Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Әрінов Қ. К., Мұсынов Қ. М., Апушев А.Қ



Pdf көрінісі
бет327/490
Дата11.12.2021
өлшемі12,59 Mb.
#79075
1   ...   323   324   325   326   327   328   329   330   ...   490
Байланысты:
index (15)

Дақылдың  шығу  тарихы

Ноқат  Қазақстан  халқына  онша  таныс 

емес  дақыл,  ол  Үнді,  Бангладеш,  Пәкістан,  Жерорта  теңізі  елдеріне  өте 

танымал екпе дақылы және сол елдерден шыққан. ХХ-ғасырдың соңына 

қарай  ноқат  дәнді  бұршақ  дақылдарының  ішінде  маңызы  жағынан 

дүниежүзінде  майбұршақ  пен  асбұршақтан  кейінгі  үшінші  орынға 

шықты. ФАО деректеріне қарағанда ноқат егістігі 15 % иеленеді. 

Дақылдың ботаникалық-морфоло-гиялық сипаттамасы 

Ноқат  (Cicer  arietinum)  бұршақ  тұқымдастардың  біржылдық  және 

көпжылдық  шөптесін  өсімдігі.  Тек  қана  бір  түрі  мәдени  ноқат  (Сісег 

arietinum) өсіріледі (Сурет 25). 




 

333 


Тамыр  жүйесі  кіндікті,  көптеген  жақсы  дамыған  бүйір  тамырлары 

болады,  олар  топыраққа  терең  бойлайды  да  ұштарында  азот 

фиксациясын 

жасайтын 

түйнек 

бактерияларын  қалыптастырады,  даму 

қуаты 

жағынан 


ноғатық 

пен 


асбұршақтан асып түседі. 

Сабағы тік өседі, қырлы, бұтақты, 

жапырылмайды, биіктігі 20-60 см және 

одан  да  жоғары.  Жапырақтары  дара 

қауырсынды,  ұсақ,  эллипс  немесе  кері 

жұмыртқа пішінді. Өсімдігі балауызды 

түктермен  көмкерілген,  ал  мұның  өзі 

оны 


көптеген 

зиянкестердің 

зақымдануынан қорғайды. 

Гүлдері  ұсақ,  жекелеген  түрде 

жапырақтардың  қолтығында  орналас-

қан.  Олардың  түстері  ақ,  ашық- 

қызғылт, қызғылт, қызыл, сары. 

Жемісі 


сопақша 

ұзарған 



пішінді,  сабан  түстес  сары  немесе 

күңгірт-күлгін, 

жиі 

түрде 


түкті.     

Бұршаққаптары  піскенде  жарылмайды. 

Сондықтан  егін  жинағанда  оның  астық 

ысырабы асбұршақпен салыстырғанда шамалы. 

Ноқаттың  тұқымдары  аздап  бұрышты,  шығыңқы  тұмсығымен 

ерекшеленеді,  беті  тегіс  кейде  әжімді.  Тұқымның  түсі  негізінен 

гүлдерінің түсімен байланысты. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   323   324   325   326   327   328   329   330   ...   490




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет