Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты



Pdf көрінісі
бет30/42
Дата23.02.2020
өлшемі2,34 Mb.
#58900
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   42
Байланысты:
1044, Әдеб. мәтіндер, бак, бак

Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
276
екендігін жақсы білді; жаһандық нтегративті жүйелерді бұл әдісті 
қолдану  орынды.  Сондықтан  да  Қазақстан  философтары  келе-
шекте  жаһандық  теориялық  синтездің  міндеттерін  алға  қойып, 
шешу  керек,  себебі  таным  жаңа  білімнің  қалыптасуына  ықпал 
ететін синтездердің негізінде жүзеге асады. 
Әбдімәлік Нысанбаевтың пікірінше, көп жағдайда синтез ба-
рысында, объектінің қарапайым құрамдас бөліктері өмір сүрудің 
заңдылықтарын  қана  емес,  келешегі  мен  дамуын  анықтамайды 
[14].  Ең  маңыздысы,  талдау  мен  синтездің  мәні  бөлшектеу  мен 
біріктіру ғана болып табылмайды. Қазақстандық философтардың 
айқындағанындай: кез-келген жүйедегі ең бастысы – оның өзегі, 
маңызы, басқарушы қағидасы. 
Сонымен, ең үздік әдіснама – бірлікке келу. Шынымен де ол 
болмаса, білім жүйесі де, теория да, әлем бейнесі де, дүниетаным 
да, дүниетүсінік те жоқ. Кездейсоқ, жекеленген, бейберекет ретсіз 
білім  бар,  олардың  сондықтан  да  құны  жоқ.  Бұдан  шығаратын 
түйін,  ғылым  мен  танымды  тұтас  алатын  болсақ,  соның 
ішінде,  адамды  және  оның  болмысының  архитектоникасы  мен 
заңдылығының  зерттеу  ғылым  мен  білімнің  интеграциясындағы 
үздік әдіснама болып табылады.
Адам – көпдеңгейлі және көпқырлы, әмбебап жаратылыс иесі 
болып  табылады.  Сәйкесінше,  таным  да  көпқырлы  болу  керек: 
ол адамды жан-жақты дамытуды қамтамасыз етуге бағытталған. 
Танымның  шынайы  және  нәтижелі  үдерісі  барысында  адамның 
жан-жақты  шығармашылығы  көрініс  табады.  Мұнда  таным  па-
раллель  және  қиылысқан  қатармен,  бір-бірін  жапқан  толқын 
түрінде  болады.  Олардың  арасында  –  философия,  математика, 
музыка, яғни таңбалық-рәміздік, көркем образды ұғымдық фор-
малар бар. Бұлардың барлығының негізінен мәнісі бір – адамзат 
ойы мен іс-әрекетінің жалпыға ортақ әмбебап сипатының көрінісі. 
Алайда,  Қазақстан  философиясының  кешегісіне  көз 
жүгіртейік.  Диалектикалық  логиканың  қағидалары  өзінің  ары 
қарайғы  дамуын  1973  жылы  жарық  көрген  Ж.М.  Әбділдин 
мен  Ә.Н.  Нысанбаевтың  «Теорияны  құрудағы  диалектикалық-
логикалық  ұстанымдары»  атты  белгілі  іргелі  монографиясынан 
алады [15].
Зат  жайлы  білімді  жүзеге  асыратын  логикалық  ойлаудың 
неғұрлым  күрделі  әрі  дамыған  формасы  теория  болып  табыла-

277 
III тарау. Қазақстандағы кәсіби философияның 
қалыптасуы мен дамуы
ды. Сондықтан да оны зерттеу қазақстандық философтардың кең 
ауқымды ұжымдық жұмысындағы жоғарғы маңызға ие болды. 
Авторлардың пайымдауынша, ғылыми теория адамзат білімі 
жүйесіндегі  ерекше  орынға  ие.  Ол  өзінің  танымдық  функциясы 
бойынша  ғылым  ойдың  жүйелі  дамуындағы  неғұрлым  барабар 
форма болып келеді: ғылым теорияға негізделген. 
 Логикалық форманың барлық жиынтығының ішінен ғылыми 
теория ең кемел және синтетикалық болып келеді. Ж. Әбділдин 
мен  Ә.  Нысанбаевтың  зерттеу  жұмысы  барысында  теоряны 
талдаудың формалды қырларына аса мән берілді; ғылыми теори-
яны құрудың формалды өлшемдері мен техникасы, әсіресе, оның 
гипотетикалық-дедуктивтік  қыры  зерттелді.  Алайда,  ғылыми 
фактілерді  осылайша  қарастыру  әдісі  ғылыми  білімнің  даму 
және толығуының, қызмет етуінің нақты үдерісін барабар көрсете 
алмайды.  Сондықтан  да,  ғылыми  білімнің  қалыптасуының, 
құрылуының  және  қызмет  етуінің  заңдылықтарын  кеңінен  ашу 
қажеттілігі туындады: оны өлшеу жүйесі ретінде таным логикасы 
мен теориясы ретінде ұғынылатын диалектика болу керек. 
Авторлар,  мәселені  қарастырудың  тарихи  және  логикалық 
аспектілерін  байланыстырып,  қарама-қайшылық  қағидасы, 
жүйенің бастауын анықтау, нақтылық қағидасы, абстрактіліктен 
нақтылыққа  өрлеу  әдісі  сияқты  маңызды  қағидаларды  талдау 
барысында қолдануға мүмкіндік алды. Мұндай әдістің нәтижелі 
болуы,  бір  жағынан,  диалектика  категориясының  логикалық-
гносеологиялық функциясын нақты сипаттауға, екінші жағынан, 
теориялық білімнің пайда болуының болмысы мен механизмдерін 
ашуға мүмкін болуымен дәлелденеді.
Бұл  жерде  атап  өтетін  маңызды  жәйт:  адамзат  қоғамының 
дамуындағы  рулық  тәжірибені  логика  жүйесіне  қоспайынша 
теориялық  білімнің  пайда  болу  мәселесін  шешу  мүмкін  емес. 
Сондықтан да, Әбділдин мен Нысанбаевтың кітабында теория – ол 
нақты  біртұтастықтың  рухани  жаңғыруы  болып  табылады,  оның 
негізі ретінде қоғамдық адамның ішкі біртұтас заттық әрекеті қызмет 
етеді. Бұл қағида теорияны атомарлы, бір-бірімен байланысы жоқ, 
о бастан бытыраңқы фактілердің жиынтығы ретінде ұсынылатын 
ғылымның позитивистік тұжырымдамаларын зерттеудің бастауы 
мен оны толық сынға алудың негізі болып табылады 
Сонымен  диалектикалық  логика  қағидалары  диалектиканы 
теориялық білімнің күрделі және біртұтас жүйесі ретінде құруды 

Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
278
көздеді  (әлеуметтік-тәжірибелік  жетекшілікпен  қызмет  етуге 
бағытталған).
Кез-келген жалпы теория ғылымда неден басталу керек, оның 
негізі мен бастауы не болу қажет?
Бұл  мәселе  ғылым  үшін  маңызды  болып  табылады:  егер 
ол  өзінің  зерттегелі  отырған  құбылыстарының  бастауын  алға 
қоймаса,  онда  ол  теориялық  жүйе  болуға,  яғни  нақты  біртұтас, 
нағыз  білім  ошағы  болуға  әлі  даяр  емес.  Міне  осы  себептен  де, 
1967 жылы жарық көрген Ж. Әбділдин еңбегінде бастау, ғылыми-
теориялық танымның алғашқы негізі мәселесін зерттеу және оның 
нәтижелерін көрсету аса маңызды болды [16].
Сондықтан  да,  диалектика  теориясында  бастау  ой  ретінде 
емес  (абстракция,  мысалы,  ерекше  және  жекелікті  туындататын 
гегельдік  ұғым),  тікелей,  неғұрлым  жалпыға  ортақ,  қарапайым 
нақтылық  және  аталмыш  нақты  жүйенің  қарапайым  болмысы 
ретінде болады. 
Осы  жерден  ой  жүйесіндегі  абстрактіліктен  нақтылыққа 
қарай  өрлеу  әдісі  туындайды.  Мұндағы  мәселе,  танылып  отырған 
шынайылықты  зерттеу  жолы  танымның  алғашқы  сатысынан 
кейін абстрактілі, толық дами қоймаған ментальді анықтылықтан 
бастап қорытынды сатысына дейін жүруден тұрады, ол арқылы 
таным пәні толығымен, тұтастай, нақты ашыла түседі (көптүрлі 
анықтамалардың  бірлігі).  Теориялық  нақтылық  таным  шыңы 
ретінде оны ұғынудың біртұтас және ішкі бөлшектері болып та-
былады. 
3.2.3 Диалектикалық логика категориялар жүйесі ретінде
Диалектикалық-логикалық  идеялар  кабинеттегі  жұмыс  ба-
рысында  емес,  түрлі  пікіралмасулар,  әдіснамалық  семинарлар, 
конференциялар  мен  «философиялық  бейсенбі»,  кандидаттық 
және  докторлық  диссертацияларды  талқылау  мен  қорғау  бары-
сында туындады. Пікіралмасулар Қазақ КСР Ғылым Академиясы-
на қарасты Философия және құқық институтының қабырғасында 
болып  тұрды,  Оның  үстіне,  Алматыда  диалектикалық  логи-
ка  бойынша  үш  бүкілодақтық  симпозиум  өтті.  Осы  орайда 
«Диалектикалық логика» атты төрт томдық жобаны жүргізуге тек 
қазақстандықтар ғана емес, Геннадий Васильевич Лобастов, Сер-
гей Николаевич Мареев сияқты философтары қатысты. 

279 
III тарау. Қазақстандағы кәсіби философияның 
қалыптасуы мен дамуы
Қазақстандық дилектиктер түрлі Бүкіләлемдік философиялық 
конгрестерге  қатысып,  терең  пікірлерімен  алмасып  отыр-
ды.  Солардың  бірі,  Жабайхан  Әбділдин  мен  Карл  Поппердің 
арасындағы  диалектикалық  қарама-қайшылықтар  мәселесі  бой-
ынша  пікіралмасуды  атауға  болады.  «Сіз  социализм  аясындағы 
қарама-қайшылықты  мойындайсыз  ба?»  деп  Поппер  сұрақты 
төтесінен бірақ қойды. Әбділдин болса, батыл әрі шынайы жау-
ап қатты: социализмге, кез-келген даму үстіндегі қоғамға сияқты 
қарама-қайшылықтар  тән,  тек  ресми  идеямен  көзін  соқырлаған 
адам ғана теориялық ақиқатты жоққа шығарады [17].
Талқылаулар,  пікіралмасулар  және  олар  жайлы  пайымдар 
жаңа  кітаптарға,  фундаменталды  еңбектерге  айналып  отырды. 
Диалектикалық логиканың негізгі қағидаларымен қатар, жалпыға 
ортақ  әмбебап  ұғымдар,  яғни  философиялық  категориялардың 
мазмұны мен дәрежесін егжей-тегжейлі, жан-жақты зерттеу қажет. 
Сондықтан  да,  болмыс  пен  ой  тепе-теңдігін  мұқият  және 
жинақы  ұғыу  қажет.  Осындай  жинақы  формадағы  қағиданың 
мәні ой мен болмысты бір-біріне қарсы қойып, оларды ажыратуға 
болмайтындығында.  Адамның  санасы  өздігінен  пайда  болмай-
ды, туа біткен қасиет сынды табиғаттан дариды. Ары қарай бұл 
қасиетті  дамытып,  оны  жүйелі  ойға  және  логикаға  сүйенуге 
бейімдеу керек; алайда сана – бұл иемденген қасиет ғана емес, ол 
объективті.  Олай  болса,  ол  субъективті  және  әмбебаптылықтан 
жоғары  тұартын  сипаттама  (сананың  жоғарыдағы  катеогори-
ялар  яғни,  жалпыға  ортақ  анықтамалар  арқылы  ойлау  сияқты 
қасиеттерін  есепке  ала  отырып).  Басқаша  айтатын  болсақ,  кез-
келген  пәннің  логикасымен  жүру  қасиеті  адамға  адам  арқылы 
емес, әлем, табиғат арқылы беріледі. 
КСРО-дағы  диалектикалық  логиканың  атасы  саналатындар-
дың  бірі  Э.В.  Ильенков  Спинозадан  кейін,  ой  материалды 
болмыстың ажырамас бөлшегі екендігін және материяның ойсыз 
мүмкін  еместігін  алға  тартты.  Сонымен  қатар,  жоғарғы  ойдың 
универсумның сезімтал қабатынсыз мүмкін еместігін баса айтып, 
былай  деп  жазды:  «Ары  қарай  «жоғарыға»  ұмтылған  жол  жоқ. 
<…>  Дүниенің  дамуының  абсолютті  жоғары  формасы  ретінде 
ойды мойындау философияның барлық жүйесіне бірдей келеді» 
[18]. Бұл пікір өз уақытында мүмкін болды. 
Әлемді  біртұтас  дүние  ретінде  сипаттай  отырып,  біз  оны 
тек өзара байланысқан және өзара сіңіскен заңдылықтар жүйесі 

Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
280
ретінде ғана көреміз. Алайда біз бір жағынан, болмыс ерекшелігін, 
екінші жағынан, сан мен ойдың ерекшелігін байқаймыз. Осыдан, 
болмыс пен ой немен байланысқан; олардың арасындағы жанама 
түйін не болып табылатындығын анықтауға қатысты сұрақтар ту-
ындайды. Осылайша, диалектикалық логиканың бойынан адам-
ды оның табиғи болмысынан бөліп қарастыруға және адам мен 
әлемді біріктіруге мүмкіндік беретін адамның пәндік-тәжірибелік, 
практикалық қызметі байқалады. 
Диалектика  категорияларын  жүйелеу  мәселесі  белгілі  бір 
материалдың қарапайымдылығына, ыңғайлылығына, әдемілігіне 
және  т.  б.  қарай  орналасуы  жайлы  әдістемелік  мәселе  бо-
лып  табылмайды.  Ол  өзінің  рационалдылығына  қарай  ой-
лау  және  жалпы  логикалық  мәселеге,  танымның  тарихи  даму 
заңдылығы мәселесіне ұласады, мұнда кез-келген әдістеме неме-
се  формалды  ұғынған  әдіснамаға  қарамастан,  логикалық  фор-
ма  жүйелендіріледі.  Сәйкесінше,категорияларды  жүйелендіру 
мәселесін  көтеру  ойдан  шығару  дегенді  емес,  жүйелендірудің 
мазмұндық-диалектикалық субординацияға ие болуы үшін логи-
ка формасы мен ойлау категориясы жүйесін ашу дегенді білдіреді. 
Ғылымда  көбі  ойлау  стилінің  өзгеруімен  байланысты.  За-
манауи  ғылым  (ХХ  ғасырдың  60–80  жылдарындағы  кезеңін  қоса 
қарастырғанда)  өзінің  логикасы  мен  әдіснамасына  қарай  әр 
жаңалық  ашылған  сайын  өз  негізін  қайта  қарастыратын  алып 
жүйе  іспетті.  Ғылымның  осы  бір  қасиеті  үнемі  логиканың, 
дүниетанымның,  ойлау  әдіснамасының  шығармашылық  даму-
ын  талап  етеді.  Дәл  осы  себептен,  таным  тарихының,  заманауи 
мәдениеттің, әлеуметтік тәжірибенің мазмұнды және сыни синтезі 
болатын диалектика теориясын немесе үлкен әріптен басталатын 
Логиканы құру қажеттілігі туындады. 
Ол уақытқа дейін, қазақстандық философияда жеке категори-
ялар, қағидалар, олардың ғылымдағы қызметі біршама әзірленіп 
қойған  еді.  Бірақ  оларды  жинақтап  немесе  жәй  ғана  жіктеп  қою 
мүмкін емес еді; оның үстіне, кейбір гипотетикалық тұрғыдан да 
мүмкін болмады. Диалектика теориясы бойынша фундаменталды 
еңбектерді дайындау барысында тек қана интуицияға және шабытқа 
сүйену мүмкін емес – логикалық категориялардың субординаци-
ясын  берік  негізге  негіздеу  қажет.  Себебі  теория  біртұтастықтың 
жаңғыруы,  әртүрліліктің  бірлікке  және  өрлеуге  ұмтылуы,  сол 
бірліктің әртүрліліктегі бөлшектенуі болып табылады. 

281 
III тарау. Қазақстандағы кәсіби философияның 
қалыптасуы мен дамуы
Қазақстандық  философтар  келесіні  айқын  назарларын-
да  ұстады:  диалектика  теориясы  ғылыми  негізделген,  шынайы 
болу  қажет,  сондықтан  да,  оны  жүзеге  асыру  Гегельдің  «Ло-
гика  ғылымы»  сияқты  үлкен  еңбегін  жазудан  да  асып  түсетін 
қажырлы  еңбекті  қажет  етеді.  Диалектикалық  логика  категори-
ялары  жүйесін  құру  философия  тарихы  және  жалпы  мәдениет 
тарихының  тәжірибесін  ғана  емес,  сонымен  қоса,  адамзаттың 
қоғамдық-тарихи тәжірибелік заңдылықтарын, оның қызмет ету 
механизмдерін  де  жинақтауды  талап  етті.  Бұл  диалектиканың 
логикалық категориялары, ұғымдары мен қағидаларының нағыз 
субординациясының  мәнін  ашудың  кілті  болуы  керек  еді.  Сол 
себептен  де,  диалектика  теориясының  категорияларын  дедук-
циялау және шынайы негіздеу мақсатында ішкі байланыстарды 
және  ғылыми-техникалық  революцияның  логикасын  зерттейтін 
жұмыстар өзекті бола бастады. 
Диалектикалық логика – бұл негізінен, Адамның қалыптасу Ло-
гикасы. Материалдық қызметі барысында Адам тек затқа, табиғатқа 
қана  жатпайды,  сонымен  қатар,  оның  табиғатқа,  қоршаған 
шынайылығы сияқты қозғалып тұратын және тарихи болып келетін 
өзге адамдармен де белгілі бір қатынасқа, яғни қоғамдық қатынасқа 
түседі.  Пәндік  қызмет  пен  қоғамдық  қатынастар  ойдың,  тілдің 
және т. б. қалыптасуына қажет жағдайды жасайды. Сондықтан да 
диалектикалық логиканы адамның шығармашылық, адамгершілік 
логикасы, философиясы деуге болады. 
Категориялар  жүйесі  ретінде  диалектикалық  логиканың 
жалпы құрылымы жайлы сөз қозғай келе, кез-келген таным кез-
келген  формалық  құрылымның  логикасы  сияқты  бастапқыда 
тікелей  болмыс  сатысынан  өтетіндігі  сияқты  ақиқатты  ұғыну 
маңызды. Осы орайда, Л.К. Науменко «…Эмпирикалық – бұл тек 
шынайылықты білу дегенді ғана білдірмейді, ең маңыздысы оның 
болмысы,  сапасы,  мөлшері,  құрылымы,  өлшемі  категориялары 
арқылы көрініс табатын қырын білуді білдіреді» [13, 244 б].
Қарама-қайшылық  кез-келген  даму  үстіндегі  пәннің 
имманентті мәні болып табылады. Бұл әсіресе біз зерттеу пәнінің 
немесе құбылыстың қалыптасуын бақылау барысында байқалады. 
Бұл  жерде  пән  кейбір  шынайы  біртұтастықтың  құрамында 
өз мазмұны мен мәніне ие болады. Ол өзгеге айналып, өз мәнін 
табудың  формасы  ретінде  көрсетеді.  Мысалға,  ақша  ретінде 
алтынның мәні – бұл оның эмпирикалық айқындылық емес, тауар 

Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
282
қатынасы жүйесіндегі шынайы қызметі. Ой жайлы да осылай деуге 
болады. Ойдың мәнін тікелей мидың құрылымына редукциялауға 
болмайды  (біз  қанша  мидың  нейрондық  құрылымын  зерттесек 
те,  ол  жерден  бірде-бір  ойды  таба  алмайтындығымызды  айта-
ды  танымал  нейрофизиолог  Наталья  Бехтерева).  Алайда  ойды 
адамзаттың затты әрекетінің формасы ретінде ұғынуға болады. 
Осылайша, пәннің мәні, оның көрінісіндегі жалпы, формал-
ды ұқсастықтар емес, оны қалыптастырудың әдісі, даму үстіндегі 
біртұтастықтың ішіндегі орны. 
Қарама-қайшылық 
қағидасының, 
соның 
ішінде 
диалектикалық  логика  категориялары  жүйесінің  ішіндегі  күш-
қуат мән-мағына саласындағы категорияларға тікелей қатысы бар 
өзгеріс  формаларын  талдау  арқылы  көрсетіледі.  Дәл  осы  сала-
да тек теориялық-танымдық қана емес, сонымен қатар шынайы 
нақты  тарихи  драма,  көз  қылушылық  категориясын  бейнелейтін 
мән мен құбылыс арасындағы қақтығыс орын алады. 
А. Хамидовтың «Диалектикалық логика» кітабында даму ка-
тегориялары  бойынша  мазмұнды  зерттеулер  берілген  [19,  508 
б22,  мұнда  бірқатар  қиындықтар  туындап,  олардың  ішіндегі 
ең  маңыздысы  келесідей  көрсетілген.  Мәселе  диалектиканың 
көптеген категориялары жайлы болғанда, мәселенің тек сол тура-
лы екендігі айқын. Анығырақ айтсақ, диалектика сапа жайлы ілім 
ретінде сипатталмайды.
Даму  категориясына  келетін  болсақ,  бұл  жерде  жағдай 
басқаша: диалектика дәл осы даму теориясы сияқты анықталады. 
Егер бұлай болатын болса, онда барлық категориялар өздерінің 
жүйелі  түрінде  диалектика  теориясының  мазмұнын  білдіреді. 
Осы тұста, «даму» сияқты арнайы категория қажет пе? деген сұрақ 
туындайды.  Бір  жағынан,  егер  біз  диалектиканы  даму  теориясы 
ретінде анықтасақ, біз даму дегеніміз не екендігін білуіміз керек, 
дамуды категориялық форма яғни, диалектиканың ерекше катего-
риясы ретінде көрсетуіміз қажет. Өйткені бірде-бір категория өзге 
категориялар немесе олардың жиынтығы арқылы көрсетілмейді. 
Осылайша, даму теориясы даму категориясына барабар еместігі 
айқын бола бастайды. Сәйкесінше, бұл категорияның мазмұнын 
ашу міндеті кеңінен алдымызға қойылады. 
Қазақстандық  философтар  әзірлеген  диалектикалық  ло-
гика  жүйесіндегі  даму  категориясы  танылып  отырған  пәннің 
объективті  әмбебап-ортақ  яғни,  категориялы  анықтамасын  та-

283 
III тарау. Қазақстандағы кәсіби философияның 
қалыптасуы мен дамуы
бумен аяқталады. Бұл жерде объективті мазмұн бірінші орынға 
шығып,  ал  субъективті  форма  (бұл  да  өздігінше  объективті  бо-
лып  келеді)  көлеңкеде  қалып  қояды.  «Диалектикалық  логи-
ка» – «Таным формалары мен әдістері» атты ұжымдық еңбектің 
үшінші томы – оны көлеңкеден шығаруға бағытталған. Ал А. Ха-
мидов,  өз  еңбегіндегі  «Даму»  атты  тарауын  аяқтай  келе,  таным 
әдісі  мен  формасы  –  бұл  «Диалектикалық  логиканың»  алдыңғы 
томдарындағы  берілген  категориялы  формаларға  беймәлім, 
үстіртін  нәрсе  еместігін  ескеруді  назарға  салады.  «Спинозаның 
жүйесіндегі сияқты, аралық пен ойлау екі өзіндік субстанцияның 
мәні емес, бір ғана субстанцияның екі атрибуты ғана (яғни, екеуі де 
бір субстанция, тек бірде аралық ретінде, екіншісінде ой ретінде 
көрсетілген), бұл жерде де біз диалектикалық логиканың әр түрлі 
жүйесі  (біріншісі  –  алғашқы  екі  томда,  өзгесі  –  үшінші  томда) 
жайлы айтып отырғанымыз жоқ, екеуі де бір жүйе, тек екі түрлі 
көрсетілген» [20, 542 б].
3.2.4  Ақыл  мен  жан:  XX–XXI  ғасыр  аралығындағы 
диалектикалық логика
Қазақстанда категорияларды талдау мен оны жүйелендірумен 
қатар, нәтижесінде 2000 жылы екі томды ұжымдық монография 
болып жарық көрген диалектика тарихы бойынша жұмыстар да 
өз жалғасын тапты [20]. Сонымен қатар, Г. Г. Соловьеваның үлкен 
кезеңді  қалыптастырып  және  компаративистикалық  сипаттағы 
зерттеулерде,  жалпы  республиканың  диалектикалық-логикалық 
және  тарихи-философиялық  мәдениетінің  дамуында  үлкен  рөл 
атқарған батыс философиясы жайлы еңбегі жарық көрді [21]. 
КСРО  мен  әлем  бойынша  қазақстандық  диалектикалық  ло-
гика категорияларды жүйелі мазмұндаушы ретінде алғашқы әрі 
жалғыз еді. Оның философиялық танымның рационалды қырын 
ғана  емес,  қазақтың  дәстүрлі  және  классикалық  философиясын 
қоса  дамытуға  ат  салысқандығы  да  маңызды  болып  табылады. 
Біз осы аз зерттелген кезеңге тоқтала кетейік, себебі оның қазақ 
философиясының  өткен  тарихына  ғана  емес,  болашағына  да 
қатысы бар. 
Философияның  өзге  де  типтері  секілді,  қазақтың  дәстүрлі 
ойының да өзіндік ерекшеліктері болды. Ол әлемдік философиялық 
ой  аясында  болмыстың  адами  қарым-қатынасы  сияқты  қырын 

Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
284
терең  ұғынумен  дараланып,  оны  этикалық,  рухани-тәжірибелік, 
сакралды-адамгершіліктік  деп  атайды.  Мұнда  «идеалды»  ұғымы 
«антиматериалды» мағынасында емес, «таза формалардың» анти-
поды ретінде, кемелденген, этикалық, эстетикалық, онтоло-гиялық, 
психологиялық жалпы игілік ретінде қабылданды. 
Осындай  философияның  квинтэссенциясы  және  неғұрлым 
толық көрінісін қазақтың ұлы екі ойшылы арқылы тапты, олар: 
Абай  Құнанбаев  (1845–1904)  және  Шәкәрім  Құдайбердиев 
(1858–1931).  Бұл  ұлы  тұлғалардың  философиялық  және  көркем 
шығармасы  жайлы  көптеген  зерттеулер  жасалды.  Олардың 
философиясының басты аспектісіне қысқаша тоқталайық. 
Абай  идеясының  мәні  жоғары  адамгершілік  қағидаларды 
жүзеге  асыратын  нұрлы  ақыл  арқылы  берілген.  Абай  бойын-
ша  ақыл  мен  ерік  бірігіп,  жүрекке  бағыну  қажет.  Ол  өзінің  он 
жетінші  сөзінде  адамның  өз  бойындағы  адамгершілік  қасиетін 
жоғалтпау қажеттігін, Жаратушының бізді осы белгілер арқылы 
сынайтындығын  айтады.  Бұл  тек  жай  ғана  сөйлем  емес.  Адам 
бойындағы  рухани-адамгершілік  бастаудың  аса  маңызды  идея-
сы  Қазақстанның  барлық  философиялық  ойлары  арқылы  өтіп, 
мәдениеттің түрлі формасына айналады. 
Ал Шәкәрімге келетін болсақ, ол өз философиясының негізгі 
қағидасы  ретінде  арлы  ақылды  ұсынады,  бұл  Абайдың  нұрлы 
ақылына ұқсас ұғым. Ол ақылдың болуы рухани (адамгершіліктік 
және  әлеуметтік-этикалық)  іске  кепіл  бермейтіндігін  пайым-
дай  келе,  жанмен  салыстырғанда  ақылдың  ерекше  екендігін 
айқын  түсінеді.  Шәкәрім  бұл  қарама-қайшылықты  ескере  келе, 
ақылды  этикамен  толықтырып,  рухтандырып,  жан  бастауымен 
үйлестіруге  қадам  жасайды.  Шәкәрімнің  басты  міндеті  және 
идеялық  бағдарламасы  теориялық  та,  тәжірибелік  тұрғыдан 
да  ақыл  мен  жанды  үйлестіруге  тырысуы  болып  табылады. 
Біріншіден, ақыл мен сананың не екендігін, ал екінші жағынан, ар, 
жан мен рухтың не екендігін терең анықтап алу жөн.
Бұл Шәкәрімнің болашақтың ойшылдарына берген жоспар-
тапсырма екендігін асыра сілтеусіз айтуға болады 
Ондаған  жылдардан  кейін  Қазақстанда  институционалды 
философия  пайда  болып,  философиялық  зерттеу  бөлімшелері 
құрылды. Алпысыншы-тоқсаныншы жылдар аралығында көбіне 
ойлау, оның категориялары, ойлаудың логикалық құрылымының 

285 
III тарау. Қазақстандағы кәсіби философияның 
қалыптасуы мен дамуы
қалыптасуы сияқты мәселелер зерттелсе, негізінен осы жылдары 
Қазақстанда метатарихи деңгейде Абай мен Шәкәрім мұрасы да 
зерттелді.  Дәлірек  айтсақ,  Абай  мен  Шәкәрімнің  көтерген  ақыл 
мәселесі.
Қазақстанның  кәсіби  философтарының  зерттеулерінде 
рационалистік  бастаулар  басым  болды,  бірақ  бұл  кезеңде  адам 
болмысының рухани аспектілері де ұмыт қала қойған жоқ. Себебі 
диалектикалық  логика  стратегиялық  міндерттерге  бағдарланған 
еді:  адамзат  бауырмалдығы  қағидасына  негізделген  қоғам  құру 
және  жан-жақты,  біртұтас  адамды  тәрбиелеу.  «…Жан-жақты 
дамыған адам – ол тек бір қызметті, жалпыға ортақ әмбебап шарт-
тарды,  жалпыға  ортақ  адами  қабілеттерді  ғана  меңгеріп  қана 
қоймай, ең бастысы, өзіндік ойы бар, қайырымдылықты білетін, 
әсемдікті  сезінетін  адам»  деп  жазады  Ж.  Әбділдин  [22].  Осы 
кезеңде  ақыл  категориясы  ғана  емес,  диалектика  мен  этиканың 
қатынасын белсенді зерттеу кездейсоқ емес [23].
ХХ ғасырдың 60-80-ші жылдары жасалынған диалектикалық 
логика  бойынша  зерттеулер,  ары  қарайғы  қазақтың  дәстүрлі 
философиясын зерттеуге жол ашты деуге болады. Категориялар 
жүйесін  теориялық  құрусыз  мұндай  жұмысты  жүргізу  мүмкін 
емес  еді:  сол  арқылы  ғана  классикалық  қазақы  ой  төңірегінде 
пайымдауға жол ашылды. 
ХХІ ғасырдың басына таман Абай мен Шәкәрім көтерген ру-
ханият мәселесі пайымдала бастайды. 
2003 жылдың ақпан айында академик Жабайхан Мүбәрәкұлы 
Әбділдин 
қазақстандық 
философияның 
алдына 
жаңа 
міндеттерді  қойды.  Ғалымның  айтуынша,  бүгінде  «сезімділіктің 
жетіспеушілігі»  байқалып  отыр,  яғни  негізінде  адамгершілік 
жатқан  адамның  жоғары,  рухани  сезімдері  құлдырап  барады. 
Сондықтан  да,  Әбділдиіннің  айтуынша,  «сезімділік  теориясы» 
қажет, философтар оны дамыту мақсатында «жанды терең зерт-
теу» керек. Адамзаттың жаһандық қиын-қыстау заманында, осы 
дағдарыстан шығудың, құтылудың бірден-бір жолы адамгершілік 
болып табылатындықтан, бұл мәселе асқан өзектілікке ие болып 
отырғандығын баса айтады Ж. Әбділдин. Академиктің пікірінше, 
ой мәселесін зерттеу бұл тек адамгершіліктің тек бастапқы сатысы 
ғана, сәйкесінше ол өзіндік мақсатқа айналмау керек. «Таза зерде-
ге сын» атты еңбегі И. Кантқа тәжірибелі ақылды талдау мен пай-
ымдау қабілетіне деген бастапқы сатысы болса, заманауи фило-


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет