Сорттары:
Юбилейный
- Рессейдің Краснокут селекциялық
стансасында шығарылған. Сорт орташа мерзімде піседі, құрғақшылыққа
төзімді, шашылмайды, жапырылмайды. 1000 тұқымның массасы 260-315
г. Ақмола, Ақтөбе, Батыс-Қазақстан, Қостанай, Қарағанды, Оңтүстік
облыстарында өсіруге рұқсат етілген.
Краснокутсий 123.
Ресейдің Краснокут селекциялық стансасында
шығарылған. Сорт орташа мерзімде піседі, құрғақшылыққа жоғары
төзімділігімен ерекшеленеді. 1000 тұқымның массасы 256-330 г.
Солтүстік Қазақстан. Шығыс Қазақстан облыстарында өсіруге рұқсат
етілген.
Камила 1255.
В.Р.Вильямс атындағы Қазақ егіншілік ҒЗИ мен
Өзбекстанның астық ҒЗИ бірігіп шығарған. Вегетация кезеңінің
ұзақтығы тәлімі жерлерде 100 тәулік, суармалыда - 120 тәулік,
жапырылмайды. Алматы облысында өсіруге рұқсат етілген.
Достарыңызбен бөлісу: |