Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет175/571
Дата01.05.2022
өлшемі1,5 Mb.
#141614
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   571
Байланысты:
treatise187525
1-практика. Оқиғаларға амалдар қолдану. Комбинаторика элементтері.
ГЕНДЕРЛІК ЗЕРТТЕУЛЕР – қоғамдық құбылыстар мен өзгерістерді пайымдау үшін гендер деген әлеуметтік жыныс ілімінің танымдық мүмкін- діктерін пайдаланатын пәнаралық білім. Г.з. 1960 жылдардағы АҚШ феми- низм қозғалысының қатты дамуына байланысты қолға алынған. Сондық- тан алғашқы зерттеулер «әйелдік зерттеулер» (women’s studies) болған. Мұндай зерттеулердің кең тарағаны сонша енді еркектердің құқықтары мен ерекшеліктерін қорғау үшін «еркектік зерттеулер» (андрология) қажет болды. Сөйтіп, 70-жылдардан 80-жылдарға дейін зерттеу бағыттары күрт өзгерген.
Қазіргі кезде гендерлік зерттеулер әйелдер мен ерлердің әлеуметтік- экономикалық, саяси және мәдени мәртебесін, гендерлік рөлдері мен ген- дерлік қарым-қатынасын зерттеуді қамтиды. Қоғамдағы гендерлік қаты- настарға ықпал ету жөніндегі саясатты, стратегиялар мен бағдармаларды әзірлеу мен жоспарлау үшін ақпарат беру.


ГЕНЕАЛОГИЯ – туысқандық қатынастарға негізделген, шыққан арғы тектен бастау алатын ұрпақтар сабақтастығын білдіретін ұғым. Г. жай хронология немесе ата-бабалар аттарының жалаң тізімі емес, ол нақ- тылы адамдардың тек өзінің жақын тегін біліп қана қоймай, сонымен бір- ге бүкіл этноспен табиғи байланысын және рухани тұтастығын сезінуге бағытталған. Г. тек адамдардың туысқандық-тектік бірлестіктерін ғана сипаттамайды. Мыс., тілдік байланыстарда «Г. ағашы» тәсілі қолданылып, тілдік шоғыр, топ, бөліктер айқындала алады. Айталық, қазақ тілі Алтай тіл шоғырындағы түрік тобы, қыпшақ бірлестігіне жатады. Г. принципі қазақтың дәстүрлі мәдениетінде кең қолданыс тапқан. Жеті аталық үрдіс- ке негізделген туысқандық қатынастар бүкіл этносты біріктірген («қарға тамырлы қазақ»). Қазақ мәдениетіндегі Г-лық принцип әрбір адамды қауыммен тұтастырып тұрған әлеуметтік тетік қызметін атқарған. Г-ның


165

қазақ өміріндегі нақтылы көрінісіне шежірешілдік жатады. Шежіре, әдетте,


«Г. ағашы» принципі бойынша құрылып, онда бүкіл этностың арғы тектері анықталған. Орталық Азия халықтарының ең белгілі шежірелеріне жата- тындары: «Түрік шежіресі», «Моңғолдың құпия шежіресі», «Әбілғазы- Баһадүр-ханның шежіресі», Ұлықбектің «Сұлтандар шежіресі», Ш. Құдайбердіұлының «Түрік, қырғыз-қазақ һәм хандар шежіресі» және т. б. Ислам діні қуат алғаннан кейінгі қазақ арасындағы шежірелерде арғы текті Адам атадан бастау да дәстүрге айналды. Сонымен қоса қазақ мәде- ниетінде субмәдениеттерге қатысты Г-лық құрылымдар да кездеседі: Үш жүздің шежіресі, қожаның шежіресі, төренің шежіресі, төлеңгіттің шежіресі, сунақтың шежіресі, ноғайдың шежіресі және т. б.


ГЕНЕЗИС (грек. Gеnesіs – пайда болу, қалыптасу) – генетикалық- диахрондық әдістемеде дамушы құбылыстың, нәрсенің, болмыс бітімде- рінің бастапқы кезеңі, шығу тарихы, қалыптасу сатылары. Г. ұғымы мәде- ниеттану ілімінде кеңінен қолданыс табады. Тарихи мәдениеттануда тарихи-мәдени типтердің қалыптасуына үлкен мән беріледі. О. Шпенглер, Н. Данилевский, А. Тойнби оқшау мәдени типтерді зерделегенде, олардың бастапқы қалыптарын талдау нәтижесінде алынған ерекшеліктерінен кейінгі даму бағыттарын айқындайды. Мифологиялық санада Г. хаостан (ретсіздіктен) гармонияға (үйлесімділікке) өту ретінде қарастырылады. Антикалық мәдениетте Г. табиғи және әлеуметтік нақтылы болмыс бітім- дерінің қалыптасуы түрінде зерделенген (Логос, атом, стихиялар, субстрат пен субстанция ). Жаңа заманда Гердер, Кант, Гегель және т. б. Г. ұғымын жалпы даму ілімінің аумағында қарастырады. Эволюциялық теорияның қалыптасуы Г. ұғымын жан-жақты толықтырды. К. Юнг Г. ұғымын даму- дың бастапқы үлгілері-архетиптер тұрғысынан зерделейді. Феноменоло- гияда ғылыми зерттеудің статикалық және генетикалық әдістемелері негіз- деледі. Қазіргі мәдениеттануда құрылымдық-синхрондық зерттеулердің генетикалық-диахрондық ізденістермен бірге жүгізілуі маңызды әрі нәти- желі болады деп ессптеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   171   172   173   174   175   176   177   178   ...   571




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет