Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі Еуразия гуманитарлық институты


Өгдүлміш Елікке ақылдың қасиеті туралы әңгімелейді



Pdf көрінісі
бет47/51
Дата08.02.2022
өлшемі0,73 Mb.
#117315
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51
Байланысты:
27 (1)

Өгдүлміш Елікке ақылдың қасиеті туралы әңгімелейді 
 
Айтты Ӛгдүлміш: - Ақыл ісі баянды, 
Құлқы тура, жолатпайды аярды. 
Жасы кіші, жүзі нұрлы, кӛрікті, 
Бар ізгілік бір ӛзінен ӛріпті! 
Жомарт , ойлы білер істің шамасын
Әділ, таза сақтар жұрттың арасын. 
Қайда барса – іс қиюын табады, 
Сӛйлесе ақыл – тіліңен бал тамады. 
Жүзі игі барлық жерде сыйымды
Табыстырар қиыспайтын қиырды. 
Кӛзі жіті, қырдағыны шалады, 
Қандай істе, еш таймайды табаны. 
Былық істі, былғанбай-ақ кешеді –
Не түйінді, қас-қағымда шешеді. 
Алды-артың – барлап – оң мен солыңды, 
Бәрің талдап, жорып берер жолыңды. 
Ұшқанды – ұстап, қуып жетіп қашқанды
Сынықты – сап, түзер асып-тасқанды. 
Ақымақтар ақылды аңсап, жоқтайды: 
«Ақымақ басым, ақыл қашан тоқтайды!? 


Еш себі жоқ; кештім тірлік шӛгірін, 
Ақылсыз жан – сүлдер, арсыз кӛңілің! 
Ақыл – жарық, басырларға кӛз болар, 
Тірі ӛлікке – жан, мылқауға сӛз болар!» 
Ақылдылар ақылды әркез мақтайды, 
«Ең ізгі дос! Сенен ешкім артпайды! 
Пейілің түзу. Бар ісің – оң, солың жоқ! 
Достарыңа күйіндірер сорың жоқ!» 
Ақыл-есі бар адамның белгісі: 
Біліп бәрін, келер біле бергісі. 
Ақыл-естің мақтамайын, мақтайын, 
Түзік жолы – сағат сайын, сәт сайын! 
Есті жанның тілі – шындық шұрайы, 
Бар қылығы тегіс шымыр шығады. 
Одан салқын сабырлылық еседі, 
Жеті ӛлшеп, жалғыз рет кеседі. 
Он ойланып, толғанады әуелі
Болжап кіріс, сонда ісің мәуелі. 
Қолынан іс келсе, жас деп, күтпейді, 
Жұрт арыз-мұң, аманатын жүктейді. 
Енді мына сӛздерді естіп, ойлап кӛр, 
Зейін қойып, тереңіне бойлап кӛр: 
«Жасты да ақыл кемеліне келтірер, 
Ессіз кәрі тоқсанында желпінер. 
Жас ақылы – шығар сӛлі шырынның, 
Ақыл қайда болса, солай жығылған». 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет