Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты



Pdf көрінісі
бет26/42
Дата23.02.2020
өлшемі2,34 Mb.
#58900
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   42

Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
238
Қазақстандық  философтар  осы  гегельдік  (ал  сосын  және 
маркстік) логикалық идеяларды классикалық толысуға, кемелде-
нуге дейін жеткізді, өзінің логикасы моделінің негізі үшін Гегель 
сияқты «таза ой стихиясын» алмай, керісінше, адамның пәндік-
практикалық іс-әрекетін, қызметін алды. Басқаша айтқанда, ой-
лау,  қазақстандық  мамандар  тобына  кіретін  философтардың 
көзқарасынша – адамның әлеммен, өзара шынайы заттық, пәндік 
нақты әрекетінің көрінісі. Даму, болмыс пен ойлаудың дамымаған 
формаларынан  дамығанға  қарай  өрлеу  идеясы  қазақстандық 
диалектикалық логика мектебінің барлық жұмыстарының өзегі. 
Ол  зерттеулерде  философия  нағыз  ақиқатты  іздеу  мектебі, 
шығармашылық  пен  жаңалық  ашу  логикасы,  ойлау  үдерісінің 
шынайы көрінісі болып көрінеді.
Ойлау  қазақстандық  диалектикалық  логика  мектебі  бой-
ынша  өзара  байланысқан  категориялардың  дамушы  жүйесі. 
Осы  негіз  болатын  идеяны  ол  жалпы  түрде  Гегельдің  «Логика 
ғылымдары»  мен  Маркстің  «Капиталынан»  қабылдады.  Деген-
мен,  ол  догма  ретінде  емес,  өзіндік  дербес  шығармашылыққа 
жетекшісі  ретінде  қабылданды.  Өйткені  сұрақ  диалектикалық 
логика категорияларының қайсысын бастапқы, ал қайсысын адам 
ойы жүйесін аяқтайтын деп есептелетіні; әр түрлі категориялық 
анықтамалардың арасындағы байланыс қандай; адами ойлаудың 
категориялық  құрылымын  жүйелегендегі  негізі  қандай  бола-
ды.  Логика  ретіндегі  диалектика  теориясының  негізін  қалаушы 
қазақстандықтардың  міндетінің  өте  күрделі  болғанын  көреміз. 
Осы жолда алынған құнды және сүбелі нәтижелердің бір бөлігін 
біз өзіміздің оқырмандарымызға ұсынамыз.
Кеңес  дәуірінде  Қазақстанда  диалектикалық  логика  мен 
ғылым  философиясының  жете  зерттелуі  ғылым  мен  қоғам 
өмірінде маңызды рөл атқарды. Сол жылдарда, көп жағдайда ло-
гика  ретіндегі  диалектика  мәселелерін  зерттеулерге  қатысқаны 
арқасында  жоғары  маманданған  философия  кадрлары  дайын-
далды. Осы адамдар кейін рухани тарихымызда Қазақстандық та-
маша ойшылдар, ғалымдар, интеллигенттер, саяси қызметкерлер 
тобын түзеді.
«Диалектикалық  логика»  аталған  көп  жылдық  жобамен 
жұмыс  кезінде  жарық  көрген  еңбектер  ішінен  ең  үздік  мәтінді 
таңдау  оңай  болған  жоқ.  Ондай  мәтіндер  өте  көп  болды.  Ло-
гика  ретіндегі  диалектика  мәселелерімен  Қазақстан  Ғылым 

239 
III тарау. Қазақстандағы кәсіби философияның 
қалыптасуы мен дамуы
академиясының  Философия  және  құқық  институтының,  Қазақ 
мемлекеттік университетінің өкілдері, және Алматының, бүтіндей 
Республикамыздың (соның ішінде Қарағанды, Орал, Қызылорда 
т. б.) жоғарғы оқу орындарының көптеген ғалымдары еңбек етті. 
Олар бүтіндей диалектика, соның ішінде оның жеке категория-
лары,  ұстындары,  заңдары  мәселелерінен  жүздеген  жұмыстар 
жариялады.  Дегенмен  осы  томды  құрастырушылар  көптеген 
жұмыстардан  ең  бір  маңыздыларды  антологиялық  ұстынмен 
таңдауға талпыныс жасады.
Бәрінен  бұрын,  онсыз  логика  ретіндегі  диалектика  дамуын 
елестету  қиын,  М.И.  Баканидзенің  «Логикалық  формалардың 
субординация  мәселелері»  деген  күрделі  монографиясын, 
диалектикалық  логикаға  қатысты  сұрақтарды  кең  көлемде 
қарастырған. Л.К. Науменконың «Монизм – диалектикалық ло-
гика принципі» деген атышулы кітабын айтамыз. Соңында, осы 
томға  ұжымдық  «Диалектикалық  логика»  монографиясының 
бірнеше  тарауларын  қосу  сөзсіз  әділетті  және  негізді  бо-
лып  көрінеді.  Шын  мәнінде  осы  төрт  томдық  монография 
Қазақстандағы диалектика бойынша зерттеулердің жалпыланған 
іргелі нәтижесі болды. Шындығында бұл жұмыс, диалектикадан 
зерттеу жұмыстарының шарықтау шыңы болды. Оған жай ғана 
көңіл аудармау мүмкін емес еді.
  Сөйтіп,  1959–1963  жылдары  көрнекті  қазақстандық  фило-
соф  Ж.М.  Әбділдиннің  басқаруымен,  ғылыми  жетекшілігімен 
институт  ауқымында  диалектикалық  логика  бойынша  ірі 
философиялық  мектеп  қалыптасты.  Оған  көптеген  мамандар 
ат  салысты.  Мәселен,  Кеңестік  философтар  арасында  танымал 
болған  Г.А.  Югайдың  «Проблемы  целостности  организма  (фи-
лософский  анализ)»  және  «О  категориях  части  и  целого»  атты 
еңбектері шықты. 
  1964–1966  жылдары  қазіргі  кезеңдегі  жаратылыстанудың 
әдістемелік  мәселелері  бойынша  I  Бүкілодақтық  конференция 
өтті.  Жаратылыстанудың  философиялық  мәселелері  белсенді 
түрде  зерттеле  бастады.  «Вопросы  философии»  журналында 
Ә.Н. Нысанбаевтың «Математика и принцип соответствия» атты 
жаңашыл  қызғылықты  мақаласы  жарияланды.  1967–1970  Г.А. 
Югай  мен  Л.К.  Науменконың  ««Капитал»  К.  Маркса  и  методо-
логия научного исследования»« атты кітаптары басылып шықты. 
Ғылыми  әдіснамалық  тұрғыда  жоғарыдағы  еңбектер  Қазақстан 
ғалымдары  үшін  нағыз  ғылыми  бағдарға  айналып,  әртүрлі 

Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
240
ғылым  саласының  мамандары  өздерінің  ғылыми  ізденістеріне 
теориялық арқау етуге тырысты.
 Диалектикалық логика бойынша сол кездегі Республиканың 
астанасы  Алматы  қаласында1968  жылы  I  Бүкілодақтық  сим-
позиум  өткізілді.  Алматыда  бұл  ғылыми  форумның  өтуі 
диалектикалық логика бойынша қазақстандық мектептің үлкен 
жетістіктерін халықаралық деңгейде кәсіби мамандар арасында 
толығынан мойындаудың белгісі еді. Сол тарихи кезеңде елімізде 
бірнеше беделді философиялық мектептердің (Мәскеу, Киев, Ле-
нинград) белгілі болғанын атап өткен жөн.
1970  жылы  Қазақстандағы  Философия  және  құқық 
институтының  директоры  болып  философия  ғылымдарының 
кандидаты Тоқтағали Жангелдин тағайындалады. 
Қазақстандағы кәсіби философияның қалыптасуы сан түрлі 
саланы  қамти  бастады.  Мәселен,  материалистік  диалектиканың 
барлық  әлеуетін  анықтауға  арналған  «Материалистическая 
диалектика  как  методология»  атты  көлемді  ұжымдық  моно-
графия  жарық  көрді.  Авторлар  ұжымы  –  Ж.М.  Әбділдин,  Ю.В. 
Сачков, В.В. Шеляг, Ә.Н. Нысанбаев. Әрине, сол тарихи кезеңде 
басымдық  танытқан  маркстік  философияның  қисыны  маман-
дарды  осындай  ұстанымдағы  философиялық  позицияның 
артықшылығын айқындауға, насихаттауға итермеледі. Дегенмен, 
авторлардың қолданған әдіснамалық ұстанымдары мен ғылыми 
тұжырымдары көптеген жаратылыстану саласының мамандары-
на тиісті теориялық әдіснамалық көмегін тигізгенін атап өтуге бо-
лады. 
1968–1974  алғаш  рет  Институттың  шығармашылық  ұжымы 
әл-Фарабидің «Философиялық трактаттарын» (аудармашылар – 
Б.Я. Ошерович, А.В. Сагадеев, А.С. Иванов, И.О. Мохаммед, Е.Д. 
Харенко),  «Әлеуметтік-этикалық  трактаттарды»  орысшаға  (ау-
дарма Б.Я. Ошерович, редакторы А.В. Сагадеев) және қазақшаға 
(аудармашылар  –  Қ.  Сағындықов,  Г.  Жанғалин,  М.  Ишмухаме-
дов)  аударып,  басып  шығарды.  Қазіргі  кезеңде  «Мәдени  мұра» 
мемлекеттік бағдарламасы ауқымында академик Ә. Нысанбаевтың 
ғылыми басшылығымен және тікелей қатысуымен әл-Фарабидің 
қазақ  тілінде  10  томдық  шығармалар  жинағы  алғаш  рет  ХХI 
ғасыр  басында  жарық  көргені  белгілі.  Сонымен  қатар  елімізде 
фарабитану  саласы  бойынша  А.Х.Қасымжанов,  М.С.  Бурабаев, 
А. Келбұғанов, Ғ.Қ. Құрманғалиева, А.М. Кенесарин, К. Таджико-

241 
III тарау. Қазақстандағы кәсіби философияның 
қалыптасуы мен дамуы
ва және т. б. көрнекті ғалымдар тобы қалыптасқанын атап өткен 
жөн.
Белгілі  философ  А.Х.  Қасымжанов  тұңғыш  рет  әл-Фараби 
мұраларын  зерттеу  мақсатында  ғалымдардың  үлкен  тобын 
құрайды.  Ғалымның  ұйымдастыруымен  әл-арабидің  көптеген 
іргелі еңбектері қазақ және орыс тілдерінде жарық көреді. «Фи-
лософия  тарихы  және  Қазақстандағы  қоғамдық-саяси  ойлар» 
бөлімі  жанынан  құрылған  топқа  А.Х.  Қасымжанов  жетекшілік 
етіп,  бұл  шығармашылық  ғылыми  топқа  алғашқыда  арабтану-
шы  Ильяс  Омар  Мұхаммед  (Иран),  Еуропа  тілдерінің  маманы 
Б.Я. Ошерович, шығыс математикасының маманы А.Қ. Көбесов, 
арабтанушы-мамандар А.С. Иванов, К.Х. Таджикова, Н. Караев, 
әуел баста байланыста болған мәскеулік атақты арабтанушылар 
Б.Г. Ғафуров, А.В. Сагадеев кірген болатын.
Ғылыми шығармашылық топтың белсенді еңбегінің арқасында 
ұлы  ғұлама  философ  әл-Фарабидің  шығармашылығымен, 
қолжазбаларымен мұқият танысуға бағытталған зерделі зертте-
улер  басталып  кетті.  Алғаш  рет  әл-Фарабидің  «Философиялық 
трактаттары», «Әлеуметтік-этикалық трактаттары», «Логикалық 
трактаттары», «Математикалық трактаттары», сондай-ақ («Ком-
ментарии аль-Фараби к «Алмагесту» Птоломея»), «Птоломейдің 
«Алмагесіне»  әл-Фарабидің  түсініктемесі»  атты  шығармалары 
қазақ  және  орыс  тілдерінде  жарық  көрді.  Профессор  Ағын 
Қасымжанов  бастаған  ғылыми  топтың  орасан  зор  ғылыми 
ізденістерінің  арқасында  әл-Фарабидің  30-ға  жуық  ғылыми 
еңбектері  жарыққа  шығып,  қалың  оқырманға  танымал  болды. 
Осы ғылыми аудармалардың арқасында әл-Фарабидің еңбектері 
ғылыми-көпшілік  оқырмандарға  жетіп,  оларға  барлық  жерде 
сілтемелер жасалына бастады. 
А.Х. Қасымжановтың ұйымдастыруымен 1975 жылы Әбу На-
сыр әл-Фарабидің 1100 жылдығына араналған үлкен халықаралық 
ғылыми  конференция  «Мәскеу-Алматы-Бағдад»  қалаларында 
болып  өтті.  Сөйтіп  Алматы  аз  уақыттың  ішінде  әл-Фараби 
мұраларын зерттеудің ғылыми беделі мен ұйымдастырушылық 
қабілеті  тек  Қазақстанда  емес,  шетел  ғалымдары  арасында  да 
кеңінен  танымал  болды.  1975  жылы  Мәскеу  қаласында  белгілі 
шығыстанушы ғалым Б.Г. Ғафуров пен А.Х. Қасымжановтың орыс 
тілінде  шыққан  «Әл-Фараби  мәдениет  тарихында»  атты  кітабы 
араб-мұсылман философиясымен шұғылданушы ғалымдар ара-
сында, еліміздің руханиятында үлкен бір айтулы оқиға болды.

Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
242
1974  жылы  философия  ғылымдарының  докторы,  про-
фессор  Ж.М.  Әбділдин  Қазақ  КСР  ҒА  Философия  және  құқық 
институтының  директоры  болып  тағайындалды.  Философия 
әлемінде  үлкен  қызығушылық  танытқан  Ж.М.  Әбділдин  мен 
Ә.Н.  Нысанбаевтың  «Диалектико-логические  принципы  по-
строения  теории»  атты  көлемді  монографиясы  үшін  Ш.Ш. 
Уәлиханов  атындағы  қоғамдық  және  географиялық  ғылымдар 
саласындағы  бірінші  академиялық  сыйлықпен  марапатталды. 
1975–1976 жылдары әл-Фарабидің «Логикалық трактаттары» мен 
«Математикалық трактаттары» (аудармашылар – К. Сағындықов, 
Г. Жанғалин, М. Ишмухамедов) аударылып, жарияланды.
Авторлар  ұжымы  Ж.М.  Әбділдин,  Ә.Н.  Нысанбаев,  Т.Х. 
Рысқалиев,  Н.К.  Мұқитанов  және  басқалар  дайындаған  «Роль 
принципа конкретности в современной науке» атты кітап жарық 
көрді.  «Принцип  противоречия  в  современной  науке»  –  атты 
ұжымдық монография жарық көрді. Авторлары – Ж.М. Әбділдин, 
Ә.Н. Нысанбаев, М.И. Баканидзе, М.С. Сәбитов және т. б. болды.
Д.К. Кішібеков, Ғ.Ғ. Ақмамбетов, А. Қасабеков сынды ғалымдар 
қазақ  қоғамының  көшпелі  дәуірінің  ерекшеліктерін  айқындап, 
қоғамдағы  адамгершілік  ұстындарының  маңыздылығын  эти-
ка  философиясы  тұрғысынан  әлеуметтік-философиялық 
бағамдаумен айналысқан еді.
1977  жылы  КСРО  ғалымдары  мен  шетелдік  қонақтар 
қатынасқан  диалектикалық  логика  және  ғылым  философиясы 
бойынша  II  Бүкілодақтық  симпозиум  өткізілді.  1978–1980  Ж.М. 
Әбділдин  мен  А.С.  Балғымбаевтың  «Диалектика  активности 
субъекта в научном познании» атты кітабы шықты. «Соотноше-
ние формального и содержательного в научном познании» атты 
(Ж.М. Әбділдин, Ә.Н. Нысанбаев, М.С. Орынбеков, А.А. Хамидов 
және т. б.) ұжымдық монография жарық көрді [2, 188 б. ]. Автор-
лар  ұжымына:  Ж.М.  Әбділдинге  –  жоба  жетекшісі,  М.И.  Бака-
нидзеге, А.А. Ивакинге, Л.К. Науменкоға, Ә.Н. Нысанбаевқа және 
М.С.  Сәбитовке  «Исследование  основных  принципов  материа-
листической  диалектики  и  их  роли  в  научном  познании»  атты 
көлемді монографиялық топтамасы үшін (1967–1982 жж.) ғылым 
мен  техника  саласындағы  ҚазКСР-ның  Мемлекеттік  сыйлығы 
берілді. 
1985 жылы Философия және құқық институтының директо-
ры  болып  Қазақ  КСР  ҒА  академигі,  заң  ғылымдарының  докто-

243 
III тарау. Қазақстандағы кәсіби философияның 
қалыптасуы мен дамуы
ры,  профессор  М.Т.  Баймаханов  тағайындалды.  Сол  жылдары 
М.М. Сужиковтың «Вымыслы и действительность» атты жұмысы 
жарық көрді. «Диалектическая логика» (1985–1987 жж.) атты төрт 
томдық  ұжымдық  монография  дайындалып,  баспадан  шықты. 
(Авторлар  ұжымы  –  Ж.М.  Әбділдин,  Ә.Н.  Нысанбаев,  М.И.  Ба-
канидзе,  А.А.  Хамидов,  Р.Қ.  Қадыржанов,  А.Г.  Косиченко,  М.С. 
Орынбеков, Қ.Ә. Әбішев, Г.Г. Соловьева, І.Е. Ерғалиев, С.Ю. Кол-
чигин, А.А. Ивакин, Н.К. Мұқитанов және тағы басқалар). 
«Әл-Фарабидің  тарихи-философиялық  трактаттары»  (ау-
дармашылар  –  К.Х.  Тәжікова,  Н.  Караев)  аударылып,  баспадан 
шықты. «Методологические проблемы развития научного позна-
ния» (Ж.М. Әбділдин, С.Ю. Колчигин, М.С. Сәбитов, Ә.Н. Нысан-
баев  және  басқалар)  атты  ұжымдық  монография  жарық  көрді. 
«Диалектика и этика» атты кітап шықты. Авторлар ұжымы – А.А. 
Хамидов, А.Б. Қапышев, Ғ.Ғ. Ақмамбетов, Л.М. Вайсберг, Г.С. Ба-
тищев, Н.Ж. Жәнділдин және т. б. 
1986–1987  жылдары  «Современные  методологические  про-
блемы теории относительности и гравитации» атты кітап басы-
лып шықты. Авторлар ұжымы – Ә.Н. Нысанбаев, А.Г. Косичен-
ко және т. б. «Философско-методологические проблемы науки» 
атты  ұжымдық  монографиясы  жарық  көрді.  Авторлар  ұжымы 
– Ә.Н. Нысанбаев, А.Г. Косиченко, Л.М. Чечин, Р.Қ. Қадыржанов 
және т. б. 
Сол  жылдары  Әл-Фарабидің  «Жаратылыстанулық  трактат-
тары» басылып шықты. Қ.Ш. Нұрланованың «Эстетика художе-
ственной культуры казахского народа» атты кітабы жарық көрді. 
«Философия.  Мировоззрение.  Практика»  ұжымдық  моногра-
фиясы жарыққа шықты. Авторлар ұжымы – А.А. Хамидов, А.Б. 
Қапышев, Д.К. Кішібеков, С.Ю. Колчигин, М.С. Әженов, А.Г. Ко-
сиченко, Ә.Н. Нысанбаев, Г.Г. Соловьева. 
 1988–1989 ҚазКСР ҒА Философия және құқық институтының 
құрамында  ұлттық  және  ұлтаралық  қатынастарды  зерттеу 
Орталығы  құрылды.  Жетекшісі  –  философия  ғылымдарының 
докторы,  профессор  М.М.  Сужиков  болды.  Орталықта  –  А.К. 
Арғымбаев, А.К. Котов, Ғ. Есім, Г.В. Малинин, С.Е. Нұрмұратов, 
З.Н.    Сәрсенбаева,  И.П.  Хан,  Б.Х.    Хасанов  және  т.  б.  мамандар 
жұмыс  істеді.  «Методологические  проблемы  взаимодействия 
наук  при  изучении  земли»  атты  тақырыпта  институтаралық 
конференция  өткізілді.  М.М.  Сужиков  пен  Ғ.С.  Сапарғалиевтің 

Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
244
«Некоторые  философско-правовые  проблемы  совершенствова-
ния культуры межнациональных отношений» атты еңбегі жарық 
көрді.
«Диалектика  свободы  как  творчества»  атты  кітап  жарық 
көрді. Авторлар ұжымы – Ж.М. Әбділдин, Р.Ж. Әбділдина, Н.К. 
Сейтахметов, А.Б. Қапышев. «Я и общество» атты кітап жарыққа 
шықты, құрастырушылар – Ғ.Ғ. Ақмамбетов, А.А. Хамидов. 1990 
жылы диалектикалық логика бойынша III Бүкілодақтық симпо-
зиум өткізілді (Алматы қ.). Г.Г. Соловьеваның «Негативная диа-
лектика. Два образа критической теории Т.В. Адорно» атты мо-
нографиясы жарық көрді. Ж.М. Әбділдин, Ә.Н. Нысанбаев, М.С. 
Сәбитов,  А.Г.  Косиченко,  Р.Қ.  Қадыржанов  және  т.  б.  авторлар 
ұжымының: «Логико-гносеологический анализ науки», «Генезис 
категориального аппарата науки» және «Математизация науки: 
социокультурные  и  методологические  проблемы»  кітаптары 
орыс тілінде басылып шықты. 
ҚазКСР  ҰҒА  корреспондент-мүшесі,  философия  ғылымда-
рының докторы, профессор Ә.Н. Нысанбаев 1990 жылы 17 мамыр 
айында Ұлттық Ғылым академиясына қарасты Философия және 
құқық  институтының  директоры  болып  баламалық  негізде  үш 
үміткер ішінен сайланды. Академик Ә.Н. Нысанбаев Институтты 
21 жылдай (1990–2011 жж.) басқарды, өте күрделі тоталитаризм-
нен  демократияға  өтудегі  өтпелі  кезеңде  ол  үлкен  білгірлікпен 
Институтты жақсы басқарды. 
Қазақстан  ғалымдары  өздерінің  қарқынды  зерттеулерінің 
нәтижелері туралы мағлұматтарды барлық деңгейдегі: әлемдік, 
халықаралық, одақтық, республикалық ғылыми конгрестерде ба-
яндап  отырды.  Біліктіліктің  арқасында  Алматы  ғылым  филосо-
фиясы және диалектикалық логика мектептерінің беделі орныға 
бастайды.
Догматизм  рухын  сіңірген,  жұпынылығы  белгілі  және 
қарадүрсін жалған философиялық жазбалардың ресми идеологи-
ясы шығармашылық сыни ойлау ұстындарының дамуын қолдады 
деп айтуға болмайды. Кез келген дербес еркін ой бастауларын жо-
ятын тоталитарлық қоғам жағдайында, өз жүйесінен шегінбейтін, 
диалектикалық сыншылдық, болашақ демократиялық, азаматтық 
қоғамның  қалыптасу  үдерісінде  сонша  керек  болатын  ойлау 
жүйесін  зерттеу  бағдарламасын  жүзеге  асыру  үшін,  үлкен  ішкі 
күш, табандылық, азаматтық ерлік керек болды.

245 
III тарау. Қазақстандағы кәсіби философияның 
қалыптасуы мен дамуы
Қазақстан  ғылым  философиясы  кәсіби  мектебінің  алғашқы 
өскіндері сол кездегі үйлесімді ырыққа көнбейтін саяси-әлеуметтік 
негіздерге  өзіндік  қарсы  да  тұра  білді.  Социализм  туындатқан 
қиындықтардан  абыроймен  шыға  да  білді.  Сталиндік  режим 
жылдарында  философия  КСРО-да  барлық  жаңашылдыққа, 
әдеттен тыс нәрселерге, еркіндікке қатал шек қойды, догмалық, 
тоқыраған,  қатып  қалған  ресми  ілімге  айналып  үлгірді.  Билік 
партиясының  идеологиясына  айналған  Карл  Маркс  филосо-
фиясы  көбінесе  және  өзінің  мәнділігінде  кесіп  пішілген  болды 
және «марксизм» – схоластикалық догмалар, ұрандар, мәтіннен 
жұлып  алынған  төл  сөздерден  тұрды.  Нәтижесінде  әлеуметтік 
және  ғылыми  ойда,  қоғам  өмірінде  немқұрайлылық  орнады. 
Өкінішке орай социалистік өмір салтында тұрмыстағы нигилизм 
өрбіп, маскүнемдік кейбір ортада үйреншікті әдетке айналады. 
Осындай психологиялық жағдай ғалымға да әсерін тигізді.
Диалектикалық логика барынша терең, кең, реалистік ойларға 
қозғау болды. Барлық қазыналық, немқұрайлылық, трафареттік 
мағынадағы кестені алматылық философ – жаңашылдар өздерінің 
санасына,  дүниетанымына  қабылдамады.  Өз  кезегінде  оларға 
кейбір  бақталастар  үлкен  сенімсіздікпен  және  терең  күдікпен 
қарады. Өкінішке орай, қастандық ойлаушылар орталыққа құпия 
хабарлар жазды, оларға сол тарихи дәуірдің қатерлі ді әділетсіз 
айыптаулары: идеалистер, гегелшілдер деген айдарлар таңылып, 
социализтік мәдениет алдындағы «кінәсін» бетке басады. Дәлелі 
жоқ сынға, кімнің жазғаны белгісіз (анонимка) қол қойылмаған 
хаттарға,  әртүрлі  деңгейдегі  партия  комитеттерінің  «кілемге» 
шақырғандарына  қарамай,  демократиялық  ойдың  мектебі,  тек 
енді белгі бере бастаған, болашақтың ақиқатына құқын білдіріп, 
дамуын жалғастыра берді.
Қазақстанның  жаңашыл-философтарына  сол  кездегі 
Қазақстан  басшысы  Дінмұхаммед  Ахметұлы  Қонаев,  көрнекті 
кеңестік философтар: КСРО ҒА академигі Б.М. Кедров, КСРО ҒА 
корреспондент – мүшесі П.В. Копнин, профессорлар Е.П. Ситков-
ский,  Э.В.  Ильенков  және  тағы  басқалар  шынайы  қолдауларын 
көрсетті.
Алматы  барлық  ізденушілер,  талаптылар,  ойшылдар  мен 
табандылар  үшін  бірте-бірте  бүкіл  одақтың  ғылым  филосо-
фиясын  және  диалектикалық  ойлау  теориясын  қалыптастыру 
орталығына айналды. Соңынан қомақты монографиялар жарық 

Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
246
көрген диалектикалық логика және ғылым философиясы бойын-
ша бүкілодақтық үш симпозиум (1968, 1977, 1990) – жақын шетел 
болып  саналатын  Мәскеу,  Киев,  Ленинград,  Тбилиси,  Ташкент, 
Рига  және  басқа  қалалардан  көрнекті  ғалымдар  Алматыға  жи-
налды.
Алматы  сол  жылдарда  көтермелемей-ақ  айтқанның  өзінде 
сыни  ойлау  шығармашылығы  символы  ретінде  қабылданды. 
Алматылық философиялық мектеп аясында тек тоталитаризмнің 
теориялық ұстындары жоққа шығарылып және диалектикалық 
плюралистік  ойлау  негіздері  ғана  жете  зерттеліп  қоймай,  со-
нымен  қатар  жаңа  дәуірде  өмір  сүріп,  әрекет  жасайтындардың 
азаматтық  қасиеттері  шыңдалды.  Ғылым  тарихы  және  фило-
софиясы  саласында  алғашқы  буын  белсенді  қызмет  атқарған 
жылдардағы  еліміздегі  философиялық  ғылымның  қалыптасуы 
көріністері осындай еді.
Қазақстандық философия дамуындағы дербес бағыт ретіндегі 
еліміздегі тарихи-философиялық процестерді зерттеу философия 
дамуымен бірге қалыптасты, бірақ елдегі жалпы философиялық 
зерттеулер  ұзақтығымен  уақыттық  көрсеткіштері  бойынша 
сәйкес  келе  бермейтін,  оның  тарихы  бар.  Тұтас  философиялық 
зерттеулер  тарихымен  салыстырғанда,  ол  соншама  ұзақ  емес 
деп айтуға болады, өйткені қазақстандық философияның өзіндік 
дамуына  қарағанда,  философия  тарихының  дербес  ғылыми 
дәрежеге ие болуы кейінірек жүзеге асты.
Қазақстандағы  кәсіби  философия  ғылымының  дамуы 
бастапқыда,  маркстік-лениндік  философия  ауқымында  жүріп 
отырды  және  тек  оның  мұқтаждықтарымен  анықталды,  себебі 
ол  кезде  қалай  көрінгендей,  бірден-бір  дұрыс  және  шынайы 
дүниетанымның  өзегі  ретінде  түсінілген,  тек  маркстік-лениндік 
философияны  қоғамдық  санаға  енгізуді  дәйекті  жүргізілген 
идеологиялық  қысым  міндеттеп  отырды.  Сондықтан  тарихи-
философиялық  зерттеулер,  тіпті  философия  тарихының  өзі 
маркстік-лениндік  философияның  алғы  тарихы,  оның  пайда 
болуы  мен  дамуының  дайындығы  ретіндегі  негізімен  түсінілді. 
Онда  ең  маңызды  болып  алдымен  оның  өзінің  идеялары  кейін 
маркстік-лениндік  философияның  қайнары  сапасында  негізінен 
түсіндірілген классикалық неміс философия, философияның иде-
ялары, тек солардан кейін болашақ «жалғыз дұрыс философияға» 
жеткізетін және жақындататын, көктен шыққан бүршіктерді олар-
дан көруге болатын, барлық басқа философиялық ілімдер алынды.

247 
III тарау. Қазақстандағы кәсіби философияның 
қалыптасуы мен дамуы
Маркстік-лениндік  философияның  әртүрлі  қырларда  ал-
дын  алатын,  классикалық  неміс  философиясы  өкілдерінің 
көзқарастарын  зерттеуге  тарихи-философиялық  ізденістердің 
көптеген беттері арналды. Осында негізгі көңіл сол немесе басқа 
ойшыл әлде философиялық жүйе негізінде жатқан тұғырнаманын 
материалистік  немесе  идеалистік  екендігін  дәлелдеуге  бірінші 
қатарда  назар  аударылды  және,  екіншіден,  оның  көмегімен 
шындықты, тарихи процесті, ойлауды зерттеу жүзеге асырыла-
тын диалектикалық әдіске ерекше мән берілді.
Философия  тарихы  партиялық  және  таптық  ұстындар 
тұрғысынан  идеологиялық  жағынан  көрсетілгендіктен,  тарихи-
философиялық  зерттеулер  үшін,  тіпті  ол  шындықта  өзін  анық 
іздерін  байқатпаса  да,  материализм  мен  идеализмнің  күресі 
оның бүкіл көріністерімен өзгешеліктерінде сипатты болды. Сол 
арқылы  философия  тарихы  диалектиканы  мойындауға  басын 
иетін және сондай ұнатпаушылықпен метафизиканы сынайтын, 
әдіснамалық ұстанымдарды міндеттеуі түрде қосып алатын, ма-
териализм мен идеализмнің текетіресі ғана онда болатын, руха-
ни мәдениет құбылыстарын кемістікті және біршама қара-дүрсін 
сүреттей отырып, анық шектелді. Бүгін философияны зерттеумен 
айналысатын әркім, еш қиындықсыз-ақ ең басынан идеологиялық 
дайын  үлгілерден  зардап  шеккен,  түрлі  және  қайталанбайтын 
ойшылдардың  тарихи-философиялық  көзқарастарының  бүкіл 
байлығы,  көпқырлығы  және  ерекшеліктері  партиялық  және 
таптық  ұстандармен  өшірілетін,  кеңестік  кезеңдегі  тарихи-
философиялық  ғылымда  қаншама  өңі  кеткен  жұмыстардың 
көп  болғандығында,  көзін  жеткізе  алады.  Философиялық-
әдіснамалық  және  философиялық-дүниетанымдық  зерттеулер 
таптық ұстыннан біршама бөлек болатын.
Құнарлы идеяларға толы, көп келбетті тарихи-философиялық 
процесс,  олардың  тартысы  ешқашан  бұл  процестің  көптүсті 
бояу  тақтайшасын  татырмайтын,  екеуі  де  бірдей  ажары  кет-
кен  және  кемістікті,  оыс  қос  тұғырнамаларға  келіп  тірелді. 
Сондықтан  тарихи-философиялық  процесте  көптеген  төлтұма 
және  қызығарлық  философтар,  мектептер  «жоғалып  кетті», 
ұмытылды.  Маркстік  үлгімен  құрастырылған,  дәстүрлі  кеңестік 
ғылым, философия тарихы үшін белгілі бр, алдын ала қиылған 
тарихи-философиялық  бағыттар,  ағымдар  және  олардың 
өкілдері  бар  болды.  Философия  тарихындағы,  әсіресе,  мәселе 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет