Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Еуразия гуманитарлық институты



Pdf көрінісі
бет44/51
Дата08.02.2022
өлшемі0,73 Mb.
#117315
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   51
Байланысты:
27 (1)

 
 
 
 


Күнтуды Елік әділдіктің сипатының қандай екендігін 
Айтолдыға айтады 
Міне, мені кӛргін, заңмын, әділмін, 
Тұрқымды сен байқа, барла – бәрін біл. 
Мен отырған тағым, міне, тӛрімде, 
Үш аяғын кӛр де тоқы, кӛңілге. 
Үш тағанды нәрсе берік, мызғымас
Үш аяғы тұрғанда ұстап, жылжымас! 
Егер үштің бірі тайса жетеді
Қалған екеуі ӛзі-ақ ұшып кетеді. 
Үш сиратқты нып-нық, түзу тұрады, 
Тӛртеу болса, бірі қыңыр шығады. 
Бірі түзу болса – түзу бәрі де, 
Бәрі түзу болса – түзу мәні де. 
Бір қыңырдан – бәрі қисық шығады
Бар қисықтан - әмән, қырсық туады. 
Қай тұғыр да осал болса тұра ламас
Мықты тұғыр, сенімді ешкім жыға алмас. 
Қылығымды кӛр, қылаудай жоқ міні, 
Ӛзім де әділ, үкім де әділ – сот күні. 
Әділдікпен кеспей жаза, тоқтаман, 
Құл ма, бек пе, еш айырма жоқ маған. 
Бұл пышақты кім нық тұтса қолына –
Ӛнер ол да. Сілтер кесел жонына. 
Пышақтай мен кесем аршып әр істі, 
Кінәліні тауып, білем мәністі. 


Шекер жәбір кӛргендерге бұйырар, 
Қақпама кеп, әділ заңға ұйыған. 
Бал шекерді татқан кісі жадырар
Жаны шат боп, уайым-мұңнан арылар. 
У бұйырар қара жүрек кісіге, 
Заңнан қашқан зәрін түйіп ішіне. 
Келсе алдыма тезінде әділ жазаның, 
У – ішкендей тартар жанның азабын. 
Суық қабақ, кісі шошыр сұрым бұл –
Сыбағасы күштімсінген зұлымның. 
Ұлым ба, әлде жақыным ба, алыс па, 
Кештеу жүрген қонақ па, әлде таныс па? 
Заң алдында, бәрі бірдей мен үшін, 
Кесем әділ, Болмайды ешбір келісім... 
Біл, әділ заң – басшылықтың тұғыры, 
Заң бар жерде – берік елдің жұлыны. 
Мұны меңзеп есті кісі бүй дейді,
Есті сӛзді кім тұтса, ісі ӛрлейді: 
«бектік берік - әділ заңның жӛнімен, 
Бұра тартсаң абыройың тӛгілер. 
Бек заң жолын тӛрелікте ұстаса, 
Бар тілекке жетер қолы, қысқасы». 
*** 
Елік айтты: - Атымды есті ер беріпті, 
Қылығымды кӛріп, танып, сеніпті. 
Дүниенің нұрлы жомарт алыбы
Күнді қара, сӛнбейтұғын жарығы. 


Жарқыраған күнді кӛр де, кӛр мені, 
Күн сӛнсе егер, тіршіліктің ӛлгені. 
Соған ұқсас менің барша қылығым, 
Әділ заңды шала алмас еш құрығың. 
Күйбектемей ӛзін-ӛзі тербетіп, 
Күн шығады жарқыратып жер бетін! 
Туады күн, дүние-елге жарығын, 
Тең бӛледі, шығарады қарығын. 
Мен де күндей – жоғалмаймын, ӛзгеріп, 
Бар халыққа бірдей қылық, сӛздерім. 
Күн шықса егер, жер қызып, бұлт дүркірер, 
Шешек атар мын-ң-мың түспен гүл түгел. 
Қай елге тӛксе нұрын шындығым, 
Гүлдеп тасы, дәулеті ӛсер мыңғырып. 
Шыққан соң күн, жаман-жақсы демейді, 
Жарық тӛгіп бәрін бірдей теңейді. 
Әділ заңым жетер күндей бар елге, 
Ниет, тегім үлгі болғай әлемге. 
Маздар мәңгі ӛз жӛнінен бұлжымай, 
Қонып алып тұғырына бұржыдай. 
Күн Арыстан шоғырында, ӛзгермес, 
Арыстанды Күнге қырсық кез келмес. 
Бір қалыпты қлығымды кӛр менің, 
Жарқын жүзім, құбылмаймын ӛзгеріп. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет