Әдебиет: ХХ ғ. философия. Әлемдік энциклопедиясы. – Москва-Минск,
2002.
ДЗЕНДІК ОЙЛАУ – будда дінінің бір тармағы дзен-будданың негізінде қалыптасқан ұғым-термин. Дзен-будда классикалық үнді буддасының Қытайға, одан Жапонияға өткен түрі. Оның идеясы – адамның өмір сүруінің, жалпы табиғатының ішкі әлемінде өтіп жатқан үдерісімен байланысқа түсу арқылы тану. Д. о-дың негізгі мақсаты сананы сәулелендіру, оны «сатори» деп атайды. Д.о. аналитикалық, логикалық ойлау жүйесіне қарама-қарсы санаға инстинкті түрде ықпал ету деп аңықтама беруге болады. Д.о. бағыты, оның мәселесі әр қырынан К. Юнг, Д. Судзуки, т. б. ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған.
Достарыңызбен бөлісу: |