Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Еуразия гуманитарлық институты


Айтолды Елікке Дәулет сипатын әңгімелейді



Pdf көрінісі
бет43/51
Дата08.02.2022
өлшемі0,73 Mb.
#117315
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   51
Байланысты:
27 (1)

Айтолды Елікке Дәулет сипатын әңгімелейді 
Орын бердім отырмадым оныңа – 
Ұқсын деп ем: «Орным жоғын сорыма». 
Сӛзді растап: тобығымды тӛседім – 
Ұсқынымды кӛрсін деген есебім, 
Орның жоқта, тобыққа – сор, сезгемін, 
Мен, құт – дәулет, сол тобықтай кезбемін. 
Кӛзім жұмдым, мейіріммен қарап ең
Түр, пейілімді танысын деп санап ем! 
Мен Дәулетпен, кӛзім соқыр, - дегенім, -
Кім жұғысса, соны ұстап, еремін... 
Сен сұрадың – жауабымды асырдым, 
Қарап едің – мен жүзімді жасырдың. 
Бұл қылығым: айнып кете беремін
Тұрақсызбын, маған сенбе! – дегенім. 


Енді тыңда түрік мақал-нақылын, 
Кӛпті кӛрген ақсақалдың ақылын: 
«Құтты кісі «Құттымын» деп лепірме, 
Даңқты кісі даңқыңды айтып есірме. 
Бір орында Су, Сӛз, Дәулет тұрмайды
Жиһангерлер жүре бермей тынбайды... 
Құт опасыз ұшып-қонып тегінен, 
Тайғақ табан, қонбай жатып жеріген...» 
*** 
Айтолды айтты: - дана кісі, атымды, 
Қойған екен Айға меңзеп затымды. 
Ай туғанда елеусіздеу болады, 
Күннен-күнге кӛтеріліп толады... 
Ай толғанда, кӛзі ашылар әлемнің, 
Жүзі жайнар жаһандағы әр елдің. 
Толған ай да, қарасаңыз шетінен
Бозаң тартып, ажары азып кетілер. 
Нұры сӛніп, семіп мүлде жоғалар, 
Қайта туып, қайта толар, оңалар. 
Мен де айдай жаңаланып тұрамын
Бірде бармын, бірде жұмбақ тұрағым. 
Ғаріп жанға түссе жүзім, жанарым: 
Кӛркі артып, нұр жуады қабағын. 
Байып, тасып даңқы алысқа жайылар, 
Кетуім мұң – су алғандай шайылар. 
Жиған-терген мүлкі күлдей шашылар, 
Таз қалпына түсер, еңсе басылар. 


Шайыр сӛзін есті мұны меңзеген
Білікті сӛз – білімсізге кӛз берер: 
«бақ қонса адам, кӛңілі судай сарқырар, 
Жаңа айдай толысар да, жарқырар. 
Құт бір күндік, алды жар да, арты – бал, 
Толар дәулет, толған айдай сарқылар!» 
Бұл жӛнінде сыр ашайын және бір
Естіп ұғып, шын ниетпен сене біл! 
Орын сайлап, жантаймас Ай жайланып,
Мекен-жайсыз жүрер сырғып айланып. 
Саратанмен жанып, бірге ӛшеді, 
Ол кӛшпелі, бұл да бірге кӛшеді. 
Қай үйге енсін, тәрк қып шыға береді
Кіріп-шығып, шығып-кіріп желеді. 
Мен де айдай айнымаймын, білемін, 
Бірде - ӛрде, бірде – ылдида жүремін. 
Келіп-кетіп шарқ ұрамын, жатпаймын, 
Кең жаһанды кезсем де орын таппаймын. 
Затыма сай «Айтолды» деп атаған, 
Білімдінің айтқаны аумас батадан. 
Міне, мен – құт, аян мінез, тегім де, 
Айттым, түгел, кеселімнің емін де.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет