Әдебиет: Қазақ халқының философиялық мұрасы. Т. 19. Философиялық антропология. Мәдениет философиясы. Дін философиясы. Аударма, 2006; ҚҰЭ. Т. 1. – 322 б.; Философия. Энциклопедический словарь. – М., 2004. – С. 27.
АЛЬТРУИЗМ (франц. altruіsme, лат. alter – басқа) – басқаның мүдде- лері үшін өзімшілдікті тежеп, оған жанқиярлықпен қызмет етуге дайын- дықты білдіретін ізгілік принципі. Ғылыми қолданысқа А-ді эгоизмге қарсы ұғым ретінде О.Конт енгізген. Эгоизм мен А-нің арақатынасы бүкіл этика тарихында арқау болған мәселелердің біріне жатады. «Егер мен өзім үшін болмасам, онда кім мен үшін?», «Мен басқа үшін емес өзім үшін өмір сүргім келеді» деген дұрыс мағынадағы өзін сүю А-тік қағидалармен толықтыры- лып отырылу қажет. «Егер мен тек өзім үшін болсам, онда менің керегім де жоқ», – дейді альтруист. Шынайы А. руханилықпен, басқа адамдардың қасиеттілігін мойындаумен, басқаға деген жылылықпен сомдалып отырады. А. принципі адамгершіліктің алтын ережесінде тұжырымдалған: «Өзіне не тілесең, басқаға да соны тіле!». А-нің таза көрінісіне аналық махаббат жатады. Қазақтың дәстүрлі мәдениетінде А. кісілік қасиеттермен, басқаға деген жылы көңіл-күймен, сұхбатшылдықпен т. б. анықталады. Ұлы Абай айтқандай, «Махаббатпен жаратқан адамзатты, Сен де сүй сол Алланы жаннан тәтті». Шынайы А. өмір ләззаттарынан бас тарту да, аскетшілдік пен тақуашылдық та емес. Қазіргі әлемдік мәдениеттегі бейбітшілдік, келісім- дік, күш көрсетпеу, әмбебаптылық пен жалпы ғаламдық приоритеттер идеялары А-ның жаңа қырларын айқындайды.
Достарыңызбен бөлісу: |