Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті



бет34/571
Дата01.05.2022
өлшемі1,5 Mb.
#141614
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   571
Байланысты:
treatise187525
1-практика. Оқиғаларға амалдар қолдану. Комбинаторика элементтері.
АЛГОРИТМ (Орта Азия математигі әл-Хорезмидің арабша есімі- нің латынша algorithmi деп берілуінен шыққан) – бастапқы берілген мәлі- меттермен бір мәнде анықталатын нәтиже алу үшін қай амалды (жұмыс- ты) қандай ретпен орындау қажеттігін белгілейтін есептерді (мәселелерді) шешу (математикалық есеп-қисаптарды орындау, техникалық объекті- лерді жобалау, ғылыми зерттеу жұмысын жүргізу, т. б.) тәсілдерінің дәл сипаттамасы.
Әдебиет: ҚҰЭ. Т. 1. – 258 б.


АЛҒАШҚЫ САПАЛАР – Р. Бойль мен Дж. Локк енгiзген ұғым. Таным теориясының негiзгi ұғымы ретiнде А. с. жайындағы iлiмдi жасаған Дж. Локк болды. А. с. затқа тән және оның объективтiк сипатта болатын қасиеттерi (қозғалыс, тыныштық, өткiзбеушiлiк, фигура, ұзақтық). Механикалық материализм затқа тән кеңiстiк және уақыт тұрғысындағы сападан басқа сапалардың барлығын бекерге шығарады. Локк барлық сапаларды алғашқы және туынды деп екiге бөлдi. Туынды сапалар затқа тән емес, субъективтiк елес, қиял ғана, шындық дүниеде болмайтын, субъективтiк сипаттағылар
– түс, иiс, дәм, дыбыс. Туынды сапалар адам санасына және оларды қабылдаушы субъектiге толық тәуелдi. Барлық сапаларды алғашқы және туынды сапа деп, объективтiк және субъективтiк деп бөлу, сөйтiп, оларды бiр-бiрiне қарсы қою – Локк материализмiнiң үлкен олқылығы. Өйткенi сапа мен сан арасындагы байланыс бұл ұғымнан әлдеқайда күрделiрек. Барлық сапалар объективтi. Сапа заттың iшкi айқындығынан, сезiмдiк сипаттарының, қасиеттерiнiң тұтастығы мен жиынтығынан көрiнедi. А. с. жайындағы Локктiң iлiмi кейiннен Беркли, Мах, Авенариустың және Юм мен Канттың таным теорияларына арқау болды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   571




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет