында, 

дақылдардың,  әсіресе  бидайдың,  арпаның,  сұлының  және  т.б. 

дақылдардың  себу  мөлшерін  анықтағанда  ескерген  жөн,  себебі 

дақылдарды  сепкенде  олардың  ылғалға  байланысты  қиын  –  қыстау 

кезеңдері  жауын-шашынның  орташа  көпжылдық  мөлшерімен  сәйкес 

келуі  қажет,  ал  жауын-шашынның  көп  түсетін  кезеңі  көбінесе  шілде  – 

тамыз айының басына сәйкес келеді. 

Өсімдік  шаруашылығы  салаларын,  егіншілікпен  айналысуға  қиын 

аймақтарда  тиімді  жүргізу  үшін,  дақылдарды  өсіргенде  жазда  түсетін 

жауын – шашынды өсімдіктермен тиімді пайдалануға мүмкіндік беретін 

технологияны  қолдануды  және  күзгі-қысқы  кезеңдерде  топыраққа 

жеткілікті  түрде  ылғал  жинауды,  сонымен  қатар  егістікте  нақты 

жағдайларда қолайлы сабақ жиілігін қалыптастыруды талап етеді. 

Қарқынды 

технология 

толықтай 

бағдарламаланған 

өнімге 


негізделеді,  ал  бұл  технологиялардың  толықтай  немесе  жекелеген 

элементтерінің дақылдарды өсіруге қолданылмауының мәні жоқ.   





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   490




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет