Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті


Әдебиет: Философиялық энциклопедиялық сөздік. – М., 1983



бет230/571
Дата01.05.2022
өлшемі1,5 Mb.
#141614
1   ...   226   227   228   229   230   231   232   233   ...   571
Байланысты:
treatise187525

Әдебиет: Философиялық энциклопедиялық сөздік. – М., 1983.


ДИАЛЕКТИКА (грек. dialektikē – әңгіме-дүкен құру, пікір жарыстыру, айтысу өнері) – болмыс пен танымның қалыптасуы мен дамуының ең жалпылама заңдары мен заңдылықтары туралы ілім және соған негізделген шығармашылық ойлау әдісі. Д. сондықтан философиялық теория, әдіс және ғылыми танымның, жалпы шығармашылық іс-әрекеттің әдіснамасы болып табылады. Д. ұстанымдары дүниетанымының да негіздерін құрай- тындықтан, оның теориялық, методологиялық және дүниетанымдық қыз- меттерінің біртұтастығы анықталады. Д-лық ойлау көне грек философы Гераклиттен бастау алып, Платон мен Аристотельдің ілімдерінде антикалық Д. деп аталатын өзінің тарихи алғашқы формасына енеді. Мұнда Гераклиттің: «Бәрі де ағады, өзгереді, бір өзенге екі рет кіруге болмайды» деген атақты ой-тұжырымы мен Логос идеясын, элейлік Зенонның қозғалысқа тән қайшылықтарды айқара ашқан априорияларын, «Д.» терминін алғаш енгізген Сократтың софистерге қарсы күресе отырып, ақиқатқа жету жолы қарама-қарсы пікірлердің диалог (сұрақ- жауап) түріндегі тоғысуында жатқанын, сондықтан қайшылықсыз адам ойының дәрменсіздігін көрсетуін атап өткен жөн. Платон өз шығармаларын негізінен осы диалог формасында жазып, идеялар дүниесін танудың әдісі ретіндегі Д-лық ойлаудың ғажайып үлгілерін жасап берді. Аристотель өзіне дейінгі философия тарихын тұтастай қорытып, Д-лық ойлаудың категорияларын тізбектеп, олардың алғашқы кестесін құрды. Аристотельдің Д-сы идеялар дүниесін ғана емес, ең бастысы реальдық дүниені танудың әдісі ретінде материя мен форманың, мүмкіндік пен шындықтың, болмыс пен болмыс еместің арақатынасын түсіндіруге бағытталады. Д. толық түр- дегі тарихи екінші формасы классикалық неміс философиясында қалып- тасады. Мұнда алдымен И. Канттың зерденің (антиномиялары туралы ілімін атауға тиіспіз: зердесі ақиқатты тануға ұмтылысында қажетті түрде шешіл- мейтін қайшылықтарға, антиномияларға кезігеді, содықтан «өзіндік заттар» дүниесін танып-білу мүмкін емес. Кант ғылыми-теориялық танымның (математиканың, физиканың, космологияның) мүмкіндіктерін зерделеп, оларды ойлаудың априорлық формалары ретіндегі категориялармен ұштас- тырады да, 12 категорияны логикалық түрде жіктеп, кестесін жасайды. Канттың іліміне сүйенген Гегель Д-ны объективтік идеалистік тұрғыдан әрі дамытып, оның теориялық құрылымын мейлінше жетілдіріп, категория- лардың тарихи және логикалық тұрғыдан негізделген өз заманына сай ғылыми жүйесін тұрғызады. XIX ғ. соңы мен XX ғ. батыстық философия дамуында Д-лық идеялар әртүрлі деңгейде және бағытта қолданыс тауып, экзистенциалдық Д. (Ж.-П. Сартр), негативтік Д. (Т.В. Адорно), герме- невтикалық Д-ның көптүрлі плюралистік нұсқалары дүниеге келтірді.
XX ғ. 50–60 жж. бастап кеңестік философияда жаңа даму дүниеге келіп,
Э.В. Ильенков, Б.М. Кедров, М.М. Розенталь, П.В. Копнин, В.Ф. Асмус, Е.П. Ситковский, Г.С. Батищев, В.С. Библер, В.С. Швырев сияқты белгілі ғалымдар Д. теориясын дамытуға айтарлықтай үлес қосты. Осы бағыттағы зерттеулер легі академик Ж.М. Әбділдиннің басқаруымен Д-лық логиканың Қазақстандық мектебінде XX ғ. 60–90 жж. табысты жүргізіліп, нәтижелері төрт томдық «Д-лық логиканың», екі томдық «Д-лық логиканың тарихы» сияқты монографияларда қорытындыланды.
Әдебиет: Абдильдин Ж. Сочинения в пяти томах. – А.: Өнер, 2000–2001.; Диалектическая логика. В четырех книгах. – Алма-Ата: Ғылым, 1995–1997.; История диалектики. В 2-х кн. – Алматы: ИФиП МОН РК, 2000.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   226   227   228   229   230   231   232   233   ...   571




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет