Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Еуразия гуманитарлық институты


Тақырып 5. Ж.Баласағұни еңбегіндегі негізгі



Pdf көрінісі
бет16/51
Дата08.02.2022
өлшемі0,73 Mb.
#117315
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   51
Байланысты:
27 (1)

Тақырып 5. Ж.Баласағұни еңбегіндегі негізгі 
педагогикалық ұғымдар және ізгілендіру мәселесі 
Дастанда педагогиканың «оқыту» және «білім беру» 
ұғымдарының да мәні ашып кӛрсетіледі. Мәселен, «Тіл 
ӛнерінің қасиет-сипаты мен пайда-зияны туралы» баяндай 
отырып, оқыту мен білім берудің толық сипаттамасын 
береді: 
Біліп айтқан сӛз – білікті, саналар, 
Біліксіз сӛз басыңды жеп, табалар. 
Кӛп сӛйлеуден артық пайда кӛрмедім, 
Және сӛйлеп және ештеңе ӛңбеді! 
Кӛп сӛйлеме, аз айт бір-ер түйірін, 
Бір сӛзбен шеш түмән сӛздің түйірін... 
Біліп сӛйле, сӛзіңде сӛл, ӛн болсын, 
Сӛзің түпсіз қараңғыға, кӛз болсын! 
Біліксіздер ӛзі нағыз басырдың, 
Білім үйрен, надан, кӛзің ашылсын! 
Міне, осындай ғұламаның оқыту мен білім беру 
ұғымдарының педагогикалық мәні туралы ой-пікірлері 
дастан мазмұнының әрбір түйінінен байқалып тұрады.
«Құтты білік» дастанында қазіргі педагогикада 
кӛкейкесті болып табылатын «әлеуметтену» ұғымы да 
қарастырылған. Индивидтің тұлға және азамат ретінде 
дамуы үшін оның әлеуметтік ортадағы іс-әрекеті талап 
етіледі, яғни әлеуметтену дегеніміз – индивидтің қарым-
қатынасы және іс-әрекеті барысында жүзеге асатын процесс 
және оның әлеуметтік тәжірибені игеруінің нәтижесі [17. 
Б.38]. 
Тұлғаның 
әлеуметтенуінің 
мәні 
қоғамның 
толыққанды мүшесі болуы үшін білім, құндылық жүйесін 
және мінез-құлық дағдыларын игеруі болып табылатыны 
белгілі. Бүгінгі таңда педагогиканың кӛтеріп отырған 


кӛкейкесті мәселелерінің бірі де тұлғаны ӛзімен-ӛзі және 
әлеуметпен үйлесімде болатындай етіп дамыту екендігі 
анық. Бұл «Құтты білікте» де қарастырылып, ғұлама 
әлеуметтік институт ретінде отбасын және әлеуметтік 
топтарды (адамдар қауымын) алады. Отбасының тұлғаның 
әлеуметтенудегі ролін былай кӛрсетеді: 
Ұл мен қыздың ӛнегесі ата-ана, 
Бәрі бізден – дұрыс па, әлде қата ма, 
Атасы – мен, бетім әрі қарады, 
Ұлым-шикі. Кімге телмең қағады?! 
Қақым болса, сіңсе ісім халыққа 
Ӛтеуіне – баламды оңға бағытта. 
Қамқор боп, сал ӛнер-білім соңына, 
Қонар құт боп білікті ел қолына. 
Сонымен бірге Ж..Баласағұни әлеуметтік топтардың 
ықпалын да жоққа шығармайды. Ол бұл топты жақсылар 
мен жамандар деп бӛледі де, олардың әрқайсысына 
сипаттама береді. Ғұламаның пайымдауынша, жақсы 
адамдардың, яғни «ізгілік жолын шындап тұтқандардың» 
ӛзі екі түрлі болады: бірі – анадан ізгі болып туғандар, 
ондай адамдар ӛмір бойы ізгілік қасиеттерінен айрылмай, 
қайырымды, жақсы адам болып, ӛмір сүреді; екіншісі - 
әлеуметтік ортаға, тәрбиеге байланысты ӛмір сүре келе 
жақсы атанған адамдар. 
Жаман адамдар да екі түрлі болады. Біріншісі - дүниеге 
тумысынан оңбаған болып келгендер. Олардың түзелуі де, 
түзелмеуі де күмәнді. Ӛйткені, ондайлар: «Жаман болып 
туған мұның бірі де, Ӛле-ӛлгенше арылмас ӛз кірінен». 
Дүниені бүлдіретін, айналасындағылардың шырқын бұзып, 
әлек салатын имансыздар да осылар. Екіншісі — 
құбылмалы адамдар. Олар — ата-тегі ӛнегелі болғанымен, 
жаман қылықтарды тіршілікте бойына жұқтырғандар. Егер, 


ондай адамдар ізгі адамдармен араласып, игі ниетте болса, 
тәрбиеге мойын ұсынуы мүмкін дегенді айтады ұлы ойшыл 
[9.Б.69]. Ж.Баласағұнидің бұл ой-пікірлерінен қазіргі 
педагогикадағы жеке тұлғаның қалыптасуы, оның дамуы 
және оған ықпал ететін тұқым қуалаушылық, әлеуметтік 
орта және тәрбие туралы мәселенің қозғалып тұрғаны анық 
байқалады. 
Тұқым қуалаушылық - ата-анасынан ұрпақтарына 
қандай да бір белгілердің, ерекшеліктердің берілуі. Тұқым 
қуалаушылықты 
тарататындар–гендер 
(грек 
тілінен 
аударғанда- «туа біткен»), сондықтан оны зерттейтін ғылым 
генетика деп аталады. 
Тұқым қуалаушылық қасиеттері: 
1)
сыртқы белгілері (денесі, шаштың түсі, т. б.) 
2)
жүйке жүйесінің ерекшеліктері, қан аурулары, 
ергежейлік, т.б. 
Адам дамуының заңдылықтарын педагогикалық 
тұрғыдан зерттеу үш басты проблеманы - интеллектуалдық, 
арнайы және моралдық сапалардың тұқым қуалау арқылы 
берілуін қамтиды. 
Адам әлеуметтік процесте ғана, яғни басқа адамдармен 
қарым-қатынас, ӛзара іс-әрекет барысында жеке тұлға 
болып қалыптасады. Адамның дамуы күрделі процесс, оған 
табиғи және әлеуметтік орта ықпал жасайды. Табиғи орта - 
бұл түрлі табиғат жағайларының адам тұрмысына, 
қызметіне ықпал жасауы. Әлеуметтік орта - жеке тұлғаның 
дамуына ықпал жасайтын қоғамдағы әлеуметтік қатынас, 
адамдар, олардың іс-әрекеттері. Сонымен бірге әлеуметтік 
орта ұғымына қоғамдық құрылым, ӛндірістік қатынастар 
жүйесі, ӛмірдің материалдық жағдайы, ӛндірістік және 
әлеуметтік процестердің жылжу сипаты, т.б. енеді (алыс 
орта). Адамға жақын орта - оның отбасы, туысқандары, 


достары. Адамның дамуында отбасы үлкен роль атқарады, 
әсіресе адамгершілік және әлеуметтік сапалар балалық 
кезде қалыптасады. Ж.Баласағұни адамның бойындағы 
қабілеттер мен қасиеттер туралы мәселені ежелгі грек 
философиясынан белгілі нативизм және эмпиризм 
бағыттарын ұстана отырып, талдайды. Нативизм ағымы 
Сократ пен Платоннан бастау алады, онда идеялардың туа 
пайда бола алатындығы туралы кӛзқарас қалыптасқан, ал 
екінші бағыт – эмпиризм ежелгі материалистер Гераклит, 
Демокрит, Аристотельдің кӛзқарасын білдіріп, онда 
идеялардың туа пайда болатындығы жоққа шығарылып, 
«таза тақта» (Аристотель) деген теория дамытылады. 
Ж.Баласағұни негізінен аристотельдік эмпиризм теориясын 
ұстана отырып, демократиялық дүниетанымды білдіреді
яғни әрбір адам шыққан тегіне, жынысына және табына 
қарамастан, оқуға және білім алуға қабілетті деп есептейді: 
Есті сӛзді еске түйіп ал енді: 
«Білген құлдан білікті жоқ әлемде!» 
Әуелі - оқып, оны ойыңа ӛре біл, 
Ӛзі-ақ келер сонсоң жазу ӛнері. 
Надандықты құрта алмассың дәрімен, 
Біліммен тек құтын қашыр әріден. 
Ол білім туа бітпейді, білімге деген қабілет туа пайда 
бола дей отырып, ӛзінің эмпирикалық кӛзқарасын білдіреді: 
«Зерде берген білімге бой ұрсын деп, тірлігінде қайырымды 
іс қылсын деп». Сонымен бірге Ж.Баласағұни нативизмдік 
ұстанымды да қолдайды, ол құдайдың жаратуымен ізгі 
адамдардың туатынын мойындайды. Бұл таңқаларлық 
жағдай емес, ӛйткені эмпирикалық психология да, 
сенсуализм 
сияқты 
қарама-қарсы 
екі 
бағытта 
(материалистік және идеалистік) дами отырып, табиғаты 
жағынан метафизика аумағында қалды. Ж.Баласағұни жеке 


тұлғаның қалыптасуында тұқым қуалаушылық пен 
әлеуметтік ортаның ықпалын кӛрсете отырғанымен, 
тәрбиенің жетекші ролін ерекше анықтайды: 
Ұл-қыз кесір, болса ессіз, парықсыз, 
«Ӛнегесі-ай әкенің!» - дер халықпыз... 
Қатты тұтып, ӛсірсе ата баланы, 
Ӛркені ӛсіп, бақ жұлдызы жанады. 
Ұл-қызына үйрет білген білімді, 
Қолына ұстат кеудеңдегі күніңді. 
Сонда, ұл-қызың адамдықтан таймайды, 
Кӛңілі – таза, кӛзі шоқтай жайнайды! 
Сӛйтіп, Ж.Баласағұни ӛз еңбегінде тәрбие, оқыту, білім 
беру, тұлғаның әлеуметтенуі, қалыптасуы мен дамуы 
сияқты педагогикалық ұғымдарды ӛзара тығыз байланыста 
қарастыра отырып, тәрбие мен оқыту теориясының белгілі 
бір ғылыми теориясын жасады. 
Ж.Баласағұни педагогикасының құндылығы ондағы 
ізгілендіру идеяларының дамуымен байланысты. Оның 
негізіне адамның мүмкіншілігінің шексіздігін, ӛзін-ӛзі 
дамыту қабілетіне деген сенімі мен ерік-бостандығын
абыройын қорғау, адамның бақытқа жету жолындағы 
құқығы мен оның барлық сұраныстарын қамтамасыз ету 
қоғамның түпкілікті мақсаты деген мұрат жатады. 
Қазақстандық ғалым А.Н.Кӛшербаева «Құтты білік» 
дастанындағы ізгілендіру идеяларының негізгілерін былай 
бӛліп кӛрсетеді: 
- таным теориясының рационалдық дамуы; 
- ғажайып ізгілік жүйесін жасау: әділдік, ақыл, дәулет, 
қанағат; 
- жетілген тұлға тәрбиелеу; 
- тұлға тәрбиелеудегі детерминанттарды есепке алу, 
санаткерлік сапаларды дамыту; 


- мұрагерлік принципінің регламентациясы; 

ақиқат 
білімді 
қабылдаудың 
педагогикалық 
талаптарын бекіту [18. Б.54].
Ғұламаның ізгілендіру идеялары қазіргі педагогика 
ғылымының дамуында білім беруді ізгілендіру, басқару 
педагогикасы, ғылым мен тәжірибенің кіріктірілуі, 
құзыретті тұлғаны қалыптастыру, білім беру философиясы, 
білім берудегі құндылық қатынас, тұлғаға бағдарланған 
оқыту мәселелерін шешу тұрғысынан алғанда баға жетпес 
құндылығымен ерекшеленеді. 
«Құтты білік» дастанында Ж.Баласағұни педагогикалық 
процеске қазіргі педагогикадай анықтама беріп, оның 
құрылымын кӛрсетпегенімен, еңбектің ӛн бойынан 
педагогикалық процестің оқушыны (тәрбиеленушіні) 
мәдениет байлығын игеруге және еңбек пен қоғамдық 
ӛмірге дайындауға бағытталған мұғалімнің (тәрбиешінің) 
басшылығымен іске асырылатын ӛзара бірлескен іс-әрекет 
ретіндегі мәні және оның құрылымы (мақсаты, міндеттері, 
мазмұны, әдіс-тәсілдері, іс-әрекетті ұйымдастыру түрлері, 
нәтижесі) айқын кӛрініп тұрады (Сурет 1).
Педагогикалық процестің диалектикасы оның ӛзара 
байланысында, үздіксіз дамуында, жылжымалығында және 
қарама-қайшылығында 
ашылады. 
Құбылыстар 
мен 
процестер арасындағы мәнді байланыс философияда 
заңдылық 
деп 
аталады. 
Педагогикалық 
процестің 
заңдылықтары 
оның 
тұтастығын 
дәлелдейді. 
Ж.Баласағұнидің 
педагогикалық 
теориясында 
педагогикалық процестің заңдылықтары да айқындалған: 


Сурет - 1 – «Құтты біліктегі» педагогикалық процесс 
құрылымы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет