Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет177/571
Дата01.05.2022
өлшемі1,5 Mb.
#141614
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   571
Байланысты:
treatise187525
1-практика. Оқиғаларға амалдар қолдану. Комбинаторика элементтері.
167


ГЕНОТИП – органикалық жүйедегі барлық тұқымдық факторлардың жиынтығы, фенотипте көрінетін тұқымқуалаушылық белгілер. Мәдениет- тануда гомогендік және архетип ұғымдарына жақын мағынада қолданы- лады. Мифологиялық сананы талдаушы ғалымдар Г-тің ілкі дүниетанымда арғы ата-тек түсінігімен тығыз байланыстылығын атап өтеді. Арғы ата-тек туралы адамдардың ежелгі түсініктерінде тотемдік сенім-нанымдар басым- дық танытқан. Тотемизм Г. ретінде нақтылы бір киелі жануарды немесе таби- ғи құрылымды алумен байланысты. Мыс., түркілер өз тотемі деп Көкбөріні қабылдаған. Иудаистік-христиандық-исламдық дүниетанымда Г. символын- да Адам ата алынады. Жер шарындағы барлық адамдар бұл тұрғыдан Адам ата мен Хауа анадан өсіп өрбіген. Мәдениеттің гомогендігі оның бір этника- лық аяда қалыптасып, дәстүр сабақтастығының үзілмегендігін білдіреді. Мыс., қазақ мәдениеті көшпелі түркілік дәстүрдің архетиптерін ХХ ғ. басына дейін сақтап келген гомогенді құрылымға жатады.


ГЕНОФОНД – органикалық жүйелердегі әр түрлі тұқымдық жинақ- тың сапасы мен түрлік ерекшеліктерінің қосындысы. Мәдени Г. деп нақты- лы бір этностық немесе өркениеттің адамзаттың жалпы мәдени қазыналар қорына қосқан құндылықтарының жиынтығы, әлемдік мәдениеттердің көптүрлілігі мен өзіндік ерекшеліктерін атайды. Этномәдени Г. халықтың ғасырлар бойы жинақтап, сұрыптап, уақыт сынынан өткізген игіліктер жүйесін қамтиды. Бұл мәдени Г. тарихи сабақтастықта архетиптер ретінде ұрпақтан ұрпаққа беріліп отырады. Мәдени Г. халықтың шығарм. және жасампаздық үлгілерін, табиғат пен қоғамдық ортаны меңгерудің ұғымды тәсілдерін, білім беру мен тәрбиелеудің ұлттық бітімдерін, көркем өнердің құнды туындыларын, әртүрлі идеяларды т. б. қамтиды. Мыс., қазақтың мәдени Г-да скиф-сақтардың аң стилі, әскери демократияның далалық үлгілерінде қалыптасқан бірегейлену мен ынтымақтастықтың айрықша формалары, ортағасырлық түркі даналарының парасаттылық өрісі, эпос- жырлардағы отансүйгіштік сарындар, суырып салма ақын-жыраулардың өнер жетістіктері, сөз мәдениетінің биік тұлғалары – билердің шешендік өнері т. б. терең ұялаған.


ГЕНОЦИД (грек. Genos – тек, қауым, лат. сaedo – өлтіремін) – нәсілдік немесе этностық басымдылық пен жеккөрушілікті желеу етіп, адамдық бірлестіктерді жою әрекеттері. Нәсілдік Г. адамзат тарихында ақ нәсілдің айрықшылығы және үстемдігіне негізделген ұстанымдарды бас- шылыққа алып, Американың байырғы тұрғындары үндістердің бірталай бөліктерін құртып жіберу әрекеттерінде, негрлерді құлдыққа сатып, оларды туған жерлерінен аластату қимылдарында, Гитлердің «арийлік нәсілдің» үстемдігін орнату мақсатындағы еврейлерді қудалауында және т. б. көрініс


168

тапты. Г-тің негізі – этностарды «адамдар» және «адамсымақтардан» деген принцип бойынша алалау. Этникалық Г-тің мысалдарына қазіргі заманда да кездесетін әртүрлі «этникалық тазартулар» мен ұлтаралық соғыстар жатады. Г. этникалық емес негізде де жүзеге асуы мүмкін. Мыс., Камбоджадағы пол- потшылардың халықты өлтіру зұлымдықтары. Қазақ халқы да өз тарихында бірнеше Г-тік зұлымдықтарды басынан өткізді (XVIII ғ., XX ғ-дың 30 ж-нда). Г. қазіргі әлем мәдениетіндегі басты құндылықтардың бірі болып есептелетін күш көрсетпеу принципі бойынша қатты айыпталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   571




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет