Өсіру технологиясы
.
Зеренің жақсы алғы дақылдары – көң
енгізілген сүрі танабынан кейінгі күздік астықтар және дәндібұршақ
дақылдары. Зеренің тыңайтқыштары мен топырағын өңдеу аниске ұқсас.
Дақыл тұқымын ерте көктемде, қатараралықтары 45 см болатын
кең қатарлы тәсілмен себеді. 1 гектарға тұқым себу мөлшері 10-12 кг.
Тұқым себу тереңдігі 2см.
Зерені күтіп-баптау жұмыстары топырақ қабыршақтары мен
арамшөптерді жою үшін қатараралықтарды қопсытулардан тұрады.
Тіршілігінің бірінші жылында, бұлардан басқа үсікке ұрынбас үшін
өсімдік түбін жеңілдетіп көмеді, ал екінші жылы- ерте көктемде қатарға
көлденең тырмалау жүргізіледі.
Зерені шатыршагүлдегі жемістердің 60% қоңырланғанда кәдімгі
астық комбайнымен тікелей орып бастырады.
Достарыңызбен бөлісу: |