Әдебиет: Парнюк М.А. Принцип детерминизм в системе материалис- тической диалектики. – Киев: Наукова думка, 1972; Сабитов М.С. Диалектика необходимостиислучайностивквантовоймеханике.–Алма-Ата:Ғылым,1974. ДЖЕМС Уильям (1842–1910) – амер. психологі және философы, прагматизмнің негізін салған. Метафиз. тәсілдің негізсіз екенін ұғына отырып, Д. оған диалектиканы емес, иррационализмді қарсы қойды. Д.
«сан ағысы» ретінде қарастырған психикалық зерттеулерінде ырықтылық және эмоциялық негіздердің рөлін баса көрсетті. Ақиқаттың объективтік ұғымын прагматиктік пайдалы әрекет, мүдделерге сәйкестік ұстанымымен алмастыра отырып, Д. дәлелдеуге және ғыл. негіздеуге болмайтын наным құқын қорғады. Д-тің «радикал эмперизмі» іс жүзінде нақты шындылықты
«таза тәжірибеге», санаға субъективтілікпен телу деп, ал «бейтарап монизмі» материя мен рухты нақты сол «тәжірибенің» екі жағы деп қарайды. Д. дінді қорғады және Нью-Йоркте өзі құрған мистикалық «тәжірибені зерттеу» жөніндегі арнаулы ұйымға белсене қатысты.