Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Әрінов Қ. К., Мұсынов Қ. М., Апушев А.Қ



Pdf көрінісі
бет328/490
Дата11.12.2021
өлшемі12,59 Mb.
#79075
1   ...   324   325   326   327   328   329   330   331   ...   490
Байланысты:
index (15)

Биологиялық  ерекшеліктері

.

  Ноқат  асбұршаққа  қарағанда  жылуға 

жоғары талап кояды, әсіресе гүлдену және пісу кезеңдерінде, бозқырауға 

төзімді. 

Ноқаттың  тұқымдары  3-4°С  температурада  өне  бастайды,  оңтайлы 

температура  16-18°С,  мұндай  температурада  оның  егін  көгі  9-10-

тәулікте пайда болады, орташа мерзімде пісетін сорттары үшін белсенді 

температура  жиынтығы  1500-1700°С.  Ноқаттың  егін  көгі  9-11°С 

бозқырауды  көтеруге  қабілетті,  ал  ересек  өсімдіктері  күзгі  7-8°С  аязды 

көтере  алады.  Бұл  дақылды  Өзбекстан  мен  Тәжікстанда  күзге  салым 

себеді, өсімдіктері - 25°С-ға дейінгі аязды көтере алады. 

Ноқат  тұқымдарының  бөртуі  мен  өнуіне  өз  массасының  әртүрлі 

мөлшеріндегі суды (110-120%) қажет етеді, ал бұл олардың мөлшері мен 

химиялық  құрамына  байланысты. 



Басқа  дәнді  бұршақ  дақылдарымен 

салыстырғанда  ноқат  қуаңшылыққа  жоғары  деңгейде  төзімділігімен 

ерекшеленеді. 

Оның қуаңшылыққа жоғары төзімділігі өсімдік тканіндегі 

көп мөлшерде байланысқан судың болуымен және жасуша шырынының 

жоғары  осмостық  қысымымен  түсіндіріледі.  Қуаңшылық  кезеңде  ноқат 

өсуін тоқтатады, қолайлы жағдайлар қалыптасқанда оны жалғастырады. 

       Сурет 25. Ноқат өсімдігі 




 

334 


Ылғалмен  салыстырғандағы  киын-қыстау  кезеңі-бүрлену  және  гүлдену 

кезеңдері, басқаша айтқанда пәрменді өсу кезеңінде.

 

Ноқат  топыраққа  жоғары  талап  қоймайды,  мұның  өзі  оны 



Қазақстанның  барлык  топырақ  аймақтарында  өсіруге  мүмкіндік  береді. 

Топырақ  ерітіндісінің  реакциясы  бейтарап  немесе  әлсіз  сілтілі  болғаны 

жөн.  Ноқатқа  жарамдылығы  шамалы  топырақтарға  ауырсаздақты, 

қышқыл  батпақтанған  топырақтар  жатады.  Ноқат  астығының  сапасын 

арттыратын негізгі фактор - қоректену элементтері азот, фосфор, калий. 

Оларды  өсімдіктер  көп  мөлшерде  сіңіреді.



  Қоректену  элементтерімен 

салыстырғандағы  ноқаттың  қиын-қыстау  кезеңі 



бұтақтану  және 



бүрлену.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   324   325   326   327   328   329   330   331   ...   490




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет