III тарау. Қазақстандағы кәсіби философияның
қалыптасуы мен дамуы
құқық ғылыми-зерттеу институты болып қайта құрылуымен
елімізде философия саласындағы теориялық зерттеулер мықтап
жолға қойыла бастады. ҚазКСР ҒА Философия және құқық
институтының бірінші директоры – отандық заң ғылымдарының
патриархы, атақты академик С.З. Зиманов болды
Алғашында одақта, ал сосын халықаралық деңгейде өзінің
аты мен беделіне Философия және құқық институты философия
мәселелеріне терең де байыпты қызығушылық танытқан, үлкен
әріппен жазылатын Логиканы қалыптастыру мен жасау идея-
сымен жігерленген жас зерттеушілер тобының шығармашылық
табысы арқылы ие болды. Жабайхан Әбділдин, Мамия Бака-
нидзе, Ағын Қасымжанов, Лев Науменко, Герасим Югай жастық
жігерлерімен біріккен ізденіске қосылды.
Егер ең басты мәселе туралы айтатын болсақ, онда сөз тек
қандай да бір қарапайым дара философиялық немесе арнайы-
логикалық сұрақтардың зерттелуі туралы болып тұрған жоқ.
Ақиқатында бүкіл адамзат ойының тарихын қамтитын және
адам парасатымен Ақиқатты танудың жолын көрсете алатын
философиялық заңдар, ұстындар, категориялар жүйесін жа-
сау міндеті қойылған болатын. Бұл аса күрделі жүйе, сонымен
қатар басқа философиялық емес таным аймақтарында да жол
және таным тәсілдерін, демек кез келген жаңа жемісті идея-
лар мен табыстарға ашық бола отырып дүниетанымдық және
әдіснамалық жол көрсетуші болуы керек болды.
Осы шығармашылық топтың бірінші кітабы «Танымның диа-
лектикасы мен логикасы мәселелері» (Алматы, 1963) елдің ғылыми
өміріндегі оқиға болды, өзіне қарапайым еместігімен мәселелер
қойылуының сонылығымен, жаңашылдығымен көңіл аударды.
Жас зерттеушілер өзінің философиялық бағдарламасын жастыққа
тән қорықпайтын ер жүректілікпен: әлемдік философиялық ой
тәжірибесін, жаратылыстану және гуманитарлық ғылымдар та-
рихы, адам ойы туралы бүтіндей ілім жасауды талдау, қорыту,
жинақтау туралы мәлімдеді.
Философия, авторларлың пайымдауынша, – қарапайым
«мәліметтер жиынтығы», кездейсоқ үзінділер, сипаттаулар, мы-
салдар емес, ол ерекше рухани сала ретінде адам ойының өзіндік
заңдары, ұстындары, категориялары – адамның табиғаттан
бөлектену сатылары, заттық қызмет пен пікірлесудің идеалдық
формалары болады. Философияның күші логикалық және та-
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
230
рихи бірізділік пен сабақтаста болатын ойлаудың ең жалпы
әмбебапты формаларын ұғынуда. Мұнда, пәндік-практикалық іс-
әрекет ұстыны мен ұстанымы диалектикалық ойды негіздеудегі
басшылыққа алынатын ұстын, заттық-практикалық қызмет бо-
лып табылады деген түсінік қалыптасады. Демек, Қазақстан
философтарының ғылыми ұстанымы жалпы кеңестік ғылыми
кеңістіктегі өзіндік ерекшелігі бар бағдар болатын.
Бірнеше жылдардан кейін Ж.М. Әбділдин тобының түсі
өзгертілген және жаңартылған зерттеу бағдарламасы төрт томдық
«Диалектикалық логика» топтамасына енді. Бұл ғылымдағы батыл
қадамдар жастық арманның жүзеге асуы еді, олардың парасатқа
сай болуы негізгі өлшемге айналды. Адами дарынның ғылымды
дамытудағы талпыныстарға барлық күш-жігердің мүмкіндігі са-
лынса ғана әлеуметтік практикада адам ойының толық жүзеге
асуы мүмкіндігінің куәсі болатындығы дәлелденді.
Диалектикалық логиканың бастапқы, түпкі ойы, бірінші
кітап және аяқталған көптомдық еңбек арасында көптеген
оқиғалар орын алды. Жеке және ұжымдық монографиялар,
кітаптар топтамасы – бүтіндей жинақтар топтамасы ретінде
жарық көрді, симпозиумдар және съездер өткізілді, кандидаттық
және докторлық диссертациялар қорғалды, сөйтіп, елімізде өз
алдына ірі философиялық мектеп қалыптасты. Оны Кеңестер
Одағындағы «Алматы диалектикалық логика мектебі» деп атал-
ды.
Ж.М. Әбділдин бастаған отандық философиялық мектеп ая-
сында тек тоталитаризмнің теориялық ұстанымының тотальдік
үстемдігі жоққа шығарылып және диалектикалық плюралистік
ойлау негіздері ғана жете зерттеліп қана қоймай, сонымен қатар
жаңа дәуірде өмір сүріп, әрекет жасайтындардың азаматтық
қасиеттері шыңдалды. Философиялық ойлаудың, ғылыми
ізденістер жасаудың үлгілері насихаттала бастады.
Қазақстандық
философтар
социализмнің
түбегейлі
қасиеттерін көрсететін саяси сұрақтар мен олардың теориялық
аймағына тікелей кіріскен жоқ еді. Олар классикалық фило-
софия мәселелерін қозғады, яғни сана, ойлау, таным теориясы
мәселелерін зерттеулерімен айналысты. Жоғарғы мәртебелерді
алуды міндет тұтпаған олар, ең терең негіздерден адамға,
қоғамға қарай бет бұрады. Әңгіме адамды тану арқылы қоғамды
тану мүмкіндігінің пайда болатындығын айқындаумен айна-
231
III тарау. Қазақстандағы кәсіби философияның
қалыптасуы мен дамуы
лысты. Бұл бағдар Абай мен Шәкәрім айтқан құндылықтық
бағдарлармен сәйкес келетін. Ал адамды өз кезегінде, тек оның
ішкі рухани әлемін ұғыну, түсіну, игеру арқылы ғана білуге бо-
лады. Бұл халқымыздың шығыстық ділімен де үйлесіп жататын
ұстаным болатын. Сондықтан сана мәселесі, адам ойлауының
заңдылықтары қазақстандық философтардың тобы және оның
ізбасарлары пікірінше, теориялық зерттеулер тарапында алға
жылжуға мүмкіндіктер беретін негіздер болып табылады.
«Бірақ адам ойлауын қалай зерттеуге болады?» деген
проблемалық мәселе туындағаны белгілі. Мұнда философия
тарихы тәжірибесі қажет: (адам мәселесі мен оның ойлауының
өзіне назар аударуын зерттеулердің өзіндік «лабораториясы»),
адамның заттық-практикалық іс-әрекетінің тарихы (оның қалай
өндіріс құралын жасауы және қолдануы, шығармашылықпен
түрлендіруге талпынатын өзін қоршаған заттық, нәрселік әлемде
қандай заңдарға сүйеніп әрекет жасайтынын зерттеулері),
баланың ақыл-ойының дамуын зерттеу тәжірибесі қажет бола-
тын.
Осы мағынадағы ғылыми-зерттеу жолында Қазақстандық фи-
лософтар бірнеше маңызды, мәнді әрекеттерді, ұстанымдарды,
сәттерді тапты (оларға дейін классикалық, соның ішінде неміс фи-
лософиясында табылғандарды дамытты немесе бекітті), ғылыми
жаңалықтар түрінде ұсынды.
Өткен дәуір философиясын сараптай келе кеңестік фило-
софиясын сипаттайтын болсақ, онда Сталин қайтыс болғаннан
кейін марксизм-ленинизм және диалектикалық материа-
лизм тұрғысынан кеңестік философтардың философиялық
мәселелерді сыни ойлау негізінде, қалыптасқан маркстік-лениндік
тұжырымдамалардан аз да болса алшақтауға тырысып, көптеген
қайшылықты мәселелерді ашық талқылай бастау кезеңін айтады.
Бірақ бұл жаңа идеялар идеологиялық догма қойған талаптар
шеңберінен шыға алмай, шын мәніндегі еркін ойлау дәрежесіне
көтеріле алмады. Соған қарамастан, өткен кезеңде әлеуметтік-
гуманитарлық, қазіргі таным тұжырымдамасын әлеуметтік-
тарихи тұрғыдан негіздеу, әлеуметтік болмыс пен таным
мәселелеріне сүйеніп дүниетанымдық көзқарас қалыптастыру,
диалектикалық логика философия тарихын материалистік
тұрғыдан қайта қарау, әлеуметтануды кеңестік жағдайға бейімдеу
т. б. осы сияқты күрделі мәселелерді қарастырып, біршама
жетістіктерге жетті.
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
232
Бұл салада Ресейлік мамандар – Батищевтің, Бахтиннің,
Ильенковтың, Копниннің, Мамардашвилидің, қазақстандық фи-
лософтар – Ж. Әбділдиннің, Қ. Әбішевтің, А. Қасымжановтың, Ә.
Нысанбаевтың, М. Сәбиттің және т. б. көрнекті философтардың
сіңірген еңбектерін ерекше атап өту керек.
Қорыта айтқанда, әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар, өтпелі
кезең мен нарықты зерттеудің әдіснамасы салаларында түбегейлі
жаңа зерттеулер жүргізілсе деген тілек бар. Қазақстандық фило-
софиялық-әдіснамалық мектептің әлеуеті мен мүмкіндіктерін арт-
тырып, зерттеушілерді көпэтносты қазақстандық қоғамға қажет
салыстырмалық және футурологиялық зерттеулер әдіснамасы
бойынша жаңа мағынадағы жұмыстар жүргізуге жұмылдыру ке-
рек деген міндеттер де күтіп тұр.
Қазақстандық кәсіби философияның негізін қалаушылардың
көзқарасы бойынша, Гегельдің философиялық жүйесінде
философтың идеалистік көзқарасына байланысты әлі де көптеген
жетіспеушіліктер мен мистификациялар кездеседі. Сондықтан
да жас ізденушілердің мақсаты іргетасы берік және жан-жақты
қаланған логика болды. Мұндай логика нақты адам мен нақты
қоғамның тарихи нақты болмысы мен дамуындағы заттық-
практикалық іс-әрекетінен туындауы тиіс.
Жаңа логиканың бастапқы ой-ниеті, алғашқы кітап пен
одан кейінгі жарияланымдар төрт томдық «Диалектикалық
логика» атты еңбекте тұжырымдалды. Жаратылыстану және
әлеуметтік
ғылымдарының
деректерінде
диалектикалық
ойлаудың біртұтастық, қайшылық, нақтылық, нақты историзм,
абстрактылықтан нақтылыққа қарай өрлеу тәрізді ұстанымдары
жан-жақты зерттелді. «Теорияны құрудың диалектикалық-
логикалық ұстындары» атты көлемді монографиясында (Алма-
ты, 1973) Ж.М. Әбділдин мен Ә.Н. Нысанбаев ғылыми-теориялық
танымның ең жоғарғы тірегі – теория қалыптасуының басты
кезеңдерін айқындап береді.
«Қазіргі ғылымдағы қайшылық ұстанымы» атты ұжымдық
еңбекте (Алматы, 1975) авторлар ғылымда диалектикалық
қайшылыққа сүйенетін кез-келген қозғалыс пен дамудың баста-
уы және тіршілік көзі болып табылатын шығармашылық ойлау
стилін қалыптастыру идеясын алға тартады. Бұл ой ары қарай
«Әлеуметтік танымдағы қайшылық ұстанымы» монографиясын-
да (Алматы, 1982) өз жалғасын тапты. Затты оның тұтастығында,
233
III тарау. Қазақстандағы кәсіби философияның
қалыптасуы мен дамуы
өзіндік қозғалысы мен қажетті ішкі байланысында қарастыруды
талап ететін шындықты тани білудің негізгі ұстанымдарының
бірі жан-жақты зерделенген «Қазіргі ғылымдағы нақтылық
ұстанымының рөлі» ұжымдық монографиясы (Алматы, 1976)
елеулі кезең болды.
Диалектикалық ойлау мәдениеті дайын үлгілер бойынша
ойлай білу мен оған ұмтылу емес, керісінше, дербес, сыни түрде,
мүмкіндігінше ауқымдырақ және ақиқатшылдықпен әрекет ету,
құбылыстардың ішкі дүниесін, олардың мән-мағынасын тани
білу болып табылады. Жаттанды, немқұрайдылықпен жасалған
нәрсенің бәрі алматылық жаңашыл-философтар үшін тиімсіз бол-
ды. Өз кезегінде қарсы пікірді жақтаушылар оларға гегельшілдікті
дәріптеушілер (сол кездердегі тағылған нағыз сорақы атақ) деген
кінә арта отырып, үлкен сенімсіздікпен, күмәнді көзқараспен
қарады.
Мұндай қарсылықтарға қарамастан демократиялық ойлау
мектебі алда енді ғана көзделіп отырған болашақтағы ақиқат
құқығын дәлелдеу жолында өз өрісін жая түсті. Алматы біртіндеп
диалектикалық ойлау теориясын, логика және таным теориясы
ретіндегі диалектиканы қалыптастыру бойынша бүкілодақтық
үйлестіру орталығына айнала бастады. Ол жылдары Алматы,
артық айтқандық емес, шығармашылдық, сыни ойлаудың ны-
шаны ретінде қабылданатын еді, бұл кездері Ж.М.Әбділдиннің
философиялық мектебінің аясында тоталитаризмді жоққа
шығарып, диалектикалық алуан түрлі ойлаудың негізін қалаған
теориялық ұстанымдар қарастырылып қана қоймай, сонымен
қатар ендігі жаңа дәуірде өмір сүріп, әрекет ететін адамдардың
азаматтық қасиеттері де негізделе бастады.
Қазақстандық диалектикалық логика мектебінің ең маңызды
жетістіктерінің бірі – диалектикалық ойлау ұстанымдарын,
заттық және терең мазмұнды зерттеу, тек сөздер-ұғымдармен
алдап-арбау емес, ақиқатты тиімді іздеу мен айқындау мүмкін
болмайтындығын, болуы мүмкін еместігін жете түсіне білу өнерін
игеру машықтарын қарастыру болып табылды.
Бұл тұрғыдан алғанда диалектика, (ішкі қайшылықтар күші
арқылы құбылыстар мен олардың дамуының жалпы байланысы
туралы ілім) логика, яғни дұрыс және ақиқат ойлау туралы ғылым
ретінде ғана көрініп қоймайды. Ол сонымен қатар таным теори-
ясы да (гносеология) болып табылады. Өйткені ойлаудың негізгі
қызметі – таным. Адами ой өзі үшін емес, адам өзін қоршаған ор-
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
234
тада еркін бағдарлап, дамып, өсіп-өнуі және оның заңдарын жете
ұғына отырып, әлемдік үндестікті шығармашылдықпен байыта
түсуі үшін әрекет етеді.
Диалектика, логика мен таным теориясының үйлесімділігі
бірлесу ұстанымы осы аталған салалардағы зерттеулердің негізін
қалаушы болып табылады. Диалектика логика ретінде танымның
нақты процесі тәрізді, соны ақиқатшыл және нәтижелі таным
теориясының негізі болып саналады. Бұл ойды нақтырақ айтқанда,
тани білу – заттарға, нәрселерге ат, белгі, таңбалар беріп қана қою
емес (бұл белгілі бір дәрежеде маңызды болса да).
Тани білу – көзге көрінбейтін қозғалыс күштерін және
қоршаған шындық пен адамның ішкі жан-дүниесінің даму
заңдарын ашу деген сөз. Ал шындық соншалықты әр бағытты
күштерге, векторларға, әртүрлі деңгейлер мен тараптарға
толы, белгілі бір серпінге, өзіндік қозғалуға және т. б. қабілетті
болғандықтан, тек бір ғана қарапайым логика арқылы шындықты
барынша танып-білу мүмкін емес. Мұнда осы қозғалыс пен даму
барысындағы қозғалысты, даму мен жалпы байланысты білдіретін
диалектикалық логиканы жан-жақты іске тартқан жөн.
Мұнымен қатар, қазақстандық философия мектебінің
өкілдері танымды бейне деп түсінетін көзқарастар болғанның
өзінде, таным бейнелі, яғни енжар қызметпен ғана шектеліп
қалмайды деген табанды көзқарастарында нық тұрғандықтарын
ерекше атап өту қажет. Танымның нақты процесінде танушы
субъектінің – философтың, ғалымның, теория жасаушы мен
тәжірибе жасаушының белсенділігі орасан рөл атқарады. Қазіргі
кездегі ғылымда танымның белсенділігі шындық бейнеленіп
қана емес, қалыптасып, жасалып жатқан дәрежеге дейін жету-
ге қабілетті. Бұл адами танымның шығармашыл сипатының,
нәтижелі қиялының және әлемді практикалық қайта өзгертуге
бағытталуының нәтижесінде жүзеге асырылады.
Адам дүниені тек байқаған кезде емес, белгілі бір зат оның
заттық әрекетіне қосылған кезде танып-біледі. Субъектінің,
тәжірибе жасаушының белсенділігі заттың, нәрсенің теориялық
анықтамасында қамтылуы тиіс. Бұл талаптың әділ қойылғандығын,
мысалы, А.Эйнштейннің еңбектері ғана емес, сол сияқты кванттық
механиканың, генетиканың, кибернетиканың дамуы мен ғылыми
танымның бүкіл барысы да дәлелдей алады. Егер адамдардың
қоғамдық іс-тәжірибесі, заттық іс-әрекеті теориялық білім
тұжырымына енгізілмеген жағдайда, онда нақты бір затты нақты
235
III тарау. Қазақстандағы кәсіби философияның
қалыптасуы мен дамуы
танып-білу мүмкін емес. Сол себепті практикалық іс-әрекеттен аб-
стракциялайтын адамдар затты, нәрсені бір қырынан, бір жақты,
абстракты түрде қарастырады.
Теориялық білімді құруда танымға қатысты болатын
нақты тұтастықтың басты қайшылығы қамтылған негізгі те-
ория ұғымының рөлі ерекше. Алайда шындықты теориялық
тану міндеті негізгі теория ұғымын негіздеумен ғана шектеліп
қалмайды. Ғылыми танымның кезекті міндеті, яғни зат, нәрсе
мәнінің (негізгі ұғымның) дамуын, мәннің көріну нысандарымен
байланысын ұғына білуді және затты жүйелі түрде тану барысын-
да пайда болатын қайшылықтар мен қиыншылықтарды топшы-
лайтын затты тұтас және жүйелі түрде жаңғырту міндеті келіп
туындайды.
Затты тұтас және жүйелі түрде жаңғырту Ж. Әбділдин мен
Ә. Нысанбаевтың «Теорияны құрудың диалектикалық-логикалық
ұстанымдары» еңбегінде көрсетілгендей, ғылымның аса күрделі
міндеті болып табылады. Егер негізгі теория ұғымының нысанын-
да сипатталатын заттың мән-мағынасы көріну нысандарына тікелей
сәйкес келсе, онда затты теориялық тануда мұндай қиындықтар
болмас еді. Бірақ мұндай сәйкестік жоқ және болуы мүмкін емес те.
Қазақстандық ғылым философиясы мектебіне сәйкес та-
ным практика негізінде, практика барысында және практикалық
нәтижелерге қол жеткізу үшін жүзеге асырылады. Мұнда
танымның прагматистік және утилитарлық ұстанымдарға
қарапайымдануы жайында емес, танымның үнемі тіршілік
құрамында, шынайы әрекет ету, шығармашылық құрылымында
болуы керек екендігі туралы сөз болып отыр. Өйткені, түпкі
нәтижесінде адам дүниені тек таным үшін ғана емес, өзіндік
мақсаты ретінде емес, шығармашылық үшін, дүниеге жаңа
үйлесімдік реңктерін әкелу үшін танып-білуге бейімделген.
Адамның іс-тәжірибесі, қазақстандық философтар өздерінің
зерттеулерінде атап көрсеткендей, болмыстың әмбебап
заңдарының негізінде жүзеге асырылады. Танымда объект
сақталып қалатын және танымның мазмұнын құрайтын нысандар
объективті шындықтың кіршіксіз «көшірмесі», объективті байла-
ныстар мен заңдардың бейнесі болып табылады. Себебі олардың
негізінде жатқан практикалық әрекет тәсілі нақты объектінің
қозғалыс нысаны болып табылады, сондықтан адам табиғат тәрізді
әрекет ете алады және солай әрекет етеді де.
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
236
Қазақстандық ғылым философиясы мектебінің өкілдері прак-
тика идеясына байланысты танымның негіздері мен мақсаттары
ретінде танымдық процестің дәстүрлі сұлбасын қайта қарастырды.
Ол, әдетте, екі деңгейге және кезеңге – сезімталдық және ұтымды
кезеңге саяды. Бірақ бұл сұлба сұлба күйінде қалды, ол шынайы
таным барысын толық көрсете алмады. Сондықтан ірі ойшылдар
бұл ортақ дәстүрлі сұлбаға қосымша сатылар, тараптар, қырлар
енгізді. Мысалы, Рене Декарт таным теориясына оның бастапқы
кезеңі ретінде әмбебап күдік ұстанымын енгізді; Иммануил Кант
құрылымда ұтымды екі кезең мен типті, пайымды және зердені,
ажыратып көрсетіп, ал танымның өзін түпкі нәтижесінде долбар-
лы нысандардан шығарды (адамның ішкі дүниесінде қандай да
бір тәжірибеге дейін болатын және одан тәуелсіз ерекше аксио-
малар).
Алайда мұндай қажетті деп саналатын толықтырулар мен
нақтылаулардың бәрі танымның барлық жағдайларын шешіп бере
алмады, олардың арасында танымдық процестен тыс жатқандары
да бар. 60-70-інші жылдардағы қазақстан-дық философтардың
көзқарасы тұрғысынан алғанда, мұндай шешуші жағдай, ада-
ми танымның іргетасы қоғамдық жаратылыс ретіндегі адамның
материалдық-сезімдік, заттық-практикалық іс-әрекеті болып та-
былады.
Бүгінгі таңда «сезімдіктің жетіспеушілігі», яғни адамның
жоғары, рухани сезімінің жұтаңдауы, оның нәтижесінде
адамгершілік сезім-нің жұтаңдауы байқалуда. Сондықтан, Ж.М.
Әбділдиннің айтуынша, «сезімталдық теориясы» қажет, фило-
софтар ары қарай дамыту мақсатында «жан дүниені тереңірек
зерделеулері» керек. Бұл өзекті мәселе қазіргі кезде адамзаттың
ауқымды-дағдарыстық жай-күйі тұрғысында аса маңызды бо-
лып отыр, бұл дағдарыстан шығудың бірден-бір жолы, Ж.М.
Әбділдиннің сөзімен айтқанда, адамгершілікте, өнегелілікте жа-
тыр. Ойлауды зерделеуге қатысты Жабайхан Мүбәрәкұлы ол
адамгершілікке апаратын саты ғана, сондықтан өзіндік мақсатқа
айналмауы тиіс деген пікір айтады. И.Кант үшін «Таза зерденің
сыны» практикалық зерде мен пайымдау қабілетін талдауға апа-
ратын саты болғаны тәрізді, қазіргі философтар үшін диалектика,
логика, таным теориясы бойынша зерттеулер бұдан былай этика
және эстетика мәселелерін зерттеудің басы және шарты ретінде
қарастырылуы тиіс. Академик Ж.М. Әбділдин өз сөзін Ақиқат,
237
III тарау. Қазақстандағы кәсіби философияның
қалыптасуы мен дамуы
Жақсылық және Сұлулық бір-бірінен ажырамастай, үйлескен
бірлікте болуы үшін қазіргі жаңаша «үш сыншыны жасауға»
үндеумен аяқтады.
Таным процесінің диалектикасын қазақстандық философ-
тар ойлау мен болмыстың, субъекті мен объектінің, практикалық
пен теориялықтың және т. б. өзара күрделі қатынасы
ретінде қарастырды. Бұл жағдайда тұтас танымдық процесс
абстрактылықтан нақтылыққа қарай өрлеу ұстанымына, яғни
тұлғасыз және дараланған теориялық түсініктерден танылатын
заттың әр алуан ішкі, негізгі бірлігіне өту ұстанымына бағынышты
болады.
Ж.М. Әбділдиннің жоғарыда аталып өткен «Проблема начала
в теоретическом познании» және Г.Г. Соловьеваның «О роли со-
мнения в познании», М.И. Баканидзенің «Проблема субордина-
ции логических форм» атты кітабы мамандар арасында танымал
еңбектерге айналды.
Қазақстанның диалектикалық логика бойынша философиялық
мектебінің бірден-бір маңызды жетістігі зияткерлік кеңістіктегі
диалектикалық ойлау ұстындарын, тәртіптілік дағдысын және
сонымен бірге жай сөздер – түсініктермен айлалы әрекет емес,
терең мазмұнды зерттеулер болды. Демек, түсініктерге, логикалық
тұжырымдарға, нақты пайымдауларға қол жеткізусіз ғалымдар
тарпынан тиімді ізденістер мен ақиқатты табу мүмкін емес.
Бұрын ойшылдар адам ойын формальді логика деп
аталатынның қайшылықтарға шек қою заңдылықтарына таңды.
Дегенмен көптеген философиялық ілімдерде өзге – маңызды
логиканың өскіндері болды. Ол өзінің дамыған түрін неміс ойшы-
лы Георг Гегель философиясынан тапты. Оның түсіндірмесінде ло-
гика мүлде жаңа түрде көрінді. Ол кез келген дамудың қозғаушы
күші ретіндегі, қозғалыстың жалпыға ортақ заңдары, өзгеріс, эво-
люция туралы, ескіні, уақыты өткенді жою мен жаңаның пайда
болуы туралы ілім болды.
Диалектикалық логика (грекше «диалектика» – «айтыс,
талқылау өнері») әлемді оның көптүрлілігінде, күрделілігінде,
бар байлығымен көрсетті. Егер дәстүрлі, формальді логика тек
ойдың түрлері туралы, демек, ойдың сөздік көрінісінің мәні ту-
ралы ғылым болса, онда диалектикалық логика ойдың өзіне
меншікті заңдары, олардың ақиқат әлемінің өзінен бастау алған
қозғалыс заңдарына қатынасы туралы ғылым болды.
|